EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 34

¹1 (9) 2016 “Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò" ÊÌÌ 1.8 Майлы қарындашпен( восковой) немесе май шаммен сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Майлы қарындаш (восковой), май шам, беткі бөлігі бүдір трафарет,бояу, қылқалам. Тәжірибелік жұмыс №1 (Көшіру әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына контурлы суретті қояды. Ақ қағаздың үстінен контурдың бойымен май шамды жүргізеді. Соңынан боя уды жағады. Контурлы сурет ақ қағазға көшіріліп шығады. Тәжірибелік жұмыс №2 (Үйкеу әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына беткі бөлігі бүдір трафаретті салады. Ақ қағаздың үстінен май шамды олай - бұлай үйкейді. Соңынан бояумен бояйды. Ақ қағаздың бетіне трафареттегі сурет көшіріліп салынады. Тәжірибелік жұмыс №3 (Үйкеу әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына беткі бөлігі бүдір трафаретті салады. Ақ қағаздың үстінен майлы қарындашпен (восковой) олай - бұлай үйкейді. Ақ қағаздың бетіне трафареттегі сурет салынады. 1.9 Умаждалған қағазбен сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Қағаз, бояулар, қылқалам, ыдыс. Тәжірибелік жұмыс: Таза ақ қағазды умаждап, қайта жазады. Қылқалам және бояудың көмегімен ойына келген суретті умаждалған ақ қағаздың бетіне салады. Бояуды жаққанда, қағаздың умаждалған жерлеріне бояу қоюлау жағылады. Сурет бір қарағанда көз алдыңа мозайканы елестетеді. 1.10 Табиғи материалмен сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Бастыруға арналған заттар: табиғи материалдар дәндер, әртүрлі жаңғақтың қабықтары, кепкен жапырақтар, кішкене бұтақтар, гүлдің қауыздары, шишкалар, ақ қағаз,бояу езуге арналған ыдыстар, бояу, қылқалам. Тәжірибелік жұмыс №1: Табиғи материалды бояу езілген ыдысқа малып алып, оны ақ қағазға жеңіл - желпі бастырады. Қағаз бетінде із қалады. Табиғи материал суретін салатын затына байланысты іріктеледі. Табиғи материалдар дәндер, әртүрлі жаңғақтарды бастыру арқылы "Аралдағы бала" суретін салу. Тәжірибелік жұмыс №2: Ағаштардың, бұталардың кепкен жапырақтарына бояу жағып, оны ақ қағазға жеңіл - желпі бастырады. Ақ қағазда күн, ағаштар, гүлдер пайда болады. Гүлдің қауыздарынан жұлдызшалар, ақшақарлар, бақбақ, шөп жамылған алаңқайларды салуға болады. 1.11 Қолда бар затпен(кішкене шариктермен) сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Қағаз, темір, пластмасса қораптар, кішкене шариктер, әр түсті бояу, ақ қағаз, қылқалам, су. Тәжірибелік жұмыс: Қораптың ішіне ақ қағазды жайып салады. Оған қылқаламмен әртүсті бояуларды тамызады. Сосын қорапқа бірнеше шариктерді салып, шариктер қораптың ішінде олай - бұлай қозғалатындай етіп оны шайқайды. Шариктер қораптың ішінде бояуларды бір - бірімен араластыра жағып, әдемі ою салады дөңгелейді. 1.12 Ермексазбен сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Қатты қатырма қағаз, ермексаз, қарындаш. Тәжірибелік жұмыс: Қатты қатырма қағазға кез - келген заттың суретін қарындашпен контурлап салады. Жұмсартылған ермексазды есіп контурдың бойымен қағазға жапсырады. Балалар асқан қызығушылықпен орындайды. 1.13 Сабын көпіршігімен сурет салу Керекті құрал - жабдықтар: Оргшыны, акварель бояуы, жұмсақ губка, сабын, шампунь, ақ қағаз, қарындаш, қылқалам. Тәжірибелік жұмыс: Жұмсақ губканы сабындап, сабынды езіп аламыз. Оны қатты қысып сығу арқылы сабын көпіршігін ыдысқа ағызып аламыз. Қарындашпен салынған немесе көшірмеге арналған (раскраска) суреттің үстіне оргшыныны қоямыз. Қылқаламмен сабын көпіршігін алып, керекті түсті бояуға маламыз. Сабын көпіршігі керекті түске боялғанша бояуды қылқаламмен араластырамыз. Боялған сабын көпіршігімен шынының астындағы суретті шынының үстінен бояймыз да кептіріп қоямыз. Таза ақ қағазды сәл сулап алып, сулы жағын шынының үстіне 32