¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
Мақала арнайы мамандандырылған коррекциялық мектептің бастауыш сыныбындағы оқушылардың сурет салу қабілеттерін қалыптастыруда дәстүрден тыс тәсілдерді қолдануға қарастырады. Арт-терапия түрлері және оны қолданудың ойлау қабілетін дамытудағы рөлі туралы сөз қозғалады.
Статья посвящена вопросам использования нетрадиционных методов формирования навыков рисования в начальных классах специализированной коррекционной школы. Рассмотрены виды арт-терапии и влияние использования данного метода на развитие мышления.
ҚАЙРАНБАЕВА ГУЛШАТ БОЛАТОВНА
Дефектолог мұғалімі
The article is devoted to the use of non-traditional methods of formation of skills of drawing in primary school specialized correction school. He article considers the types of art therapy and the effect of using this method in the development of thinking.
ҚЫСҚАША АНДАТПА: Бұл әдістемелік құрал " Бейнелеу өнері " пәнін оқытуда зердесі жеткілікті дамымаған балаларды қолда бар заттарды қолдана отырып сурет салуға үйрету, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, зейінін, сенсорлық түсініктерін дамыту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету үшін қосымша материал ретінде беріліп отыр. Арттерапия бағытын жұмыс барысында қолдану балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын, әдемілікке деген құштарлығын арттырады. Оларды
Әдістемелік құралда зерде қызметі бұзылған балаларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрден тыс сурет салу әдіс- тәсілдері, практикалық тапсырмалар жиынтығы, керекті құрал- жабдықтары кеңінен сипатталып, тәжірибелік жұмыс мазмұны толығымен көрсетілген. Пікір жазушы: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының " Анатомия, дефектология және физиология " кафедрасының меңгерушісі РһD докторы Кенжебаева Т. Б.
АРНАЙЫ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ҚАРАПАЙЫМ СУРЕТ САЛУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Зерде қызметі бұзылған баланы қалай сурет салуға үйретуге болады? Нақты сурет салумен: зерде қызметі бұзылған бала қылқалам мен қарындашты сенімді ұстай білгенде, қарындаштың өзіне не үшін қажет екенін ұға білгенде, сурет салуға деген қызығушылық пайда болғанда ғана айналысуға болады. Баланы сурет салуға үйретуде бірнеше техникалар бар. Бұл жерде дәстүрден тыс сурет салу техникаларын қолдануға болады. Зерде қызметі бұзылған балаға алғашқы рет бояумен сурет салуды үйреткенде гуашь бояуын қолданған жөн. Гуашь бояуын сумен езудің қажеті жоқ. Гуашь бояуының қалдырған ізі акварель бояуына қарағанда ашық түсті болып келеді. Сол сияқты қарындашпен суретті бояуға бергенде, қарындаш емес, алғашқыда фломастер берген жөн. Зерде қызметі бұзылған балалардың басым көпшілігінің қол, білек, саусақ бұлшық еттері әлсіз келеді. Олар қарындашты саусақтарымен қысып ұстай алмайды. Кейбір зерде қызметі бұзылған балалар қарындашты керісінше қатты қысып ұстайды, бастырып бояйды. Бұл қарындаштың ұшының қайта- қайта сынуына әкеледі. Кейбір балалар мұндай жағдайда ашу шақырады, ызақорланып, жылап, қарындаштарын жан- жаққа шашады. Ал фломастер шамадан тыс күш жұмсауды, қатты бастырып бояуды қажет етпейді. Жай жеңіл- желпі фломастерді жүргізудің өзі ашық түсті із қалдырады. Бала қарындашты, қылқаламды әбден ұстап үйренгеннен кейін, нүктелерді, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салу, штрихтау әдісі, үлгілерді, кеспе үлгілерді, ойық трафареттерді қолдану арқылы сурет салу, қадамдап сурет салу сияқты дәстүрлі сурет салу техникаларын үйреткен жөн. Зияты бұзылған балаға бейнелеу өнері пәнін оқытуда
28 дәстүрлі сурет салу тәсілімен қоса дәстүрден тыс сурет салу әдістеріне де көп көңіл бөлген жөн. Ақыл-ойы кем балаға дәстүрден тыс сурет салуды үйрету барысында қолданылатын көптеген заттар: үлгілер, кеспе үлгілер, трафареттер, бастыру трафареттері, жұмсақ губка, көкөністер, жіп, мақта таяқша( палочки с ватным тампоном), трубочка, тіс щеткасы, тіс пастасы, қатты қатырма қағаз, акварель бояуы және гуашь т. б. олардың қызығушылығын, қиялын арттырады, сенсорлық түсініктерін толықтырады. Ал ақыл- ойы кем балаға дәстүрден тыс сурет салуды үйретуде: саусақпен сурет салу, кляксография, монотипия, жіп графикасы, бастыру арқылы сурет салу( трафарет), қатты қатырма қағазбен сурет салу т. б әдіс- тәсілдер үлкен нәтиже береді.
Тәжірибем көрсеткендей: әртүрлі ерекше тәсілдермен сурет салу және күнделікті өмірдегі тұрмыста қолданатын заттарды сурет салу барысында пайдалану балалардың асқан қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл- күй сыйлайды. Дәстүрден тыс сурет салу балаларды қызықтырып қана қоймайды, балалар үлкен қызығушылықпен сурет салып, өздері ойдан құрастырып, жаңа бір дүние жасап шығаруға тырысады.
Дәстүрден тыс сурет салу барысында бала сурет салуды үйреніп қана қоймайды, оның біріншіден, сөйлеу тілі, ойлау, есте сақтау қабілеттері, қолдың ұсақ моторикасы, зейіні, сенсорлық түсініктері дамиды. Кеңістікті бағдарлай білуге үйренеді. Екіншіден, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, эстетикалық талғамы, әдемілікке деген құштарлығы артады. Үшіншіден, оқушыны бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Бұл оған болашақта оқу- жазу дағдысын қалыптастыруда, дыбыс айтуда, дәптер бетіндегі кеңістікті сақтай білуге көп көмегін тигізеді.