EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 15

Àññàìáëåÿãà 20 æûë
жасырынған жау тәріздес қоғамымыздың арасында БАҚ құралдары арқылы Сириядағы қазақтың жас балаларының жан түршігерлік қатігездігі мысалында еліміздің бейбіт, тату, еңселі ел екендігіне күмән келтіруге тырысып бағуда. Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың іс-әрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм- діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін( ислам мемлекетін құру), дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда- терроризм( лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқығын жаппай бұзумен катар жүреді. Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады. Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса
¹ 1( 1) 2015
да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін " Харам мен халал "( арам мен адал), " өзіңе қалағаныңды басқаға да қала " деген қағидалар болмайды. Оларды ң басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиы н. К інәл ілер айыптауш ыларды- над ан, жалақо р ретінд е азғыруы да мүмкін. Исл ам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын оры ндау, өр кени етті қоғ ам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу- діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар.
Сондықтан біз жас ұрпақты тәрбиелеуде діни сауаттылыққа, яғни, деструктивті ағымдардың шынайы бет-бейнесін ажырата алуға үйретуді басты назарда ұстауымыз керек. Еліміздің ертеңгі күнін өз қолымен жасайтын жастарымыздың Қазақстанның тәуелсіздігі мен бейбітшілігінен асқан құндылық жоқ екенін түсінуіне жағдай жасауымыз қажет.
2015 жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. " Нұрлы жол- болашаққа бастар жол " ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // http:// akorda. kz / kz / page / page _ 218342 _ 2. Шәріпбаев О. Дамудың жаңа межесі // Семей таңы.-2011 жыл.- 9 ақпан. 3-бет 3. Дулатұлы М. Он алтының ойраны // Жұлдыз,.-1991.- № 6.-108-109 беттер 4. Нұғыманова Б. Елім менің // Мектептегі мерекелер.- 2006.-25-26 беттер 5. Қазақстан тарихы. 9-сыныпқа арналған. Алматы: " Мектеп ".- 2012.
13