Ïåäàãîãèêà
¹ 1-2( 16) 2017
Берілген әдістемелік жұмыс- бастауыш сынып оқушыларына өткізілетін тәрбие сағатының үлгісі. Әдістемелік жұмыс бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлеріне, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттарының назарына ұсынылады.
ОМАРХАНОВА ӘСЕМ БОЛАТҚЫЗЫ ҚАЛЫШЕВА НҰРБАНУ БҰРМАНТАЙҚЫЗЫ
Аягөз қалалық "№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері
Данная методическая работа представляет собой разработку классного часа для учащихся начальных классов. Работа будет интересна учителям и методистам начальных классов, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work represents the plan of class hour for primary school pupils. The work will be interesting to teachers and methodologists of primary school as well as to students and undergraduates of pedagogical specialties.
Тақырыбы: Армысың, Алтын күз! Мақсаты: 1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдері мен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу; 2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
" Еңбек түбі- береке " деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу. Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Мұғалім: Армысыздар Құрметті ұстаздар оқушылар! Табиғат- күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық береке әкелетін мезгіл. сондықтан да адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға берді. Алтын дейтін себебі, біріншіден айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата-бабаларымыз Сабан той өткізіп күз берекесін тойлап отырса әрбір мектепте осы күз тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, аяулы алтын күз мерекесімен құттықтаймын!
Балалар кезекпен: Армысың сары алтындай Алтын күзім " Күн нұрын төккендей боп жапырағың. Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне, Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.
Нағыз Алтын күз- қыркүйек айы. Қыркүйек- ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз- мереке, күз дегеніміз- береке.
Балалар кезекпен:
Алтын нұрдай тамшылап. Жапырақтар төгілді Біздің өмір таң шуақ Біздің өмір көңілді.
АРМЫСЫҢ, АЛТЫН КҮЗ!
Дала біткен жайдары Құлпырыпты, түлепті, Ақ бидайды айдарлы Жапан түзге кім екті.
Диқан бабаң екті де, Еңбектен еш қайтпады. Алдыңа кеп төкті де Нанды үйіп тастады
Қызыл қырман басында, Ақ бидайды сапырған Диқандардың қасында Күз есепші отырған.
Ұшты талдан жапырақ, Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерге секірді.
Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан- алуан жапырақ Күзгі бақыт күлімдеп Көз тартады атырап.
Көрініп еліме Күндері мереке Келді ғой жеріме, Күз деген мереке
Қарашы мына далаға, Реңі сондай сары ала Пісіпті алма балбырап, Сарғайып жатыр бал құрақ.
Аспанда қаптаған Бұлт тыным таппаған. Жөңкіліп көшеді Суық жел еседі.
Әне, қызыл алмалар, Әсем бақтың жемісі Алма терген балалар Албырайды нұр жүзі.
Көктемде егін егетін, Күзде жиып беретін
85