ÊÃÓ “Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò”
-әр баланың қасиеттерін ескере отырып, өзін
қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген
қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Саусақ жаттығуларының мағынасы туралы
кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар
жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін
дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты
саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына
және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына
көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап
шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу
лексикасының, сөздердің өзара байланысының
(диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.)
шыңдалуына себепші.
Бұл жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу,
сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде?
Балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың
икемділігін арттыру миында саусақ қимылына және
сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын
орналасқан. Ұсақ моторик аға әсер ете және оны
белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап
беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологтарының мақсаты -
ата - аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының
маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және
жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді
ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін,
тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе
мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі
жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы
керек.Ұсақ моторик аның қимылдары мен қолдың
икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін
көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу
туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге
болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін
немен түсіндіруге болады. Ертеде ата - аналарда
мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар
осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін
нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторикалық
артта қалушық байқалады екен. Мысалы қазіргі бала
балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау
байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық
туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата-
аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп
нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б.
Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы қол ұсақ моторикасының дамуының аздығын,
соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей
келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын
еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі
анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды
шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса,
онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ
моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке
барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк.
Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге
келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі
керек.Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу,
қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала
қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді
ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық
болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің
дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын -
жаттығуларын ерте жастан бастаған дұрыс. Ұсақ
моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте
тиімді. Мысалы, бала