¹ 1( 1) 2015
Àññàìáëåÿãà 20 æûë
Берілген мақала шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің 1990-2000 жылдары аралығында Қазақстанға оралу үрдісін зерттеуге арналған. Көші-қон мәселесін мемлекеттік реттеу саласындағы жетістіктерге ғылыми тұрғыдан баға беріледі.
Статья посвящена изучению процесса репатриации оралманов в Казахстан в период с 1990 по 2000 годы. Автор дает научную оценку достижениям Казахстана в сфере государственного регулирования миграционных процессов.
ЕРІМБЕТОВА ҚҰНДЫЗАЙ МЫРЗАШҚЫЗЫ
Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т. ғ. к. Астана қ., Қазақстан
The given article describes problems of returning foreign expatriate community to their motherland between 1990- 2000 years. It is also stated about founding ways of solving country`s migrational problem.
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЛГЕ ОРАЛУЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Тарихи кезеңдерде қазақтардың шетелге бағыт алуы елдің әлеуметтік-саяси жағдайымен тікелей байланысты болғандығы бүгінгі күні құпия емес. Ел тәуелсіздігі сырттағы талай қандастардың жүрегін толқытты, үкілі үміттерін жүзеге асыра, нақты шешімдер қабылдауларына негіз болды. Кейбір қандастар қоғамның өтпелі кезеңінде қоныс аударса, тағы да ел ішіндегі өтпелі кезеңге тұспа-тұс елге оралды. Себебі 1990-шы жылдар басы қазақ елі сын-қатерлердің бел ортасында еді. Экономикалық әлеуетті орнына қою, демографиялық қалып орнату, саяси қатынастарды ретке келтіру бір мезгілде қолға алынуы ең маңызды қажеттілікке айналды. Дәл осы кезеңде қандастарды қабылдауға да мемлекеттік қолдау қажеттілігі күн тәртібіне қойылды.
1990-2000 жылдар аралығында тұрғындардың ерекше әлеуметтік және демографиялық өзгерістер үрдістері қоғамның барлық жүйесінде: қоғамды жаңғыртуда, экономика салаларында болсын жайлы да, жайсыз да үрдістермен сипатталды. 1990 жылдардың басында бұрынғы қалыптасқан әлеуметтік құрылымның ыдырауымен, мемлекеттік құрылымның өзгеруі тұсында, Қазақстан халқы өмір-тіршіліктерінің болашақтағы әрекеттерін жоспарлау мәселесіне келгенде де дағдарысты күй кешті. 1990 жылдардың ортасында әлеуметтік құрылымды қалыптастырудағы келеңсіздіктер: экономикалық фактор әсерімен( 1991- 1996жж. өндірістің төмендеуі) тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, " ауылқала " бағытындағы көші-қон легінің өсуі көрініс берді. Сонымен қатар жаңғырту кезеңіндегі құндылықтар жүйесінің дағдарысы, әлеуметтік саланың төмендеуінен байқалды.
Республикада 1990-1995 жж. ішкі жалпы өнім көлемінің күрт төмендеуі байқалды. Тек 1996 жылы ІЖӨ көлемінің төмендеуі тоқтатылып, 1997 жылы 1,7 % өсім берді. Сыртқы факторлардың әсерінің нәтижесінде 1998 жылы 1997 жылмен салыстырғанда ІЖӨ нақты көлемі 2,6 %-ға төмендеді. 1998-2000 жылдарға араналған кедейлер мен үйсіздерге көмек берудің Мемлекеттік Бағдарламасының жобасы қажеттілікке айналды [ 1 ].
20
( 1990-2000-шы жылдың басы)
Көші-қон саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкімет органдары, қоғамдық бірлестіктер алдындағы( сыртқы және ішкі саясат, әлеуметтік-экономикалық, заңнамалық, ақпараттық салалары бойынша) міндеттердің нақтылануының да маңызы зор болды. Көші-қон үрдісінің мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдің экономикалық және демографиялық жағдайына әсері мол. Мысалы, 1990-жылдардың басында Ақмола облысында тұрғындардың сыртқа қоныс аударуына байланысты, 1994 жылы көші-қонның теріс айырымы- 33,6 мың адамды құрады, одан кейінгі жылдары мемлекеттік көшіқон саясатының жүзеге асырылуымен сыртқа кететіндер саны кеми бастады. Мысалы, 1994 жылы кеткендер саны- 61,1 мың, 1995 жылы- 47,7 мың, 1996 жылы- 34,1 мың адамды құрады. 1996-1999 жылдары Ақмола облысы көлемінен 94,6 мың адам кетсе, 8,9 мың адам келген. Бұл этникалық топтардың тарихи отанына оралуына байланысты негізінен Германия және Ресейге қоныс аударған. 1999-2000 жылдары облыстың сыртқы көші-қоны тұрақтана бастады.
1990 жылдар көші-қон әсерімен тұрғындардың табиғи өсімі төмендеу үдерісі байқалды. Мысалы, 1996 жылы табиғи өсім- 1869 адамды құраса, 1997 жылы- 1183, 1998 жылы- 1002 адамды, ал 1999 жылдың 9 айында 169 адамды ғана құраған [ 2 ]. Демографиялық жағдайды тұрақтандыру үшін көші-қон легін реттеуді қамтамасыз ету шаралары белгіленді: облыстың шағын қалаларындағы экономикалық әлеуетті сақтап қалу мен дамыту мақсатында еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды тұрақтандыру; еңбек ресурстарын толықтыру үшін репатрианттарды біріктіріп орналастыру; еңбекпен қамту және репатрианттарды экономикалық бейімдеу бағдарламаларын қажетті ресурстармен( өндірістің несиелік, негізгі қаржыларымен) қамтамасыз ету. Сол сияқты демографиялық саясат саласына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселелерін шешу қажет болды. Ауыл тұрғындарының денсаулығына, ана мен баланы қорғау, бұрынғы жеңілдіктерді қалпына келтіру арқылы көпбалалы отбасыларына қамқорлық жасау мен қолдауға қатысты даму басымдылықтарын