EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 84

¹1 (1) 2015 ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді. Кәсіптік техник алық білім беру орнының басты тапсырмаларының бірі - еңбек нарығының сұранысына өз мезгілінде жауап беру; жұмыспен қамтамасыз етілетін мамандарды даярлау. Осыған орай, кәсіптік техникалық білім берудің өнімі - еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті жұмыс жасай алатын, кәсіптік мобильді, еңбектің өзгеріп отыратын шарттарына шапшаң икемделіп отыратын түлек болып табылады. Бәсекеге қабілетті колледж түлегі - бұл бірінші кезекте, ерікті, шығармашылық қызметі өзін-өзі шыңдайтын тұлға. Екіншіден, бұл - рационалды, мобильді, белсенді, еңбекке икемді, құндылығы терең білімде, кәсіпқойлықта, кең ортақ мәдениетте жатқан тұлға. Үшіншіден, бұл - өмірдің нақтылы жағдайларын түсіне алатын, оларды бағалап шешім қабылдай алатын тұлға. Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік, танымдық, ұлттық, әлемдік, салауатты өмір салты, дүнетанымдық бағыттағы мәдениеттерді дамытуымыз керек. Тұлғаны оқу-тәрбие үрдісінде әрқашанда позитивті рухани құндылықтарға бағыттап отыру қажет. Бұл оқушының сан алуан әлемде өз позицияларын нақты айқындауға көмек болады. Қазақстандық білім мен тәрбие беруде рухани - адамгершілік кұндылықтар мәселесі ұлттық идеологизмге айналуы қажет. Осы орайда ұлы ғұлама Әл-Фарабидің "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы" деген ұлағатты сөзі, білім мен тәрбие егіз, екеуі қатар Ïåäàãîãèêà жүру керек деп отырғандай. Білім беру процесін гуманизациялау, яғни білім беруде тәрбие мүмкіндігін күшейту, тәрбие беру нәтижесін арттыруды көздеп отыр. Осы орайда тәрбие үрдісін жаңашылдандыра отырып, оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту керек. Кәсіптік техникалық білім алып жатқан жастардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру дегеніміз -жас тұлғаны жан-жақты мәдениетке тәрбиелеу, орнықты да берік негіздегі мәдениеттілікке жеткізу. Мәдениет - жеке тұлғаның, бір топ адамдардың әлеуметтік кәсіптік және ұлттылық қоғамдастықтың тіпті біртұтас қоғамның жетілу деңгейін анықтайды. Сонымен, жан-жақты жетілген, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп, сомдап шығудың шарттары төмендегі тәрбие бағыттыранда анықталады: 1. Ақыл-ой (интеллектуалдық) мәдениет кұндылыған қалыптастыру; 2. Кәсіптік еңбек құндылығын қалыптастару; 3. Рухани-адамгершілік мәдениет кұндылыған қалыптастыру; 4. Құкықтық мәдениет құндылыған қалыптастыру; 5. Азаматтық мәдениет құндылыған қалыптастыру; Сонымен адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей анықтама беруге болады: "Адамзат баласының даму тарихында ғасырлар бойы жинақталған рухани-адамгершілік білім қорын өмірлік тәжірибесінде пайдаланып, өзін-өзі тәрбиелей алатын, адамдармен қарым-қатынас жасау этикасын қазіргі заманғы мәдениетке бейімдей алатын, кәсіби кұзіреттілігі жоғары, бәсекелестікке төтеп бере алатын тұлғаға тірек болатын сенімдер жүйесі" деп тұжырымдаймыз. ӘДЕБИЕТ: 1. ҚР білім беру мекемелерінің 2006-2011 жы