¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
Тәжірибелік жұмыс № 2: " Көбелек суретін салу ". Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қарындашпен көбелектің нобайына келтіріп суретін салып, қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда көбелектің суреті пайда болады. Мақта таяқшаны алып, бояуға малып алып көбелектің көздерін, мұртшаларын, қанаттарындағы өрнектерді, көзшелерді салып суретті аяқтайды.
Керекті құрал- жабдықтар: Бояу, қылқалам, ақ қағаз. Тәжірибелік жұмыс № 3: Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жақ бөлігіне орта тұсына таман қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Парақтың бүктеуін біріктіріп, үстінен алақанымен бастырып жүргізеді. Парақтың бүктеуін ашып қарайық: Неткен әдемі, бұл не? Әдемі көбелек пе? Қоңыз ба? Ертегі гүлдері ме? Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.
1.3 Бояуды, тіс пастасын жағу арқылы сурет салу Керекті құрал- жабдықтар: Акварель краскасы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, тіс пастасы.
Тәжірибелік жұмыс № 1: " Қысқы табиғатты салу ". Ақ қағазға қара және қоңыр бояуларды пайдалана отырып, қылқаламмен ағаштың суретін салады. Келесіде ағаштың бұтақтарының үстіне тіс пастасын жағу арқылы ағашқа қонған қардың суретін салады. Жағу әдісі арқылы тіс пастасын қысып, жағып отырып жерде жатқан қарды, ақ қағаздың әр жеріне жапалақтап жауған қарды бейнелейді.
Керекті құрал- жабдықтар: Гуашь бояуы, қылқалам, үлкен ақ парақ, үшберек, жұмсақ губка. Тәжірибелік жұмыс № 2: Жұмсақ губканы бояуға малып алып, ақ парақтың дәл ортасына губканы қатты қысып сығу арқылы бояу тамшысын түсіреді. Балалар сол бояу тамшысын қылқаламмен, жұмсақ губкамен жайып жағу арқылы суретті аяқтайды. Мысалы: сары бояуды қылқаламмен дөңгелете жағу арқылы күннің суретін салуға болады. 1.4 Жіп графикасымен сурет салу Керекті құрал- жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, ақ парақ, жіп. Тәжірибелік жұмыс № 1: Ақ парақты ортасынан бүктейді. Жіптің ұштарын түйіншектеп алады. Жіпті бояуға малып алып, парақтың бір жақ бөлігіне жіптің бір ұшы парақтан шығып көрініп тұратындай етіп орналастырады. Қағаздың келесі бөлігін үстінен бастырып жабады. Парақтың үстінен алақанмен басып тұрып, жіптің бір ұшынан ұстап, екі жаққа қозғайды. Парақты ашып, жіпті алып пайда болған суретті қарайды. Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады. Тәжірибелік жұмыс № 2: Бірнеше жіпті бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Жіптерді ақ қағаз бетіне әртүрлі бағытта орналастырады. Оның үстінен басқа ақ қағазбен жіптердің ұштары көрініп тұратындай етіп жабады. Үстінен жапқан қағазды бір қолмен басып тұрып, бір жіпті, келесісін, тағы сол сияқты жіптерді тартып ала бастайды. Үстінен жапқан қағазды алып, таңғажайып әлемді көруге болады.
Тәжірибелік жұмыс № 3: Ақ парақты ортасынан бүктейді. Бірнеше жіпті бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Жіптерді ақ қағаз бетіне әртүрлі бағытта немесе дөңгелектеп әдемілеп орналастырады. Оның үстінен басқа ақ қағазбен жабады. Қағазды бір қолмен қатты басады. Ақ қағазды ашып, жіптерді бір- бірлеп алып тастайды. Пайда болған суретті қарайды. Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.
30