EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 28

¹ 1( 9) 2016“ Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò " ÊÌÌ
Берілген жұмыс қазақ тілінен өткізілетін сабақтың жоспарының үлгісі. Әдістемелік жұмыста автор ойын технологияларын қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көңіл бөледі.
Работа представляет собой разработку по казахскому языку. В статье автор рассматривает влияние использования игровых технологий на развитие разговорной речи учащихся.
The work represents the study aid on Kazakh language. The author examines the impact of the use of gaming technology on the development of spoken language skills among students.
РАИМБЕКОВА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА
" Қосалқы мектеп- интернат " КММ қазақ тілі мұғалімі Семей қаласы
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Қазақ тілін көмекші мектептерде оқытудың негізгі мақсаты- қарапайым түрде күнделікті тұрмысқа, оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде оқушылардың ауызекі сөйлесу, түсіну, өз ойын қазақ тілінде жеткізе білу дағдыраларын дамыту және әлеуметтік ортаға қарымқатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәстүрлі сыныптық- сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық- комуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымын. Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының білім деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін тауып, сол тақырыпты игеруді көздейді. Оындай тәсілдердің біріоқушының ортақ ерекшеліктерін ескеріп, сабақта оқушыны ойын арқылы ойлауға баулу. Демек сабақта ойын түрлерін пайдалану.
Ойын бала әрекетінің негізгі түрі. Қандай ойын болмасын, белгілі бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы- баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақтықты болуға үйретеді.
Ойын- балалар үшін еңбек те, оқу да. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
" Ойлы бала ойынынан белгілі "- деп халық та тегін айтпаған. Демек, осы пікірлерге сүйенсек қазақ тілі оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу барысында үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлерін мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, біліп меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі және орта сынып оқушыларының назары сабақтан гөрі ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын түрлері қимыл- қозғалысты ойындар бастауыш сыныптарында көбірек пайдалануға болады. Ал дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданыла береді. Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін,
тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. " Моншақ " ойыны Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу. Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б. " Сұрақ- жауап " ойыны. Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру. Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді. Сұрақтар: 1. Сөмкеде не жатыр? 2. Біраптаданешекүн бар? 3. Асханадакім бар? 4. Сыныпта неше терезе бар? 5. Қолда неше саусақ бар? 6. Жазда ауа райы қандай? 7. Бір тәулікте неше сағат бар? 8. Мектеп неше қабатты? 9. Күзде не сарғаяды? Керектісөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырматөрт, үш, жапырақ. " Сиқырлыағаш " ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұрақ қа жауап бере білуге үйрету.
Ойынныңшарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтағашыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұлойынды " Мектеп ", " Үй жануарлары ", " Асхана ", " Балықтар ", және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады. " Орныңды тап " ойыны. Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
26