EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 58

Ïåäàãîãèêà ¹1 (1) 2015 Автор орта мектепте Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған тәрбиелік сабақ өткізудегі өз тәжірибесімен бөліседі. Сабақ жоспары тарих пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Данная работа представляет собой разработку внеклассного мероприятия, посвященного 20-летию Ассамблеи народа Казахстана. Разработка будет интересна учителям и методистам средних школ. Author shares own experience of conducting lessons dedicated 20th anniversary of the Assembly of People of Kazakhstan in the secondary schools . This plan of the lesson is recommended as a methodical materials for teachers of history. БАКЫТГУЛЬ КАБДРАХМАНОВА №1 Күршім орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы "БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР" ТӘРБИЕ САҒАТЫ Мақсаты: Оқушыларға " Бір халық-бір ел-бір тағдыр" атауында үлкен мән бар екенін нақты дәлелдер арқылы толық түсіндіру. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, тілдік қорын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, оларда іскерлік, дағды қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, жан-жақтылыққа, бір- бірін сыйлауға, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдісі: әңгіме, саяси хабарлама, сұрақ-жауап, Көрнекілігі: "Егеменді Қазақстан" газеті, Елбасының " Қазақстан-2050" стратегиясы", Интерактивті тақта, Слайд-шоу. Барысы: 1. Ұйымдастыру: Амандасу,тексеру Мұғалімнің сөзі: Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 20 жыл толды.Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясын "Бір халық - бір ел - бір тағдыр" деп атауымыздың астарында үлкен мән бар. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші (әр топтан оқушының ойы тыңдалады) Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз. "Бір халық" - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, "Бір ел", бұл - барлығымыз үшін ортақ Отан. "Бір тағдыр", бұл - біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды. Ой қозғау: - Қазақ елінде қанша ұлт өкілдері тұрады? - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Қазақстанның көбінесе қай аймағында өзге ұлт өкілдері мекендейді? - "Мекенім - Қазақстан... " аталған пікірге өз ойынды қос. Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау 56 кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. қаза қстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: "Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес". Ендеше, Ассамблея - барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Ән: "Елім менің" 1-оқушы: Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты "бір халық-бір ел- бір тағдыр" деген үш сөзге сайып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан Елдің ғана ырыс- несібесі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Ел иесі -қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ. Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық. Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы-" Қазақстан-2050" стратегиясын қабылдадық. Онда ең басты басымдылықтың бірі-жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алдық. 2-оқушы: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің басшылығымен дайындалған Қазақстан Халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 ж. дейінгі тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат. Бүгін біз Ассамблея-тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз! Бүгін Ассамблея -тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы. Ассамблея тарихы-ел тарихы, халық тарихы. Сессияның күн тәртібіне маңызды мәселе енгізілді. Ол: "Қазақстан-2050" Стратегиясы: " бір халық-бір ел- бір тағдыр". Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені, "бір халық"- бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. "Бір ел"- бұл барлығымыз үшін ортақ Отан " Бір тағдыр"-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз-игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! 3-оқушы: "Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа