¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
Мақалада саусақ ойындары мен олардың балалардың сөйлеу қабілетін дамытудағы рөлі қарастырылған. Мақала ұстаздар мен педагогикалық мамандық студенттерінің назарына ұсынылады.
Әдістемелік құралды бастауыш сынып тәрбиешілері саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері үстінде пайдалануға болады.
В статье рассмотрены виды пальчиковых игр и их влияние на развитие речи детей. Работа будет интересна воспитателям и студентам педагогических вузов.
ТУРУКПАЕВА ЖАДЫРА УРАЛБЕКОВНА
тәрбиеші
The article discusses types of finger games and their influence on the language development of children. The work will be of interest to teachers and students of pedagogical universities.
" БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРІ- ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ".
" Ойынсыз баланың ақыл- ойы қалыпты дамымайды және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе сияқты, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты ".
В. А. Сухомлинский
Оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Бастауыш сыныпта балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойынбаланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында " Ойнай білмеген, ойлай да білмейді ", " Ойында озған, өмірде де озады " деген 1 аталы сөздер сырына жүгінсек, баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасын береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын
ашады. Педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарымқатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жанжануарларды, құстарды, ағаштарды т. б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойындарының мақсаты:- саусақ ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау;
- балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының ісәрекетін бағалауды, құрметтеуді қалыптастыру. Атқаратын міндеттері:-балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой- өрісін, дүниетанымын жетілдіру;- адамгершілікке баулу, ойын нақты айтуға баулу;- қиялын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;
72