EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 34

Á IËIÌ ¹1 (1) 2015 ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI Берілген мақалада автор түзету мекемелерінде білім беру үрдісінің жазасын өтеуші адамдарды қоғамға қайта бейімдеудегі маңызы мен рөлі туралы баяндайды. Мақалада түзету мекемелеріндегі оқыту үрдісін ізгілендіру жолдары туралы сөз қозғалған. В данной статье авторы поднимают вопрос о роли образования в адаптации и социализации лиц, отбывающих наказания в исправительных учреждениях. Авторы рассматривают пути гуманизации процесса обучения в пенитициарной системе. МУХАМЕДИЯРУЛЫ ДАУРЕН Семей қаласындағы "№ 2 кешкі мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ҚҰРМАНҒАЛИЕВ САМАТ МҰРАТБЕКҰЛЫ In this article author concerns teaching of people who are in correctional camp. It is spoken about the importance of adaptation of prisoners to the society. This article describes ways of teaching development in correctional camp. Семей қаласындағы "№2 кешкі мектеп" КММ тарих және география мұғалімі ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ІЗГІЛЕНДІРУ - БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ Адам өміріндегі барлық саладағы қарым-қатынасын және қоғаммен араласуындағы іс-әрекеттерін ізгілендіру әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеудің үлкен жолы болып саналады. Бұл мәселе әсіресе, ізгілендіру жағдайындағы пенитенциарлық түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде басты назарға алынады. Қазақстан Республикасында халықаралық талаптарға сай қазіргі түзеу мекемелерінде сотталғандармен қарым-қатынастар жүйесі түбірімен өзгеру үстінде. Жаңа талап бойынша сотталғандардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өз іс- әрекеттеріне есеп бере алуын және қоғамдық өмірге бейімдеу болып саналады. Ғалымдардың пайымдауынша, адам қандай да ауыр қылмыс жасаса да оны тек адамгершілік қағидаттарын негізге ала отырып түзеуге болады дейді. Түзеу мекемелерінде әр іс-әрекетке жазалау іс-шараларын қолданғанда сотталғандар өмірге деген көзқарасын, қоғамға деген қарым-қатынасын өзгертпестен сол күйінше қалған. Кейін бостандыққа шыққанда да өз қылмыстық іс-әрекеттерін қайталаған. Ал кейіннен түзеу мекемелерінің қызметкерлері сотталғандармен ізгілендіру шаралары аясында адамгершілік қағидаттарын негізге ала отырып қарым-қатынас жасағанда көптеген жазасын өтеушілер түзелу жолына түсіп, бостандыққа шыққаннан кейін де бұрынғы қателіктерін қайталамауға тырысқан. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруде білім беру ұйымының тәрбиешісін сотталғандармен өзара әріптестік және педагогик алық тұрғыдан тығыз байланысты болуын талап етеді. Сотталғандардың психологиялық ауытқушылығын, көзқарасын түзеу, азаматтық қоғамға бейімдеу - адамдар арасындағы ізгі, адамгершілікті қарым-қатынастың нақты көрінісі болып 32 саналады. Олардың өз іс-әрекетттеріне есеп бере алуы, себебі мен салдарын түсіне білуі және одан қорытынды шығарып қайталамауға тырысуына қолдау жасау бұл тәрбие ұйымдарының парызы. Басты назар тәрбиеші мен жазасын өтеуші арасындағы өзара түсіністік,оның жеке тұлғалық қасиетін, интеллектуалдық және құлықтық сенімін құрметтеу.Сондықтан, пенитенциарлық жүйеде қызметкер сотталғанмен жазалаушы кейпінде емес, әріптестік, өзара түсінісушілік принципінде жұмыс істегені лазым. Бұл қарым-қатынас жолға қойылғанда тәрбие ұйымдарының сотталғандармен оқу, тәрбие, еңбектің қоғамдық мазмұнынын қалыпқа келтіруі олардың түзелу үдерісінің дамуына ықпал етеді. Осылай тәрбие жұмысының жүйеге қойылуы жазасын өтеушілердің мекеме қызметкерлерімен қарым- қатынасының бір жүйеге түсуін тездетеді. Бұл үдеріс жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері және тәрбие ұйымдарының өзара ұйымдасқан әрекеттестігімен түзелушілер үшін қолайлы аура қалыптастырмақ. Түзеу мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіруді ұйымдастырудың өте күрделі әрі жан-жақты мазмұндық мәселелері бар. Оның әртүрлі аспектілері педагогика,психология, әлеуметтану,құқық, дінтану, философия ғылымдары арқылы терең зерттелуде.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі түзеу мемелерінде қолға алынып жатқан оқу-тәрбиені ізгілендірудің үдерісі әлі шешілмей келе жатқан кемшін тұстары да бар. Сондықтан жоғарыдағыларды саралай келе ізгілендіру жүйесі бойынша оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда оқу-материалдық базаны үнемі жаңғырту, алға қойылған бағыттар ғылыми жолмен негізделіп отыруға тиіс.