EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 88

¹ 1-2( 16) 2017
Біздің дала бай дала Алтын астық айнала.
Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Балалар кезекпен:
Мен қиярмын, қиярмын, Дәмділікті жиярмын. Салаттардың сәнімін Жеп көрші қане, дәмдімін.
Менің атым- қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын.
Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер? Хормен: 1- қыркүйек- Білім күні. 22- қыркүйек- Тіл мерекесі.
Балалар кезекпен:
Оқуға алғаш келгенде Болсын деп білім серігім Қиялым қанат бергенде, Жүзбек боп ғылым теңізін Қарсы алды күліп мектебім Тұр екен дайын партасы Бақытқа мұндай жеткенім Алтын күздің арқасы.
Күзім- ау, күзім- ау, Мінезің бұзық- ау, Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық- ау. Бау- бақша тосады Тосады, достарым. Дастархан толған дәм, Жайдары аспаным Ойнаймыз, күлеміз, Достықты білеміз.
Менің атым- қазан. Күзгі жиын- теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той- думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен:
Қазан айының алғашқы жексенбісі- Ұстаздар күні. Қарттар күні, сабантой.
Балалар кезекпен:
Мұғалім- ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың, Өмірде сенің алар орыныңды Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Менің атым- қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Қараңдаршы көзің тоймас. Күз деген бір жақсы уақыт Ойда, қырда, таудың іші, Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі? Неге айтамыз " Алтын күз " деп.
Балалар кезекпен:
" Алтын күз " деп Біз айтамыз сол үшін де, Сары алтындай, сары қауын Көп піскен соң бақ ішінде.
Жаңа піскен алмабаққа Көзің тоймас қарасаң да, Қараңдаршы сары алтындай Жапырақты қайың, талға Мұны көріп күзді қалай, Теңемессің сары алтынға.
Мұғалім: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
" Еңбек етсең емерсің " деген осы. Ендігі кезекте қыздарымыздың сайысына кезек берейік.
Сайыс бес кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру. 2. Сұрақ- жауап 3. Өз өнері 4. Күзгі салат жасау. 5. Күзгі сән үлгісі
Ïåäàãîãèêà
86