¹ 1-2( 16) 2017
Ïåäàãîãèêà
Берілген сабақ жоспары шағын орталық тәрбиеленушілеріне " Қоршаған орта " пәнінен сабақ жүргізудің тиімдісі үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын мұғалімдер мен әдіскерлер өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная разработка урока представляет собой пример проведения урока по предмету " Окружающий мир " для воспитанников миницентра. Методическая работа будет интересна учителям и методистам.
ТАСБОЛАТОВА АМАНГҮЛ ТӨРЕХАНҚЫЗЫ
" С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп " КММ шағын орталық тәрбиешісі, ШҚО
The working-out subject plan is given as a useful example for teaching subject " Learning the world " in the kindergarten. Every primary kindergarten teacher may use this plan.
ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ " ҚОРШАҒАН ОРТА " ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған орта Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі Мақсаты: Балаларды қыс мезгіліндегі жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. Әңгімелеу арқылы сөздік қорын, ойлау қабілетін, дүниетанымын, қабылдауын арттыру. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қысқы орман бейнеленген сурет, жабайы аңдардың суреттері, интерактивті тақта, ойындар, автобус макеті, қыс мезгілінің ерекшеліктеріне байланысты суреттер. Әдіс- тәсіл: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық, ізденушілік.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері Қайырлы таң, көк аспан! Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, Жер- Ана! Қайырлы таң, достарым!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс айларын атап беріңдерші?
- Қыстың қандай ерекшеліктері бар?
- Қыс айы сендерге ұнай ма?- Қыс айы сендерге несімен қызықты?
- Қыс туралы кім тақпақ айтып береді?- Өте жақсы.- Балалар сендердің орманға саяхатқа барғыларың келе ме?- Олай болса, орман алыс болғандықтан бізге көлік керек.- Қандай көлік түрін таңдайсыңдар?- Ең алдымен автобус жүргізушісін таңдайық.- Балалар автобуста отырғанда қатты айқайлауға болмайды, тәртіп сақтауымыз керек.- Міне, орманға да келдік.- Балалар, орманда қатты айқайлауға болмайды. / интерактивті тақтадан аңдардың суреттері көрсетіледі /- Мынау қай аң?- Қоянның түсі қандай?- Қоян қысқа азық жинамайды, ағаштардың бұтақтарының қабығын кеміріп жейді.- Оның үлпілдеген жүндері суықтан қорғайды.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар шеңберде тұрып шаттық шеңберін қимылмен орындайды.
- Қыс мезгілі- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста қар жауады, күн аяз болады, боран соғады.- Ұнайды- Шанамен сырғанап ойнаймыз, аққала жасаймыз, шаңғы тебеміз- Балалар тақпақ айтады
- иә- Автобусты
- Қоян- Ақ
80