¹ 1( 1) 2015
баса алмай жығылып жатқан, біреу қандай күнәсұмдығымнан мұндай күйге ұшыраттың құдай!- дегендей, қимылдауға шамасы келмей, көкке қарап жатып, туған жерге жету мұңлы зарына айналып мәңгілік ұйқыға кеткен шалды, жас баласын бауырына қысып, құшақтаған күйінде өлген жас келіншекті көресің. Бұлардың мұндай халіне қайғырар ешкім жоқ, тек топтоп қарға-құзғын, ит-құс айналаны жамырып жатқанын көресің. Мұның бәрі ертегі емес, болған іс! Кеудеде шыбын жаны қалғандары еліне жетті. Бұлар не көрді? Қорақопсысы ойран болған, қоймалары таланған, малдан адал қара қалмаған, жеріне егін салар жан қалмаған. Аяқ жетер жерде азық жоқ, азықты жерге жетер көлік жоқ, көлік болса азық жоқ, қалың алаш алыста, қаны басқадан қайыр жоқ. " Тағы дағдарыс, ашаршылық, тағы өлім... Бостандық туды, жадырап жаз шықты, күлімдеп күн шықты, бірақ ол бейшаралардың басынан қара тұман серпілмеді, әзірейіл қылышын қынабына салмады. Басы аман, малы түгел ағайын жеткілікті жәрдем бере алмады, әрі-беріден соң олардың халын ұмытуға айналды.
Қазақ баласы қырылып жатыр екен деп табиғат өзгермеді, тағы да қыс түсті. Бейшаралардың халы бұрынғыдан мың есе жаманға айналды. Бір жылдың ішінде өлгені жүз мыңнан асты. Енді бұл қыс талайын қырған шығар. Қанша өлгенін ақ кебіндей қар жасырып жатқан шығар.
Міне қар кетіп, жаз шығуға айналды. Құзғын қарға той қылар, ауа сасыр... бірақ адам баласы жан себіл екен, әлі де өліп біте қойған жоқ көрінеді, тірілеріне тамақ та табылып қалды дегенді естіп отырмыз: тірілері қолына не түссе соны жеп жатыр дейді. Бұған алаш, я қуанарсың, я жыларсың, өзің біл. Жыласаң- ағайындығың. Бірақ сенің көз жасың ашқа тамақ, жалаңашқа киім болмайды. Көз жасы көмекке жарайтын болса, өзгеден кенде болса да, олар көздің жасынан, көңілдің қайғысынан кенде емес еді " [ 3:109 ].
Жоғарыда айтылған оқиға Жетісу облысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті жаншу барысында Қытайға босып кеткен 238 мың қазақ баласының тағдырынан келтірілген үзінді еді. Ал басқа облыстар да жағдай қандай еді?!
" Енді бұл күнде Жетісуға көрші Сырдария облысының қазағы ашаршылыққа, қырғынға ұшырай бастады. Бұл елде өткен жазда егін, шөп шықпай, қысқа қарсы малдары жұтап, шеттен астық келмей, келтіруге шамасы жетпей, Жетісудай болмаса да бастарына қараңғы күн туды. Шет жағасы бөтен елдерге ауып, бұлардың да адамдары сатылып, берекесі, елдігі кетуге айналды " [ 3:109 ]. Осындай қиын қыстау күндері ұлт зиялылары қазақ халқына қандай үндеу тастады?
" Осы екі облыста аш-жалаңаш қазақ бауырларға жұрттан жеткілікті жылу жинап, рулы елімізді өлімнен аман алып сақтап қалу мақсатымен Семей облысының Алаш қаласында1 қазақ комитеті мен жастардың " Жанар " атты ұйымы басшылық етіп қауым жасады. 5- наурызда қауым ортасынан іс басқаратын бес кісілік комитет сайлап шығарды. Қауымның бастығы- Әлихан Бөкейханов, жәй бастығы, көмекшісі Мұқаш Поштайұлы болды. Комитет
Төрағасы- Міржақып Дулатұлы, орынбасары- Жүсіпбек Аймауытұлы, хатшысы- Мұхтар Әуезұлы, қазынашысы- Абдолла Есіркепұлы, тағы бір мүшесі- Абдолла Қоскейұлы. Мәжілісте 7 мың сомдай жылу жиналды. Комитет іске кірісті " [ 3:109 ]. Енді осы комитеттің белді мүшесі Міржақып Дулатұлының үндеуіне назар аударалық. " Саналы алаш! Мына екі облыстағы бауырларымыздың жайы бәрімізге мәлім. Біз жұрт боламыз, тізгінімізді өзіміз аламыз деп отырмыз. Жұртымыздың бір жағы мынадай
Àññàìáëåÿãà 20 æûë
жоғалғаны тұрғанда, кіммен жұрт боламыз? Кеше бір облысымыз ойран болса, бүгін екінші облысымыз мынадай апатқа ұшырап тұрса, ертең үшінші, арғы күні төртінші облысымыздың басына, сүйте-сүйте бәріміздің басымызға мұндай халдың келмесіне қайдан көзіміз жетеді?! Тұтанған өртті мезгілінде сөндірмесек, ол өртке ертең бәріміз де шалынбаймыз ба? Шарпылмаймыз ба? Сонда бізді кім жұрт қылады! Онда біз жұрт болмаймыз, жоғаламыз. Мейірімді алаш! Рулы елің қан жұтып тұрғанда, сен май жұтпа! Ата-аналар! Сендер балаларыңды еркелетіп, маңдайынан сипап, күнге, желге қақтырмай отырғанда, өздеріңдей қазақтың баласы шетке сатылып, көзіне шыбын үймелеп, жетімдікте жүргенін, бір түйір тамаққа, бір жұтым сусынға зар болып жылап отырғанын ойланыңдар! Сендердің қыз-келіншектерің алтын-күміске малынып, бойларын түзеп, жылы үйде, жәйлі төсекте отырғанда, ол қазақтың әйелі мен қыздары күндікте, ашжалаңаш, абыройынан айрылған жайы бар. Атқа мінген азамат! Сендерге ел керек, жұрт керек болса, басшылық қылып, алашты аман сақтау қамына кірісіңдер!- Намыстан, алаш!- Жігерлен, алаш!- Тас бауыр болма алаш!" [ 3:109 ]. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде 3000 адам жазаланып, көтерілістің 12 басшысы жұрт алдында дарға асылды, 238 мың адам Қытайға көшіп кетіп, қазақ халқы жарты миллиондай адамынан айрылса, 1918-1920 жж азамат соғысы барысында бүкіл Кеңес Одағы жерінде 8 миллиондай адам қырылған еді, оның қаншамасы қазақ бауырларымыз еді. 1931-33 жж 1 миллион 820 мың қазақ аштықтан қырылды( 5). " Неткен мықты мынау қазақ! 20- жылғы кәмпескеден, 30-жылғы аштық пен репрессиядан 40-жылғы алапат соғыстан, 50-жылғы сталиндік бұғаудан 70-жылға созылған мәңгүрттіктен аман қалған бұл қазақ!" [ 4:26 ]. 1986 жылғы " Желтоқсан " оқиғасы кезінде Алматы қаласының көшелеріне азаттық көктемі үшін айқасқа шыққан қазақ жастарының алғы легінде болып жалаға ұшыраған өреннің өз жүрек естелігі, жан толғанысы: " Жас арудың жанарында-Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның Қара тұман қабағында- Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да-Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да-Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан ". [ 4:26 ]. 1989 жылы 29 тамызда Семей полигонының жабылуы-бұл да қазақ халқының бейбітшілікті әскери мансаптан жоғары қоятындығының дәлелі болды. Осынау әлемдік маңызы бар қадамды жасаған Н. Ә. Назарбаев туралы Тұманбай Молдағалиевтің " Тұңғыш Президент " деген өлеңі біздің түйткілді ойымыздан шықты: " Шықты тарап ой данадан Бет қарады жұлдыз беті, Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар президенті. Шырақ етіп өмір нұрын Алыс тартты алдағы жол. Ел намысын, елдің жүгін Арқалаған ардағым ол " [ 4:26 ]. Міне осындай тарихы бар қайран халқымның қаншама біртуар азаматтары елі мен жері деп еңіреген ерлер елі, " Отан " дегенде ішкен асын жерге қойған қас батырлар жері, дана да данышпан кемеңгер жандар мекені Қазақстан үшін діни экстремизм қаупі біздің тәуелсіздігіміз бен бейбіт елімізге жар астында
12