EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 23

Àññàìáëåÿãà 20 æûë
мемлекеттік деңгейде анықтау мәселесін шешу қажеттілігі артты.
1990-шы жылдары этникалық қазақтарды қабылдау және орналастыру- көші-қонның мемлекеттік саясатының басым бағытына айналды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің көші-қон комитетінің мәліметі бойынша 1991-2005жылдың 1 шілдесіне дейін 433,1 мың этникалық қазақтар елге келген немесе Қазақстандағы тұрғындар саны жарты миллионға өсті [ 3 ]. Ал, салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер бойынша 1993-2005 жылдың 1 қазаны аралығында республика аймағына тарихи отанына оралған оралмандардың 61,1 %-ы Өзбекстаннан, 15,4 %-ы Моңғолиядан, 9 %-ы Түркіменстаннан, 4,8 %-ы Қытайдан, 4 %-ы Ресейден келген оралмандарды құрады және орналастырылды, атап айтқанда: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Астана қалалары [ 4 ]. Көші-қонның теріс айырымына жол бермеуіне әсер еткен факторлардың негізгісі- қазақтардың тарихи отанына оралуы. Көші-қонның келесі себептерінің бірі ұлтаралық қақтығыстардың өршуі байқалған республикалардан келген мигранттар басымдылығы. 1991 жылғы ішінара зерттеулер мәліметі бойынша ұлтаралық қақтығыс белгілері көрініс берген республикалардан кеткендердің үштен екі бөлігін орыстар құрады. Мысалы, 1992 жылы осындай себептермен Тәжікстан Республикасы территориясында тұратын қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, орналасты [ 5 ].
1992 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің " Тарихи Отанына оралғысы келетін қазақтарды 1992 жылы қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі Бағдарламасы туралы " қаулысының орындалу барысының анықтамасына сәйкес, Моңғолиядан 390 отбасы әрбір шаруашылыққа 10-15 отбасынан бөлініп, Ақмола облысының келесі аудандарына орналастырылды [ 6 ]: Атбасар, Астрахан, Балқаш, Вишневск, Ерментау, Краснознаменск, Қорғалжың, Селетинск, Целиноград, Шортанды.
Республикаға ТМД елдерінен, Моңғолияның Баян- Өлгей, Қобда аймақтары мен Улан-Батыр қаласы маңындағы аудандардан қазақтар қоныс аударды. 1992 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Моңғолиядан барлығы 6148 отбасы, ТМД елдерінен 4761 отбасы қоныс аударған. Жалпы Қазақстан Республикасына 1992 жылы қоныс аударғандар- 10909 отбасын құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің " 1998 жылға арналған иммиграция квотасы туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру туралы " Қаулысын басшылыққа ала және оны жүзеге асыру мақсатында иммигранттар орналасатын облыс әкімшілігінде оралмандарды қабылдау және орналастыру комиссиясы құрылып, оның құрамы бекітілді. Оның негізгі мақсаты тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды қоныстандыру және жергілікті жерлерге орналастыру мәселелерін шешумен айналысты. Мысалы, 1992-1997 жылдар аралығында Маңғыстау облысына ұйымдастырып қоныстандыру бойынша 4615 репатриант-отбасылары келді. Иммиграция квотасы Ақтау, Жаңаөзен қаласларына және Бейнеу, Қарақиян ауданына, яғни облыс бойынша 520 отбасына берілді. 1997 жылы қоныстандыру шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілді. 1997 жылғы жергілікті бюджет бөлген- 49 млн. теңге 1995 жылғы республикалық бюджет берешегін жабуға бағытталды. Республикалық органдарға бірнеше рет жасалған өтініш жасалғанмен берешек орны толтырылмады. Қоныстандыру шаралары бойынша берешек 1998 жылдың 1 тамызында- 65,7 млн. теңгені құрады, оның
¹ 1( 1) 2015
ішінде 1996 жылғы қоныстандыру жәрдемақысы бойынша- 27,6 млн. теңге, 1997 жылғы- 17,1 млн. теңге, 1998жылғы- 19,6 млн. теңге және 1996 жылғы ұйымдастырылған қоныстандыру шығыны бойынша- 1,1 млн. теңге. 1998 жылы жергілікті бюджеттен 139,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен- 17,2 млн. теңге қарастырылды. 1998 жылдың алғашқы жеті айында жергілкті бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлініп, Ақтау қаласы бойынша 1996 жылғы берешекке жіберілді. 1998 жылғы 1 тамызда оралмандарды тұрғын үймен қамту мақсатында 4 млн. теңгемен қаржыландырылды [ 7 ].
1996-2000 жылдар аралығында шетелдегі отандастарды қолдау мәселесі, 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама кешенді шаралар және алты бөлімнен құралды: ғылыми қамтамасыз ету, нормативті-құқықтық база, білім беру, мәдениет, туризм және спорт, кітап баспасы және бұқаралық ақпарат құралдары мәселесі, ұйымдастыру шаралары. 1991 жылдан 1998 жылға дейiн Қазақстан 170 мың 416 отандастарымыз қоныстанды, оның iшiнде Моңғол елiнен, Ираннан, Түркиядан, ҚХР-нан, Ауғанстаннан, Сауд Аравиясынан, ТМД елдерінен қоныс аударғандар [ 8,-145б.] республиканың барлық облыстарының төңiрегiне, негiзiнен ауылдық жерлерге орналастырылды.
1991-1999 жылдар аралығында ҚР Президенті белгілеген иммиграция квотасына сәйкес, Маңғыстау облысына Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Түркиядан 5392 отбасы қоныстанды [ 9,-6п.]: Репатрианттарға бір реттік жәрдемақы, көлік шығынының төлем ақысы төленді. 1992-2000 жылдар аралығында Ақтау қаласында мемлекет есебінен репатрианттарға арналған 222 пәтер сатылып алынды, оның ішінде 206 пәтерді Иран және Ауғанстаннан келген оралмандарға, 16 пәтерді таяу шетелден келген репатрианттарға берілді. Маңғыстау облысы әкімінің 1996 жылдың 26 маусымындағы " Ақтау қаласы бойынша репатрианттарға берілген пәтерлерді жекешелендіру " шешімі негізінде пәтерлер жекешелендіріліп, оралмандарға жеке меншікке берілді. Тұрғын үймен қамтылмаған репатрианттар есебі жүргізіліп, тіркеуге алынды. Ираннан келген оралмандардың балаларын тегін оқыту жүйелі ұйымдастырылды, мектеп жасындағылар жалпы білім беретін мектептермен қамтылды. Ираннан келген оралмандардың 13 баласы облыс ЖОО-да білім алды, республиканың басқа аймағындағы жоғары оқу орнынына түскісі келетін оралмандар балалары есепке алынды. Азаматтарға, алыс және таяу шетелден келген оралмандарға әртүрлі әлеуметтік көмектер жүргізілді. Аз қамтылған азаматтарды қолдау бойынша қордан 21 отбасына( 37,7 мың теңге) қаржылай көмек, 7750 кг ұн, 26 репатриант әрқайсысы 400 АҚШ долларынан шағын несие алды. Оралмандарды жұмысқа орналастыру және коммуналды қызмет үшін уақытында есеп айрысу мәселесінде туындаған қиыншылықтарды әкімшілік облыстық қаржы басқармасымен қоныстандыру өтемақысы бойынша қарыздардың коммуналды қызметтің( 4 млн. теңге) төлем есебін жүргізу мәселесін қарастырды. Ираннан келген репатрианттар өндірістің түрлі салалары мен халыққа қызмет көрсететін орындарға жұмысқа орналастырылды: АҚ " Қаражанбасмұнай ", ААҚ " Маңғыстаутұрмыс ", ЖШС " Ақтау-LTD ", АҚ " СМУ Каскор ", ММ " ТВС и В ", АҚ " ММГ ", АҚ " МРЭК ", РММ " МАЭК ", қалалық оқу бөліміне және жеке кәсіппен қамтылды. 1999 жылы 72 адам жұмыспен қамтылып, басқармадан репатрианттар кеңесі құрылды. 1999 жылдың желтоқсанында 1996-1999 жылдар аралығындағы таяу шетелден келген репатрианттарға берілетін қоныстандыру жәрдемақысы бойынша мәселе толықтай шешімін тапты. 1999 жылы Түркіменстаннан
21