EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 89

ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА САУАТ АШУ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 1-2( 16) 2017
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің даярлық тобы тәрбиеленушілеріне өткізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока для учащихся подготовительных классов средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
НУРПЕИСОВА АЙГУЛЬ ХАМИТХАНОВНА
ШҚО, Аягөз ауданы, " С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп " КММ мектепалды даярлық тәрбиешісі
This work represents itself the lesson plan of the Kazakh language for pre-school pupils. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.

ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА САУАТ АШУ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Білім беру саласы: " Коммуникация " Бөлімі: Сауат ашу негіздері Тақырыбы: " Г " дыбысы мен әрпі Мақсаты: " Г " дыбысымен және әрпімен таныстыру. " Г " дыбысы бар сөздер ойлату. Сөз ішінен " Г " дыбысының орнын тапқызу, дыбыстық талдау жасату. Тапсырмалар арқылы Г дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту. Буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін дамыту. Есте сақтауға, қызығушылыққа тәрбиелеу Көрнекілігі: Акт, кеспе әріптер, үлестірмелі материалдар.
Әрекет кезеңдері Ой қозғау
Іздену-ұйымдас тырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті
І Шаттық шеңберіне тұру
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым! Арайлап атқан қүнге!-Бүгін аптаның күні? Қай мезгіл?- Балалар, таңертең бізге хабарлама түсті, тыңдайық!- " Сәлеметсіңдер ме достар! Мен сендерді өзімнің таңғажайып ертегі еліне шақырамын Әрине сендер ғажайыпқа сенсеңдер, құпия кілтті тауып, " Әріптер мен дыбыстардың сиқырлы әлеміне тап боласыңдар " Сиқырлы әлемнің тұрғыны Бауырсақ-сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме?-Қызықты саяхатқа барғыларың келе ме?-Ендеше құпия кілтті тауып саяхатымызды бастайық
Буындар жоғалыпты, табайық. Д / о: " Жоғалған буындар " Буынның жартысы жазылған, келесі жартысын тауып кілтті алады. Шыққан сөздерге дыбыстық талдау жасату-жарайсыңдар, сендер құпия кілтті таптыңдар. Енді біз " Әріптер мен дыбыстардың сиқырлы еліне " аттанамыз 1 тапсырма: қандай әріптер шашылып жатыр оқып жіберейік- Ал, мына әріп таныс па?- Әрі дегеніміз не?- дыбыс деген не?- мына әріп қай дыбыстың таңбасы?- Әріптің арында жұмбақ жасырыныпты, тыңдайық, шешуін тапсақ, қай дыбыс екені шығады.
Балалардың іс-әрекеті
Бір- біріне жылы сөздер айту
Балалардың жауабы
Ө-зен, ө-рік, ө-нер өр-нек
Балалар хормен оқиды К, Ү, И, Ң Жоқ Дыбыстардың таңбасы, көреміз, оқимыз, жазамыз.
87