EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 60

¹ 1( 1) 2015
болып өткен конференцияларда халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағалауға ие болып отыр. 14-оқушы: Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және руханимәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі.
15- оқушы: Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтардың қалыптасуына да себепші болады. Біздің еліміздің жүргізіп отырған ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орнығып отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқаратын факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі- ұлттық ынтымастық пен бірлік.
16-оқушы: Қазақстан халқы Ассамблеясы( ҚХА)- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің " Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы " Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты- республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.
17-оқушы: Ассамблея: мәдени-ағартушылық- тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік- қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саяс ат жү рг ізу ж өнінде ұс ыныс тар дайындау ісімен айналысады. 18- оқушы: Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея
Ïåäàãîãèêà
Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т. б. өткізеді. 19-оқушы: Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т. б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды. 2007 ж. Конституцияға еңгізілген түзетулер бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА 9 депутат сайлайды. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Ән: " Менің Отаным " Сабақты қорытындылау: Біз көппіз және бәріміз- бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу- әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді " Мәңгілік Ел " етуді мұрат қылдық. Біз: " Мен- қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!"- деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
Үйге тапсырма беру: " Қазақ елі- бұл Қазақстан!" атты шағын шығарма жазу
58