¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы- бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері- шебер, суретші, сәулеткер және т. б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т. б. әдістәсілдерді көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру- олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады. Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын( сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т. б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін( қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т. б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады. Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.
" Еңбекке баулу " оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы кескіндеме, мүсіндеу, керамика, көркем кестелеу, тоқу, құрастыру және заманауи көркемдік материалдармен жұмыс жасау технологиясын тереңірек оқытып, үйрету үшін және " Мәдени мұра " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей қосымша сабақтарды ұсынуға болады: 1 сыныпта: " Түрлі-түсті әлем ", " Туған өлкенің сұлу табиғаты ", " Әсем қала-Астана ". 2 сыныпта: " Өнер мұражайлары ", " Көне ескерткіштер ". 3 сыныпта: " Халық қол өнер шеберлері ", " Шебер қолдар ". 4 сыныпта: " Әсемдік әлемінде ", " Дизайн ", " Мемлекеттік рәміздер ". Болжамды нәтижелері: 1. Бастауыш мектептің бастауыш сыныптарын еңбекке оқыту теориясы және технологиясы жұмысының мазмұнның нақты мәселелерін оқыпүйрену барысында оқушылардың іс-әрекетін басқаруға жағдай туғызатын әдістемелік тәсілдермен.
2. Бастауыш мектепте еңбекке оқыту теориясы және технологиясы оқулықтарымен жұмыс істеу барысында өзіндік бағыт-бағдары болуы және ондағы тапсырмаларды тиімді пайдалана білулері тиіс. 3. Кіші жастағы мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселені түсіндіру үшін әр түрлі дербес әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалана алулары тиіс. 4. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін( әдістер, құралдар, формалар) таңдай және негіздей білу; білік, дағдыларды меңгеру барысында бастауыш сынып оқушылары алдында кездесетін қиындықтарды алдынала көре білулері тиіс.
5. Қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстыра білумен, олардың сәйкестігін( оқушыларды байқау, олармен әңгімелесу, тексеру жұмыстарының нәтижелері негізінде) бағалай білумен және осы бағалауды ескере отырып, оқытуды әрі қарай жоспарлай білумен байланысты кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс. 1. Ұлттық сәнді- қолданбалы қолөнер. Мақсаты: Қазақ халқының сәнді қолданбалы қолөнері( қазақ халқының тұрмысы, үй мүліктері, киім кешектер, ыдыс аяқтар, жиһаз). Бастауыш мектептің еңбекке үйрету сабақтарындағы қазақ халқының сәнді- қолданбалы өнеріндегі ою- өрнектердің мәне мен түрлері. Қазақ халқының ою- өрнегінің шыгу тарихынан жалпы мағлумат. Қайшымен геометриялық оюларды кесу тәсілі. Сәндік- қолданбалы өнердің теориялық негіздері. Қазақтың сәндік- қолданбалы өнердің түрлері: ағашты, сүйекті оюлау, соқпалау( чеканка), теріні бедерлеу, қыш бұйымдары, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік бұйымдар, кестелесу және басқалар. Ою-өрнек салу. Ою-өрнектің типтері мен түрлері( геометриялық, өсімдік және зооморфтық, солярлы және астральды ою белгілері). Оюларды стильдеу, симметрия, ырғақ. Оюлардың орындау реті. Клемді, кеңістікті сәндік- безендірудің заңдылықтары( киіз үй, жиһаз, кілем, ыдыс). Басқа халықтардың ұлттық өнерімен таныстыру;
Балалардың қимыл- қозғалыстарын дамыта отырып, еңбекке баулу, саусақ жаттығуларын кеңінен пайдалану, сурет салу, қию, жапсыру жұмыстарына баулу;
2. Мүсін. Қазақстанның ежелгі мүсін ерекшеліктері. Осы заманғы мүсін. Шағын көлемді мүсін. Ұзақ пластика. Көлем, форма, пропорция, пластика. Бастауыш сыныптардағы мүсіндеудің әдістері. Сюжеттік мүсіндеу
Мақсаты: балаларды, бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшекетермен толықтыруға( тұмсық, көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру; Балалардың қимыл- қозғалыстарын дамыта отырып, еңбекке баулу
Саусақ жаттығуларын кеңінен пайдалану;
78