¹ 1( 1) 2015
келген 430 отбасы иммиграциялық квотаның шектеулілігіне байланысты, олар мемлекет тарапынан материалдық көмек ала алмады [ 9,-7п ]. 1991-1999 жылдар аралығында алыс және таяу шетелдерден Ақмола облысына 3076 оралман-отбасы квотамен қабылданды. Оның ішінде үкіметаралық келісім негізінде еңбек көші-қоны аясында Моңғолиядан Ресейден, Өзбекстаннан, Түркия Республикасынан оралды [ 2,-6п.]. Олардың көпшілігі бұрынғы айналысқан кәсібіне икемделіп, ауылдық жерлерге орналастырылды. Әсіресе Моңғолиядан келген оралмандар қиыншылыққа тап болды. Еңбек көші-қоны келісімімен Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау процедурасы айқындалмағандықтан, жер және мүліктік паи алу, әлеуметтік жәрдемақы, жеңілдік және басқа өтемақыларын ресімдеу құқын жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Ауылды реформалау жағдайында қоныстанушылардың еңбек нарқы мен жұмыспен қамту мәселелерінде күрделі жағдайларға тап болды: еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің 71 %-ы шаруашылық штатында тіркелгенмен жұмысқа зәру болды, жеке жекеменшік үй иелену құқысы болмағандықтан оның басым бөлігінің тұрғын үйлері де болмады. Бұл жағдай ретсіз ішкі көші-қон қозғалысының өсуі мен орналасуына негіз болды.
Маңғыстау облысына 1991 жылдың басынан 2003 жылдың 1 қыркүйегі аралығында алыс және таяу шетелдерден 45272 оралман қоныс аударған. Оның ішінде 2000 жылы 4008 адам тіркелсе, 2001 жылы 7731 адамды, 2002 жылы 7236 адам, 2003 жылдың 9 айында 4850 адамды құрады. Басты себептер- Өзбекстан және Түркменстан республикаларындағы әлеуметтікэкономикалық ахуалдың Қазақстанмен салыстырғанда төмендігі және сол елдердегі қазақ мектептерінің жабылып, қазақ жастарының өзбек, қарақалпақ, түркімен тілдерінде білім алуға мәжбүр болуы, визалық қатынастарға байланысты Қазақстанда тұратын ағайынтуыстарымен қарым-қатынастың қиындауы сияқты жағдайлар. 2003 жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің " 2003 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы " Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысына Өзбекстан Республикасынан, Иран Ислам Республикасынан, Ресейден 352 отбасына көшіп келу квотасы белгіленді. Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы тарапынан оралмандарға халықтан тұрғын үй сатып алу мақсатында сатып алу байқауы өткізіліп тұрды. Облыстың көші-қон және демография басқармасында квота бойынша қоныс аударып облыстың банктерінен жеке шот ашқан оралмандарға бір реттік көші-қон жәрдемақысы берілді. 2003 жылы Ақтау қаласында жаңадан салынған үйден 4 пәтер әлеуметтік қиын жағдайдағы квотадан тыс қоныс аударған оралмандардың отбасына берілді. Өз бетімен тұрғын үй саламын деген оралмандарға жер үлесімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жергілікті басқару органдары тарапынан іске асырылды: Ақтау қаласының 29 шағын ауданынан 10 жер телімі, Приозерный кентінен 3 жер телімі, Маңғыстау кентінен 91, Даулет кентінен 12, Қызылтөбе кентінен 51 жел телімі берілген. Маңғыстау ауданы бойынша 4 жер телімі берілсе, Қарақия ауданы бойынша 5, Бейнеу ауданы бойынша 92, Жаңаөзен қаласы бойынша 76 жер телімі оралмандарға жер бөлу туралы шешімдер арқылы оралмандарға тапсырылған.
Маңғыстау облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмыссыздық бойынша тіркелуші оралмандардың 52,0 %- Түркіменстаннан, 18,0 %-Өзбекстаннан, 15,0 %- Қарақалпақстаннан, 15,0 %-Иран Ислам Республикасынан көшіп келгендер құрады. Жұмыссыздық бойынша тіркелген оралмандарды кәсіби даярлау мақсатында: тігінші, аспазшы, шаштараз, ЭВМ операторы, дәнекерлеуші, құрылысшы,
Àññàìáëåÿãà 20 æûë
электромонтер сияқты мамандықтарға оқуға жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. 2003 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орташа жалақы мөлшері 5484 теңгені құрайтын, 218 оралман ақылы қоғамдық жұмысқа қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы " Заңы бойынша 2003 жылдың 8 айында 500 оралман отбасына әлеуметтік көмек көрсетілсе, 40 отбасына тұрмыстық көмек, 4 мүгедек балаларға қаржылай көмек көрсетілді. 1859 оралманға 2 миллион 487 мың теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Жоғарғы оқу орнының дайындық курсында 14 оралман балалары қабылданды. Жалпы Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасында 1992 жылдың басынан 2003 жылдың 1 қарашасы аралығында 46536 оралман тіркелді [ 10 ]. Алғашында репатриациялық үрдістердің тиісті заңнамалық негіздері болмағандықтан да оралмандар арасында біршама мәселелер( әсіресе азаматтық алуға мен төлқұжат алуға байланысты, шектеулі квотаға байланысты, жұмыс орнының көзін таба алмауы, дер кезінде әлеуметтік қорғалмауы, жемқорлық әсерінің келеңсіздігінен) туындады.
Бірақ XXI ғасыр басында елдің экономикалық жағдайының қалыпқа келе бастауы мәселені түбегейлі өзгерте бастады. Мәселен, 1991-2000 жылдар аралығында 42 мың отбасы оралған болса, 2001-2005 жылдары 65 мың отбасы, яғни 2000-жылдары жыл сайын келетін оралмандар саны үш есеге өсті. Осы тұста көшіқон жөніндегі сараптамашылар, мұндай жағдайды репатриация саясатын либерализациялау жағына қарай реформалауда және квотамен шектеу( адамдардың еркін қозғалысы, құқын бұзатын дискриминациялайтын норма, бұл саясаттың мақсатына қарсы) мәселесін ескеру қажеттігіне мән береді.... Бір жарым миллиондай қазақ Өзбекстанда, 1 миллион 500 мыңдай Қытайда, Ресейде миллионға жуық, Түркіменстанда 100 мыңдай, Моңғолияда 80 мыңдай, Қырғызстанда 45 мыңдай және Түркия, Иран мен Ауғанстанда қазақтар тұрды. Тәуелсіздікке қол жетісімен шетелдік қандастарымызды елге қайтарудың мемлекеттік кешенді бағдарламасын жасау мен жүзеге асырылу мақсаттары айқындалғанды [ 11 ]. Ең бастысы қалай айтсақ та шетелдердегі этникалық қазақтар Қазақстан халқын басқа елдер мен халықтар арасын қосатын аралық " алтын көпір " қызметін атқарды. Осы кезеңдегі тарихи құжаттардың бірі- Республикадағы көші-қон үрдістерін басқару, үдемелі демографиялық дамумен қамтамасыз ету, елдегі мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту мақсатында және мигранттардың құқын жүзеге асыру үшін, көші-қон үрдістерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибелерін саралай отырып, 2000 жылдың 5 қыркүйегінде " ҚР Көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы " қабылданған ҚР Үкіметінің Қаулысы сол кезеңнің нақты мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайынан туындағандықтан да, адамдардың құқы мен еркіндігін сақтауға негізделген жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, көші-қон саясатының негізін анықтады. Елдің үдемелі дамуы және экономиканы тұрақтандырудың ұзақ мерзімді болашағы мен даму кезеңіне есептелінген Қағида еді.
2005 жылдың 1 қаңтары жағдайында Ақмола облысы бойынша иммигранттар мен эмигранттар саны, тиісінше 13729 және 16048 адамды құрады [ 12 ].
Эммиграция үрдісінің негізінде тарихи отанына оралушы орыстар, ал иммиграция бойынша этникалық қазақтар басым болды. Ішкі көші-қон бойынша ауыл шаруашылық секторлардың қысқаруына орай ауыл тұрғындарының қалалық жерлерге қозғалысы артты. Оралмандарды жаңа қоныстарына кіріктіру жұмыстары бойынша: оларға қажетті жағдай жасау, мемлекеттің кепілдендіретін құқтары мен еркіндіктерін жүзеге асыруда қол ұшын беру, әлеуметтік қолдау, жұмыспен
22