ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Á ³ ë ³ ì áåðó ìýñåëåëåð ³
¹ 2 ( 2 ) 2015
Мақала Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің түзету мекемелерінде жұмыс жасайтын кешкі мектептердің жағдайында жазасын өтеуші тұлғаларға білім берудің мәселелеріне арналған . Автор сотталған адамдарды түзету үдерісіндегі кешкі мектептердің атқаратын рөлі туралы сөз қозғай отырып , пенитенциарлық мекемелердегі білім беру жүйесін реформалау қажеттігі туралы ой қозғайды . Сонымен қатар автор кешкі мектептерде білім алушылардың оқуға деген ынтасын оятудың әдістеріне қатысты өз ойларымен бөліседі .
ҚҰРМАНҒАЛИЕВ САМАТ МҰРАТБЕКҰЛЫ
Семей қаласындағы "№ 2 кешкі мектебі " КММ тарих және география мұғалімі
Статья посвящена вопросам обучения лиц , отбывающих наказание за совершенные преступления в условиях вечерних школ , действующих в исправительных учреждениях уголовно-исполнительной системы Казахстана . Автор затрагивает тему о роли вечерних школ в процессе исправления осужденных лиц и говорит о необходимости реформирования системы образования в пенитенциарных учреждениях . Также автор делиться своими мыслями о методах мотивирования учащихся вечерних школ .
The article deals with training of persons serving sentences for crimes committed under evening schools operating in correctional institutions of the penal system in Kazakhstan . The author touches on the role of evening schools in the process of correcting the convicted persons and talks about the need to reform the education system in prisons . The author also shares his thoughts on the methods of motivating students of night schools .
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Біздің елде күндізгі мектептермен қатар түзеу мекемелеріндегі кешкі мектептер де қызмет етеді . Түзеу колонияларындағы жалпы орта мектептер әрқашанда кешкі білім беру жүйесіндегі ерекше буынын құрайтын . ҚР ҚАК 30 жасқа толмаған сотталғандарға негізгі жалпы орта білімді алуды міндетті етіп бекіткен . Сондықтан түзеу колонияларындағы кешкі мектептерінде , заң бойынша 18 бен 30 жас аралығындағы тұлғалар білім алады . Сонымен қатар өз өзтініштері негізінде 30 жастан асқандар да мектепке қабылданады . 2003 жылдың 1- қыркүйегінен ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде 7 кешкі мектеп жұмыс жасайды . Оның ішінде ТК-35 мекемесіндегі № 2 кешкі мектебінде 2014 жылдың 1- қыркүйегінде 91 оқушыны құрады . Біздің қоғамда сотталғандардың білім алуы әр түрлі бағаланады . Қылмыскердің білімін көтеру еш бір қажеті жоқ деушілері де бар . Шамамен бас бостандығын шектеу мекемелерінен босап шыққандардың 70 % қылмыс жасап қайта сотталады . Сонымен қатар мектептер колония әкімшілігіне көптеген қиыншылықтар туғызады . Мәселен , сотталғандар жұмыстан қол үзуге мәжбүр болады , педагогикалық құрамға тұрақты қауіпсіздік жасау үшін бақылаушылар тобын бөліп , бақылау пунктін орнатуы керек , және мектепті қаржыландыру да оңай шаруа емес . Мектептің жабылуы түзеу мекемесі әкімшілігін көптеген қосымша шаруалардан босататын еді .
Ал , келесілері сотталғандар білім алу тиіс деп ойлайды . Мектеп олардың ойынша өмірде шалыс басқандардың өмірге , құндылықтарға деген көқарасын коррекциялайтын , ресоциализация өтетін мекеме . Ресоциализация - бұл қайта социализация . Оның әсерімен индивидтің құндылықтары , мақсаттары , қоғамдық нормалары өзгереді . Білімнің жоқтығы көп жағдайда адамның қылмыс жасауының себептерінің бірі болып келеді . Сол себепті қылмыстық-атқару жүйесінің даму концепциясында бас бостандығын алғаннан кейінгі кезде қоғамға еркін кіру үшін сотталғандардың ресоциализациясын қамтамасыз ету үшін бас бостандығы шектелген сотталғандармен педагогикалықпсихологиялық жұмысын күшейтуді алдына міндет етіп отыр . Кешкі мектептер түзеу мекемелерінде қызмет жасап
келе жатқанына біраз болды . Бірақ сотталғандармен педагогикалық жұмыс кезінде мұғалімдер үшін көптеген қиындықтар туындайды . Сондай қиындықтардың бірі , халықтың криминогенді тобы бір жерде жиналуы себепті теріс орта әсері . Ол қылмыстық әлемнің дәстүріне негізделген тұлғааралық қатынастармен өмір сүреді . Колонияда физикалық түрде өмір сүре алудың жалғыз амалы болып отырған қылмыстық тәртіпті барлық сотталғандар қатаң сақтайды . Ал қылмыстық әлемде мектепке бару көбіне қолдай берілмейді . Соның әсерінде көптеген оқушылар мектепті тастап кететін жағдайлар туындайды . Түзеу мекемелеріндегі режимдік жағдайы да бірқатар қиындықтар туындатады . Үй тапсырмасын орындау жағдайы оқушыларда болмайды . Ішкі тәртіпті бұзғаны үшін қатаң жағдайдағы изоляторға қамалған оқушы белгілі уақытқа мектептен қол үзеді . Сонымен қатар өндірістік аймақтағы жұмыс та , кезекшілік те білім сапасына өзінің кері әсерін тигізеді . Оған қоса сотталғандарға жай уақытта туындамайтын күнделікті өміріндегі ұсақ-түйек келеңсіздіктер туындайды . Мәселен , темекі шегу , шай ішу мүмкіншілігінен айырылмау үшін де мектепке барудан немесе сабақта тапсырманы орындаудан бас тартуға себепкер бола алады .
Білімнің қарапайым деңгейі , нормативті емес лексика - осының бәрі мектептегі білім беру мен тәрбиелеу процесін қиындатады . Білімдерінің төмендігі сонша , оқушылардың көбі өзінің не жазғанын да түсінбейді . Сотталғандардың басым бөлігне басты құндылық көп ақша болып табылады . Оны кез-келген жолмен табуға баратындықтарын да жасыра бермейді . Түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер оқушыларды ынталандыру жағынан да шектелген . Себебі ынталандыру шаралары ( туыстарымен қосымша жүздесу , қосымша " передачаға " рұқсат беру ) мектептегі оқушы жетістігіне еш назарға алынбайды . Сондықтан бұл жағдай да оқушылардың мектепке деген кері көзқарасын қалыптастырады . Осындай қиын контингентпен жұмыс жасау әрине педагогтардың моральды , психикалық , эмоционалдық және әлеуеттік күштерінің мейілінше көп тартылуын қажет етеді . Сондықтан мұғалімнің бар жұмысы
9