EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 31

ÊÃÓ “Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò” ¹1 (9) 2016 Мысалы: "Үрлеу" әдісі (кляксография - бояу тамшыларын үрлеп жан - жаққа шашырату, немесе трубочкаға үрлеу арқылы бояуды шашырату) арқылы сурет салу барысында бала дұрыс тыныс алып, дем шығаруды үйренеді. Саусақпен сурет салу барысында баланың саусақ, қол бұлшық еттері дамиды. Бала кейіннен қалам, қылқалам, қарындашты дұрыс ұстай білуге жаттығады. Мұндай әдіс - тәсілдермен сурет салғанда, балалар шатасып кетуден қорықпайды, өйткені, бұл қателікті тез түзетуге болады және де қателіктен жаңа бірдеңе құрастырып шығаруға болады. Бұндай жағдайда бала өзін сенімді ұстап, "ақ қағаз бетінен қорқу" сезімін жеңіп, өзін бір кішкене суретшідей сезіне бастайды. Балада қызығушылық оянып, сурет салуға деген құштарлық пайда болады. Бір қызығы, кез - келген жерде, кез - келген затпен сурет салуға болады! Сурет салуға арналған заттардың әртүрлілігі алдарына жаңа міндеттер қоюға жетелейді, олар өздері бірдеңені ойлап табуға тырысады. Дәстүрден тыс сурет салу барысында бала өзін сенімді сезініп, өзіндік "Мен" -ні оянады. Бұл "Мен", бұл "менің жұмысым",- деген қуаныштың арқасында, өз жұмысына деген қанағаттану пайда болады. 1.Зияты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаға бейнелеу өнері пәнін дәстүрден тыс оқыту. 1.1 Кляксография әдісі Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, сок трубочкасы, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном). Тәжірибелік жұмыс №1: "Ағаш бейнесін салу".Оқушы мұғалімнің көрсетуімен ақ параққа бірнеше қоңыр бояудың тамшысын қыл қалам арқылы тамызады. Оны соктың трубочкасына үрлеу арқылы тамшыны үрлеп жан - жаққа жаяды. Үстінен қыл қаламмен жасыл бояу тамшыларын тамызып, оны да үрлеп жаяды. Мақта таяқшамен жапырақтарды әдемілеп жағу арқылы дөңгелектейді. Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, үшберек. Тәжірибелік жұмыс №2: Ақ қағаздың үстіне қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Үрлеу арқылы бояу тамшыларын жан - жаққа жаяды. Соңынан ақ парақта пайда болған суретті қарайды. Бұл не? От шашу ма? Әлде өрмек тоқыған өрмекші ме? 1.2 Монотипия әдісі Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном). Тәжірибелік жұмыс №1: "Гүл суретін салу". Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы кезекпен тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда гүлдің суреті пайда болады. 29