Àññàìáëåÿãà 20 æûë
қамту, кәсіпкерлік бастамаларына жол ашу, әлеуметтік қорғалу жүйесіне нақты кіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылды. Оралмандарды жұмысқа орналастыру, бағаның өсімен оларға бөлінетін қаржыға үймен қамту қиындығына орай, несие беру немесе әлеуметтік тұрғын үймен қамту мәселесін мемлекеттік дәрежеде шешу күн тәртібінде тұрды. Сонымен қатар Қытай, Түркіменстаннан оралуға ниет жасаған этникалық қазақтар визасыз ол елдерден шыға алмады, алғашқы ағынмен келгендер қонақ ретінде келіп Қазақстанда қалып қойған еді. Сол сияқты баларды мектеппен қамтудағы кедергілер, Қытайдан келген оқушылар ана тілдерінде жақсы сөйлегенмен, жазбаша( А. Байтұрсынов әліп биі жазбасымен оқығандар) кириллицаны меңгермеген еді. Осыған байланысты қазақ тілін үйрету бойынша республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. 1991-2005 жылдың бірінші жартысы аралығында шетелден( Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және басқа ТМД елдерінен) Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Астрахань, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсын, Жарқайың, Қорғалжың, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Зеренді, Щучинск, Еңбекшілдер, елді мекені мен Степногорск және Көкшетау қалаларына 5289 оралман отбасылары орналасты [ 12,-51п.].
Мақсатты шараларды сапалы және толыққанды орындау мақсатында 2005 жылдың қараша айында Президент " 2005-2007 жылдарға арналған шетелде тұратын отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы " Жарғысына қол қойды. Сол сияқты басқа да заңнамалық актілер тарихи маңызға ие болды. Олар: " Тұрғындар көші-қоны туралы " Қазақстан Республикасы Заңы, 2001-2010 жылдарға арналған
¹ 1( 1) 2015
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсанда бекіткен " 2005-2007 жылдарға арналған оралмандар иммиграциясының квотасы туралы " Жарлығы, Репатриант( оралман), реэмигрант, қоныстанушы, мәжбүрлі қоныстанушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқау. Қорытынды. Шетел диаспораларындағы қазақтардың туған жерге бағытталған көші- қазақ тарихының жаңа белесінің маңызды бетіне айналды. Кешегі жат-жұрттағы аталар арманы тарихи ақиқатқа ұласты. Елге қандастардың оралуымен, көші-қон үрдісін мемлекеттік реттеудегі мәселелердің шешімін табу бағытында, ісшараларды қолға алу қажеттігі жөнінде алғашқы қазақстандық тәжірибелер жинақталды. Қоныстанушылардың ел тіршілігіне бейімделуі мен кірігуіне байланысты мәселелерді шешу қажеттігі артты. Біліктілігі мен ғылыми білімдер меңгерген мамандар республиканың мекемелеріне, ЖОО-на, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыспен қамтылды және ел игілігіне біліктіліктерін жұмсай бастады. Ал белгілі мамандығы жоқтары, кәсіби мамандық алу үшін олардың оқумен қамтылып, іс-шараларды нақты жүзеге асыруға мемлекеттік бағдарлама қажеттілігі өсті. Осы мақсатта " Нұрлы көш " мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы айқындалды. Қазақстанның көші-қон саясаты аясында да, әлемдік көші-қон үдерістері легіне орай, өзгертулер мен қосымшалар жасау қажеттілігі туындады. Заманауи кезеңде көші-қон аясы кеңіп, жаңаша басымдылықтарға ие болуда.
Басты қажеттілік- қазақтардың туған Отанына оралуына толыққанды мүмкіндік алуы, Қазақ елі тарихының жарқын беттерінің бірі болып қалмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР ҰМ. 63-қор, 1-тізім, 129-іс. 2. ҚР АОММ. 1548-қор, 1-тізім, 29-іс. 3. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік қазақтардың III Құрылтайында сөйлеген сөзі. Астана, 29 қыркүйек 2005ж.//.// http: // www. akorda. kz) 4. Ракишева Б. И. Миграционные процессы в Казахстане: фактор государственной политики. // htt:// www. cessi. ru / index. php? id-168 >?& L-1 // [ дата обращения: 23.04.2013 ]) 5. ҚР ПМ. 5-Н-қор, 1-тізім, 845-іс. 6. ҚР АОММ. 919-қор, 1-тізім, 470-іс. 7. ҚР МОММ. 568-қор, 1-тізім, 12-іс. 8. Ерімбетова Қ. Қазақстандағы кеңес мемлекетінің көші-қон саясаты( 1960-1990жж.). Монография.-Алматы: " Тарихи тағылым " баспасы, 2009.-192б. 9. ҚР МОММ. 568-қор, 41-іс. 10. ҚР МОММ. 568-қор, 1-тізім, 98-іс. 11. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік қазақтардың III Құрылтайында сөйлеген сөзі. Астана, 29 қыркүйек 2005ж.//.// http: // www. akorda. kz) 12. ҚР АООМ. 1548-қор, 1-тізім, 77-іс.
ОБ АВТОРЕ
ҚҰНДЫЗАЙ Ерімбетова, кандидат исторических наук, ведущий научный сотрудник Института истории государства. Автор моноргафии " Миграционная политика Советского государства в Казахстане " и более 100 научных статей. Является ведущим отечественным историком по проблемам миграционной политики советского государства, исторической демографии Казахстана. Ей принадлежат разработки важнейших теоретических и методологических подходов в исследовании проблем миграционной политики советского государства в Казахстане, комплексного исследования и концептуального переосмысления основных тенденций, причин и последствий демографических и миграционных процессов, происходивших в республике Казахстан; изменения в численности и составе населения республики в ХХ и начале ХХІ вв., миграционные процессы и их влияние на национальный и социальный состав населения и т. д. Сфера научных интересов: историко-демографические процессы, межэтническое согласие и социальные конфликты в Казахстане, национально-освободительное восстание 1916 года, персоналистика, социально-экономическая модернизация Казахстана в ХХI веке( исторический аспект).
23