EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 16

¹ 1( 1) 2015
Àññàìáëåÿãà 20 æûë
Кез келген ел үшін татулық, бірлік, келісім- ең асыл қазына. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Дархан даламызда 140- тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату- тәтті тұрмыс кешіп жатыр. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше көңіл бөліп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. " Береке басы- бірлікте ", " Бірлік бар жерде- тірлік бар ", " Ырыс алды- ынтымақ " деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер соның айғағы. Болашақтың
С. М. СЕЙЛГАЗИНА Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ аграрлық факультетінің деканы, а / ш ғ. д., профессор
Г. И. ДЖАМАНОВА Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ қауымдастырылған профессоры м. а.
А. С. ҚОЙГЕЛЬДИНОВА в. ғ. к., Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ доценті м. а.
Е. Б. СЕРІКҚАЗЫ, Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ студенті
Қ. М. ТҰРЛЫБЕКОВ Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ студенті
Мақала Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қазақстандағы ұлттар мен этникалық топтар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтудағы рөлі туралы баяндайды. Автор Ассамблеяны елдегі бірлікті қамтамасыз етумен қатар ел экономикасын дамытуға үлес қосушы ұйым ретінде бағалайды. Сонымен қатар мақалада Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері қарастырылған.
В статье рассматривается роль Ассамблеи народа Казахстана в укреплении мира и согласия между различными этносами и народностями, населяющими Казахстан. Автор рассматривает Ассамблею не только как орган, объединяющий народ Казахстана, но и организацию способствующую развитию экономики страны. В статье также рассматриваются актуальные вопросы развития агропромышленного комплекса Казахстана.
The article describes the role of Assembly of People of Kazakhstan in strengthening unity between nations in the country. The author respects assembly which has provided unity all around the country and also as union which helps in developing Kazakhstan`s economy. Likewise this article also concerns nowadays problem in developing agricultural sector.

БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ, БЕРЕКЕНІҢ ҚОЙНАУЫ- ҚАЗАҚСТАН

бірліксіз болмайтынын болжай білген көреген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. [ 1. 247-250 ]
Алғаш Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы бұл күндері дербес интитут болып отыр. 20 жылдық тарихы бар, мемлекетіміздің саяси және мәдени өмірінде ойып тұрып орын алған ұйымға айналды. Халық үшін бірлік пен татулықтан құнды еш нәрсе жоқ, сірә. Сондықтан тәуелсіз ел болғаннан кейін еліміз осыған баса назар аударуда. Бүгінгі ассамблея этносаралық және конфенсияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып отыр. Жерімізде өмір сүріп жатқан этностардың тең құқығын қамтамасыз ететін бірден-бір ұйым. Құрылған күнен бастап ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға айрықша үлес қосты. Ассамблеяның негізгі мақсаты әрбір ұлт өкілдерін бір мақсатқа жұмылдыру. Ол органдардың халықпен үндесуін, этностармен түйіткілді мәселелерді шешуге ат салысуда. Еліміздің әр түкпірінде Достық үйлері құрылып ортақ жемісті жұмыс жасауда. Халық бірлігі- мемлекеттің маңызы екенін ескерсек, онда дамуы елімізде тұрақтылықтың болуына мүдделі. Ассамблея қызметі нәтежиесінде этностық немесе діни ерекшеліктерге қарамастан әрбір азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қолдана алатын этносаралық және конфенсияаралық келісімнің айрықша үлгісін қалыптастырды. Қазақстан халқы ассамблеясының алға қойған мақсаты этносаралық қатынас саласында
14