EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 76

¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
2." САЛАТ " Сәбізді алып тазалаймыз( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз( екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды) Қанттай сеуіп дәмдейміз( саусақтардың ұшымен қант себеді) Қаймақ құйып сәндейміз( қолды жұдырыққа түйген күйі( қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды) Міне, дайын нәр тағам-( екі қолын алдына жайып көрсетеді) Дәруменге байыған( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді) 3." ҚОЛТЫРАУЫН " Қолтырауын қонақ күтуде( екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады) Тістері тура шегедей( саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетң үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете " қолтырауынның аузын ашқан сияқты " ашып-жабады) Бұл жерден қой өтпеді ме?( қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді) Деп сұрадым ойын білмекке( алақандарын бір-біріне ысқылайды) Ал ол болса тымпиып жатыр( көздерін қысады) Көзін қысып қылқиып жатыр 4." КІМ КЕЛДІ?" Қане, қане кім келді?( екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады) Біз, біз, біз!( екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сіз бе?( екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады) Иә, иә, иә!( сұқ саусақтарының ұштарын соғады) Әке, әке, бұл сіз бе?( екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә!( ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады) Ағатайым, бұл сіз бе?( екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә!( аты жоқ саусақтардың( шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сіз бе?( екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә!( кішкене саусақтардың ұштарын соғады) Біздер тату жанұя( барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады) Иә, иә, иә!( алақандарымен шапалақтайды)
5." ТОРҒАЙ " Саусақтары бас Алақан қанат( алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау) 6." ҮКІ " Орманда қараңғы( екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады(" Орман "))
Бәрі-бәрі ұйқыда( алақандарын беттестіре жақтарына таянып(" Ұйқыға кетеді ")) Үкі ғана ұйықтамапты( бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды(" Үкінің көздері ")) Маңғазданып отыр қатты( қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді(" Маңғаз үкі ")) Әрі-бері отырды да( қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады) Қараңғыға қанат қақты 7." МЫСЫҚ " Мысық біздің саққұлақ Тышқанды жақсы есту үшін бірақ( ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды) 8." ҚАЗ " Қаз тоқтамай қанқылдайды Жақындасан шымшылдайды( білек тік, алақан түзу. Сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі. Барлық саусақтар бір-біріне жабысып тұрады) 9." ҚОРАЗ " Қораз, қораз қоқылдақ Ерте тұрар қоқылдап Алтын айдар басында Ән салар үй қасында( алақан үстінде, сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі, қалған саусақтардың аралары ашық үстіге қарайды) 10. " ДОП " Он, тоғыз( алақандарымен шапалақтайды) Сегіз, жеті( отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады) Төрт, үш( алақандарымен шапалақтайды) Екі, бір( отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады) Доп ойнайық( алақандарымен шапалақтайды) Кел, жүгір( қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады) Тек білейік( әр сөз ырғағымен шапалақтайды) Анық нық( әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады) Допты алып қашқан( отыра қалады) Кім қумақ?
1. " СӨЗДЕР " 1-2 деп санаймыз( саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды) Әріптен сөз құрамыз( барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді(" күн " жасайды) Күн- шуақты сөз екен( бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге " құлақ " жасайды) Мысық-құлақты сөз екен( сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды " мұйіз " жасайды. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)
Сиыр-мүйізді сөз екен( екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен " қарбыз " жасайды) Қарбыз-жолақты сөз екен 2. " ШАЯН МЕН МЫСЫҚ " Тасасында көпірдің( сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап " көпір жасайды ". " көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай " көп аяқты шаян сияқты " жыбырлатады)
Кәрі шаян тұрыпты( алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді) Көпірден өткен мысықтың( иықтан төмен " жүгірген " саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)
74