ÊÃÓ“ Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò” ¹ 1( 9) 2016
МОЛКАЕВА ЖАНАР БАЙГЕРЕЕВНА
Тәрбиеші, II санатты
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндігінен де болар. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді. Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі. Өндірістік білімге, біліктілік дағдысын қалыптастыру мақсатында оқушыларды ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне еңбек тәрбиесі арқылы еліктіру. Рухани және материалдық қажеттіліктерді адам еңбегімен жасалады. Еңбек үрдісі барысында адам өзі шыңдалады, ол жеке тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан, еңбек тәрбиесінің мақсаты оқушылардың еңбек етуге деген психалогиялық әзірлігіне бағытталады. Негізгі мақсаттар: 1) бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту;
2) сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; 3) қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; 4) адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу. Міндеті: 1. Еңбекке маңызды қоғамның міндеті ретінде қарау. 2. Кез-келген еңбек түріне жауапкершілікпен, Еңбеке және оның нәтижесіне құрметпен қарау, ұжымшылдық.
Мақалада бастауыш мектепте оқушыларды еңбекке баулу мәселелері қарастырылған. Оқушылармен жұмыс барысында пайдаланылатын дидактикалық материалдар талданған.
В статье рассматривается роль трудового воспитания в начальной школе. Описаны основные дидактические материалы в работе со школьниками.
The article examines the role of labor education in elementary school. The author describes basic teaching materials in the work with students.
БАҒДАРЛАМА " ЗАМАНАУИ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛУІ СӘТТІ БОЛУ ҮШІН ТҮЗЕТУ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ ''
3. Жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту; 4. Еңбеке үнемі ынта, ықылас білдіру, белсенділік, шығармашылық көзқарас таныту. 5. Өзінің ой-өрісіне және физикалық күшіне жүгіне отырып, жұмыс атқаруға ұмтылу. 6. Ғылыми принциптерге сүйене отырып еңбек етуге талпыну; 7. Еңбектің адам өмірі сүруі үшін негігі қажеттілікті саналы түрде қабылдау.
Еңбекке үйретудің теориялық негіздері мен тәжірибесі. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке үйрету мен тербиелеудің әдістемесі. Бастауыш сыныптағы еңбекке үйрету оқу пәні және оны тәрбиелеуді ұйымдастыру. Еңбекке үйретудің мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы( білім беру, дамыту, тәрбиелеу).
Оқушыларды еңбекке психологиялық және тәжірибелік даярлау. Еңбекке үйретудің мазмұны.
Еңбекке баулу бағдарламасының құрылымы. Еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктері. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімдеріне, біліктеріне дағдыларына бағдарламалық талаптарды зерттеу( міндетті және мүмкін боларлық деңгейлер). Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер. " Еңбекке баулу " оқу пәнінің мазмүны томендегідей бөлімдерді қамтиды: Техникалық еңбек. Қағаз, қатырмақағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жүмыс. Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолонер бүйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер( геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру. Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды қүрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қоддану. Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің( сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту. Бүл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы " Еңбекке баулу " пөнінің бағдарламасында " Дизайн " болімі енгізілмеген, соңдай-ақ " Техникалық еңбек " боліміңде ағаш және сымтемірмен жүмыс істеу түрлері козделмеген. Тәрбиелей отырып үйрету( эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени
77