EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 45

Ïåäàãîãèêà
бір әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Диалогтік әдіс-тәсіл оқушының жаңа тақырыпқа деген қығығушылығын арттыра отырып, оның емін- еркін сөйлеу қабілетін ашама деп ойлаймын. Диалогтік әдіс- тәсіл нашар оқитын оқушының сабаққа деген ұмтылысын да ашады. Өйткені нашар оқитын оқушыға көмекке жақсы оқитын оқушы көмектесіп, жұптасып жұмыс істейді.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т. б. таным әрекеттерін жасайды.
Техниканың дамуы туралы айтатын болсақ, ақпараттық коммуникативтік техниканың дамуы сонша, қазір кезде ғаламтор, пошта, ұялы телефондар өте көп. Осы ақпараттық коммуникативтік техникамен қазіргі жастардың әрқайсысы біледі. АКТ- ны сабақтарда жиі қолданамыз.
" Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық " деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;- мұғалімнің уақытын үнемдейді;- қосымша мәліметтер береді. Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі- сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;- ізденуге жетелейді, қызықтырады;- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады.
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі- " Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту " технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:- қызығушылықты ояту;- мағынаны тану;- ой-толғаныс.
¹ 1( 1) 2015
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс " Мен не ұқтым?", " Мен нені білгім келеді?", " Мен не білдім?" деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
" Мағынаны тану " кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы жуан- жіңішке сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда " Жуан және жіңішке сұрақтар " стратегиясын мұғалім жүзеге асырады. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады.
Бұл технологияның келесі бір кезеңі- ой-толғаныс. Мұнда " Венн " диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе " 5 жолдық өлең " жаздыруға болады. Мұндағы мақсат- оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.
Инновациялық білім беру- іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай әдіс-тәсілдерді қолдану- оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Инновациялық білім беру арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т. б. айқындар толықтыруға болады.
Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:- оқушыларға ізгілік тұрғысынан қарау;- оқыту мен тәрбиенің бірлігі;- баланың танымдық күшін қалыптастыра отырып оны дамыту;- баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;- баланың шығармашылық икемділігін дамыту; Қорыта келе айтарым: қазақ тілі сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдалану оқушының қызығушылығын оятып қана қоймай білім сапасын көтеруге де тигізер әсері мол әрі заман талабына сай өте тиімді.
ӘДЕБИЕТТЕР 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші( негізгі деңгей) 2. Педагогика жаршысы № 3, 2014 жыл
43