EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 29

ÊÃÓ“ Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò”
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларғ атарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұлойынды ұпай беріп ойнауға болады. " Жалғасын тап " ойыны. Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды. " Сиқырлы қоржын " ойыны. Ойынныңмақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір- бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды. Сұрақтар: Сен қайда тұрасың? Сенің Отаның қай ел? Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Елтаңбада не бейнеленген? Ән ұранның авторлары кімдер? Солтүстік Қазақстан неге бай? Сен қай көшеде тұрасың? Сен неше жастасың? Сеніңәкең кім болып жұмыс істейді? Кім нан пісіреді? Кім етік тігеді? Сабақта тағы да қызықты ойналатын дидактикалық ойындардың бірі- " Доп қағу " ойыны. Мысалы: допты лақтырып орыс тілінде сөз айтасың да, оқушы сол сөздің аудармасын айтып допты кері қайтарады. Школа- мектеп, класс- сынып, мяч- доп т. б. " Қайтала " ойыны. Мұғалім бір жануардың атын атайды. Екінші оқушы мұғалімнің сөзін қайталап, өз сөзін сол тақырыпқа айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, және өз сөзін қоса айтады. Ешқандай сөздерді шатастырмай өз қалпында айтқан оқушы жеңімпаз болады. Мысалы: сиыр 1- ші оқушы: сиыр, бұзау 2- ші оқушы: сиыр, бұзау, қой 3- ші оқушы: сиыр, бұзау, қой, қозы т. б. Сабақта ойындарды пайдаланғанда ойынға
¹ 1( 9) 2016
қойылатын методикалық талаптарды білу қажет. Олар мыналар:
1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнектілер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. 2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіріледі. 3. Ойынға сыныптағы барлық баланы қатыстыру. 4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде шеш ім қабыл дай білуіне, ойл ана білуге жетелеу керек. Бұл әдіс, талаптарды орындамаған кезде, оқушы ойынға қызықпайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану- сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен ойын элементтерін барлық дерлік сыныптарда пайдалануға тырысамын. Себебі, қазақ тілі пәнінде бірыңғай жазу жұмыстары мен оқу оқушыларды тез жалықтырады. Сабақта пайдаланылған сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгеру, өткенді пысықтау мақсатында пайдаланылатын ойын түрлерінің пайдасы зор. Қорыта келгенде ойын элементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану. 1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады. 2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым- қатынастарын ұлғайтады, бір- біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын- өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану- бұл мұғалімнің шеберлігі.
Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту.
Сөздік қорын байытады, өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады, тәрбиеленеді. Сондықтан да, ойын- оқытудың ең бір тиімді тәсілі
27