¹ 1( 1) 2015 Ïåäàãîãèêà
ҚАСЕНОВА НАЗИГҮЛ МҰҚАТАЕВНА
Семей қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
42
ЖАКЕЕВА ЖАНАТ АЛИМЖАНОВНА
Семей қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақалада жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданудың тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар инновациялық технологияларды қолдану кезінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағидалар аталып өтіледі.
В статье рассматриваются вопросы применения инновационных технологий обучения на уроках казахского языка и литературы. Авторы отмечают важность соблюдения основных педагогических принципов при применении новых технологий и методик.
This article reports the effectiveness of using new technologies in the Kazakh language and literature classes. At the same time, in the article underlined pedagogical principles during the time of using innovative technologies on the lessons.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бала тәрбиелеу- болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым- білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақ халқының көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт
Торайғыров айтқандай " Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда- ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минөтіменен, Құлағыма сіңірген таныс үнін " " Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек " деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға- әрбір ұстаз міндетті. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл- қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да- абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі- мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазіргі таңда инновациялық әдіс- тәсілдердің көптеген түрлері бар. Атап айтсақ жеті модульдік оқыту әдістәсілдері, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы және т. б. Қазақ тілін оқыту- қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа әдіс- тәсілдердің элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту әдіс- тәсіліне ерекше көңіл бөлу қажет.
Өйткені бұл әдіс- тәсілдер баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің
төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан. Яғни олар: 1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу; 2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу; 3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу; 4. Диалог жүргізе алу; 5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; 6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
Ұстаз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Осы жерде мына мәселеге тоқтала кетейін: А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 2 сипатқа ие.
1. Коммуникативтік( оқушылардың бір- бірімен ақпарат алмасуы) 2. Интерактивтік( оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы)
Диалогтік әдіс оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-