ÊÃÓ“ Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò” ¹ 1( 9) 2016
Тәжірибелік жұмыс № 4: Цилиндр пішіндес затты айналдыра немесе айқастыра жіп орайды. Бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Сосын цилиндр пішіндес затты ақ қағаздың шетіне рамочка жасау үшін әдемілеп бастырып шығады. Ақ қағаз бетінде жіптен әдемі ою пайда болады. 1.5 Бояуды шашырату арқылы сурет салу Керекті құрал- жабдықтар: Тіс щеткасы, гуашь бояуы, қатты қатырма қағаз, тарақ.
Тәжірибелік жұмыс № 1: Щетканың бір ұшын бояуға малып алып, оны ақ қағазға тақатады. Қатты қатырма қағазбен немесе тарақпен щетканың түкшелерін тарай сипап жүргізеді. Бояу ақ қағаз бетіне шашырайды. Осылай жұлдызды аспанды, от шашуды, ағаштарды т. б. бейнелеуге болады.
Керекті құрал- жабдықтар: Тіс щеткасы, гуашь бояуы, кепкен жапырақтар( гербарий), ойық трафарет, қатты қатырма қағаз, тарақ.
Тәжірибелік жұмыс № 2: Ақ қағаздың үстіне кепкен жапырақты( гербарий) немесе кез- келген пішінді бейнелейтін ойық трафаретті қояды. Щетканың бір ұшын бояуға малып алып, бояуды шашыратады. Ойық трафаретті немесе гербарийді алып тастағанда астында із қалады. Оны кейбір жерлерін өздігімен салып аяқтауға болады.
1.6 Саусақпен сурет салу( Саусақтың ізі) Керекті құрал- жабдықтар: Бояу, ыдыс, ақ қағаз. Тәжірибелік жұмыс: Қолды жұдырыққа түйіп, оны бояуға малады. Жұдырықты бояу жақсылап алақанға, қолға жағылатындай етіп, олай- бұлай қозғайды. Жұдырыққа түйілген қолдың сырт жағын ақ қағазға бастырады. Дәл осыдай бірнеше таңбалар салады. Сол сияқты толық алақанмен, бас бармақпен, кішкене саусақпен, саусақтың ұшымен сурет салуға болады. Суреттің кейбір жерлерін қылқаламмен өздігімен салып аяқтауға болады. Кейбір балалар бояудан жейіркеніп, не болмаса қорқып, саусағын бояуға малудан бас тартады. Ондай жағдайда бояудың түсін таңдауда мұқият болған жөн. Алғашқыда сары, көк, жасыл бояуларға саусағын малып, баланың бойы үйренген соң саусақты қызыл бояуға малуға болады. Балалар бояуға алақандарын малып алып, өз қолдарының ізін ақ қағаз бетінде қалдырғанды жақсы көреді.
1.7 Бастыру арқылы сурет салу Керекті құрал- жабдықтар: Бастыруға арналған заттар: табиғи материалдар( дәндер, әртүрлі жаңғақтың қабықтары), қақпақтар, құмда ойнауға арналған ойыншықтар, көкөністер, бояу, ыдыс, ақ қағаз, жұмсақ губка. Тәжірибелік жұмыс № 1: Бұл сурет салу әдісін бірнеше мәрте орындауға болады. Жұмыс түрін керекті құрал- жабдықтарды түрлендіре отырып қайталай беруге болады. Мысалы: Шақыру билеттерін, открыткалар, салфеткалар т. б. суреттерін салып жасап шығуға болады. Жұмсақ губканы кез- келген бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Бастыруға арналған затты жұмсақ губкаға тигізіп, қысамыз, соңынан ақ қағаз бетіне бастырамыз. Қағаз бетінде анық әрі біркелкі із қалады. Кез- келген композицияны құрастыруға болады. Суреттің кейбір жерлерін қылқаламмен өздігімен салып аяқтауға болады. Әртүрлі пішінді ойық конструкторларды бастыру арқылы " Үй " суретін салу.
Керекті құрал- жабдықтар: Бояу, ыдыс, ақ қағаз, жұмсақ губка, қылқалам, картоп. Тәжірибелік жұмыс № 2: " Поезд суретін салу ". Ыдыстағы гуашь бояуына губканы малып, ақ қағазға бастыру арқылы поездың вагондарын салады. Қылқаламды акварель бояуға малып алып, вагондардың астынан бір- біріне паралель екі сызық сызу арқылы поездың жолын салады. Жолдың ортасына қылқаламмен тігінен таяқшалар жүргізу арқылы рельстерін салады. Кішірек картопты алдын ала екі бөлікке бөліп алады. Картоптың екі бөлігін де гуашь бояуына малып алып, бастыру арқылы поездың дөңгелектерін салады.
31