Àññàìáëåÿãà 20 æûë
¹ 1( 1) 2015
Мақалада мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесі баяндалған. Автор Қазақстанның тәуелсіздік үшін күрес тарихын баяндай келе, өскелең ұрпақ бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың маңызы туралы ойларымен бөліседі.
В статье рассматривается вопрос о патриотическом воспитании школьников. Автор делится своими мыслями по поводу прививания патриотических ценностей учащимся на примере обучения истории народно-освободительной борьбы казахского народа.
ИМАНГОЖИНА НАЗГҮЛ ТУРСЫНГАЗИНОВНА
Семей қаласындағы Т. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі
This article is concerned with a problem of teaching patriotic feelings for school children. The author shares his thoughts about importance of teaching patriotic feelings by describing Kazakhstan`s history of struggle for independence.
ТӘУЕЛСІЗДІК- БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ
" Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де " Мәңгілік Ел " деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю- бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні- осы! Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз- Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз [ 1 ]
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын Атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдарда шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы ретінде Елорданы қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Осы жолдау сенімсіздіктен арылтып, болашақты бұлдыр емес, баянды етеді. Мемлекетіміз бекіп, өміріміздің барлық салаларын жеделдете жаңғырту кезеңі басталғандай [ 2 ]. Осынау тәуелсіздік бізге қандай құнмен қол жеткізген бақыт таңы екенін бағамдау осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Бәріміз қазіргі таңда ел тарихының " ақтаңдақтарын " түгендеп, егеменді еліміздің тарихын тәуелсіздік таң шапағына оянып, азаттықтың атына мінген азаматтардың балаларына, бейбітшіліктің нанын жеп отырған бүлдіршіндерімізге еркін үйрете алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Осы емес пе нағыз бақыт, нағыз баға жетпес құндылық?!
Осы күнге бізді жеткізген ата-бабамыз осы тәуелсіздік таңын қалай аңсаған, олардың қандай армандары болған екен деген сауал осы зерттеу жұмысының зерттеу объектісі болып таңдалып отыр.
ХVІІІ ғасырда Жоңғар хандығы қазақ жерін жаулаумен болды. Бұл жылдар қазақ халқының тарихында " Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама "( 1723-1727 жж) деген қаралы атпен қалды. Осы қайғылы қаралы күндер туралы Қожаберген жырау " Елім-ай " әнінде былай деп жырлайды: " Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел жұртыңнан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді ".
Осы кезең Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығында дөп басып суреттеледі: " Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды- қалың қалмақ. Артыңда- ор, алдыңда- қор, жан-жағы- жау, Дағдыраған алаш енді қайда бармақ?" Осы қысыл таяң кезеңде тарих сахнасына Қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай сияқты аруақты батырлар, Төле би мен Қазыбек, Әйтеке би сияқты кемеңгер билер, Абылайдай айлалы саясаткер шығып еді. Ер Абылай бүкіл қажыр-қайраты мен ақыл-айласын тек қана осы мүддеге бағындыра білген, осы мүддені жүзеге асыру жолында ол ерлік ісімен де, шешендік-тапқырлығымен де төңірегін таң қалдырып, өз замандастарының бәрінен де бір бас жоғары тұрған адам еді. Қазақ халқы " Ақтабанды шұбырындыдай " нәубетті ХХ ғасырда тағы да басынан өткеріп еді.
"... Жетісу облысындағы қазақтың басына қияметқайым күндер туды. Жігіт бермейміз деп қарсылық қылғаны үшін оққа ұшып, қаншасы өз жерінде бір қырғын көрді. Басшы адамдары дарға асылды. Рахымсыз үкіметтің қарулы әскеріне қарсы тұра алмай көбі Қытай жеріне босты. Мал мүліктің көбі орыс әскерінің қолына олжаға түсті. Көрші мұжықтар жау болып, тал түсте талады: өлтірді, адамын байлап, малын айдап алды. Босқандар айдап көшкен мал-мүліктен жолшыбай айрылды. Жаяу жалпы, үйсіз-күйсіз Қытай жеріне жеткенде қар жауды, қыс түсті. Онда жанашыр жақын таба алмай тағы бір қынжылды. Аштан өліп бара жатқан соң қалмақ, қытайға бала-шағаларын сата бастады. Адам базары ашылып, баланың құны бір шелек бидайға шықты. Бойжеткен қыздарын, жас келіншектерін қаны қара қалмақтар қатындатып әкетті. Аш-жалаңаш, аузына не түссе соны жеп, қайда болса сонда жатып, неше түрлі дертке ұшырап, тағы қырылды. Бақытсыз сорлылардың мұң-зарын, көз жасын естір құлақ, көрер көз болмады. Туған жер, өскен ел, кешегі бастан кешкен қызық дәурен көз алдынан бұлбұлдай ұшты. Мыңды айдап, жүзді сапырып шалқыған байлар бір үзім нанға зар болды. Атадан ұл, анадан қыз, жардан жар айрылды. Жүрек қанға, көз жасқа толды. Жетім-жесір ботадай боздады...
Жұрттықтан, тіршіліктен күдер үзіп, бұл опасыз дүниеге қош айтысуға таянып тұрғанда, бостандық туды. Бұл хабарды естігенде, жүректері жарылғандай қуанып, аһдүние, тым болмаса елге жетіп, алаштың ортасында өлсек арман бар ма деп, қайта шұбыра бастады..." [ 3:108 ].
Басы-қасында болмаған, көздеріңмен көрмеген алаштың балалары, бір минут көздеріңді жұмып, қиялға салып қараңдаршы, сонда көз алдыңа тәлтіректеп аяғын
11