EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 17

Àññàìáëåÿãà 20 æûë
мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді байланысты қамтамасыз ету . Осы мақсатта халықтар бірлігін нығайту , қазақы құндылықты қолдау , экстримизм және радикализмге тойтарыс бере отырып , саяси мәдениетті қалыптастыру . [ 2 . 86 ]
Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізіп отыр . Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай , экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген . Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр . Қазақ жұрты қашанда татулық бар жерде ырыс бар деп түсінген . Қазақстанның экономикалық дамуы , этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы , ең алдымен , қазақ ұлтының еншісінде екендігі анық . [ 3 . 192 ] Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерей тойына орай Елбасының жарлығымен 2015 жыл - " Ассамблея жылы " деп жарияланды . Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып , елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді . Біз - ынтымағы жарасқан елміз . Бірліксіз ел тозады , бірлікті ел озады . Ұлы мақсатқа , " Мәңгілік елге " сапар шеккен Елбасы идеяларының өміршең болуына біз жауаптымыз . Сондықтан қазақ айтқандай , " Саусақ ашса - қылдырық , жұмса - жұдырық ", барлығымыз - бір , тірлігіміз нұр болып болып қызмет етсек , асқақ асу да алынады . [ 4 . 271 ]
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бар қазақстандық-тардың заң алдында терезесі - тең , керегесі - кең . Қазақстан болашағы ынтымағы жарасқан , татулық пен бірлікті ту еткен білімді
¹ 1 ( 1 ) 2015
жастардың қолында . Біздің университетімізде қазіргі күні сан түрлі ұлт өкілдері білім алуда . Бүгінгі студент , ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстайтын азамат . Тұрақтылық пен теңдікті бойына сіңірген жастар күмәнсіз елімізді өрге сүйрері анық . Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ауылшаруашылығын дамыту болып табылғандықтан , аграрлық секторға бүгінде үлкен көңіл бөлінуде . Осы орайда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры , саяси ғылымдарының докторы , профессор Ш . А . Әмірбековтың қолдауымен аграрлық факультетінде студенттердің кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылған . Орталықта ұлты мен ұлысына бөлінбестен , ғылымды серік еткен болашақ ғалымдар жұмыс атқаруда . Жеткілікті мөлшердегі қаржыландыру мен білікті жетекшілер арқасында түрлі инновациялық жобалар жүзеге асырылуда , және өзінің алғашқы оң нәтижелерінде беріп жатыр . Қазіргі таңда әлемнің қаншама елінде тұрақсыздық белең алуда . Бейбіт тұрғындар жапа шегіп жатыр . Осындай оқиғаларды сөз еткенде , ылғи Қазақстанның ұстанымының түп-төркінін терең ұғынады . Қысқасы , бейбітшілік пен келісімнен асқан дүниенің жоқтығын түсінеді . Бұл асыл қазына болмаса , ешбір істің алға баспайтынына көптің көзі жетуде . Ассамблея осылайша елдің басын біріктіруші күш екенін көрсетті . Бірлік бар жерде тірлік болатынын дәлелдеді . Біртұтас Қазақстан халқының бөлінбес бір бөлшегі ретінде баршамызды толғандырытын мәселе , ол - әрқайсысымыздың Қазақстанның бір азаматы ретінде ұлтаралық тұрақтылықты нығайтып , халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту . Біздің бәріміздің мақсатымыз бір : туған топырағымыздың , ортақ Отанымыздың , қасиетті мекеніміздің өркендеуі . [ 5.255-258 ] Бұл - біздің ортақ табысымыз , ортақ мақтанышымыз . Сондықтан Елбасы бастамаларының өмірде шынайы жалғасын тауып , ұрпақ сабақтастығында бүкілхалықтық қолдау табуына біз әрқашан жауаптымыз . Болашақтада бірлікті ту етіп еліміз көптеген белестерді бағындыратынына сенімдіміз .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1 . Касымбеков М . Б . Первый Президент Республики Казахстана Нурсултан Назарбаев . Хроника деятельности . - Астана : Деловой мир , 2009 , - 247-250 б . 2 . Әбжанов . Х . М . Қазақстан : тарих , тіл , ұлт . - Астана : Ана тіл - Ата тарих , 2007 , - 86 3 . Касымбеков М . Б . Лидер и независимость . - Астана : Қазақ энциклопедисы , 2010 , - 192 б . 4 . Казахстан . Национальная энциклопедия . - Атамұра : Алматы , 2004 , - 271 б . 5 . Касымбеков М . Б . Первы Президент Республики Казахстана Нурсултан Назарбаев Хроника деятельности . - Астана : Сарыарқа , 2008 , - 255-258 б .
15