Ïåäàãîãèêà
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз
қосымша көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Топтарға
барып, көмек
керек болса,
қалай
жасауды мен
бағыттаймын.
Шығармашыл
ық
тапсырмалар
беру арқылы.
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
¹ 1-2 (16) 2017
Бағалау – оқушылардың үйренгенін
тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Көңіл – күй смайликтері
бойынша рефлексия
жасатамын.
Қолпаштауды
қалыптастырушы бағалауға
қолданамын
Гүл
смайликтері арқылы
бағалаймын
Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және
еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен
байланыс, құндылықтар байланысы
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
бейнелеу өнері.
АКТ- мен байланыс: видео,
интерактивті тақта, көрсетілім
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің
сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ жоспарға сай өтті. Сабақ мақсаты нақты, шынайы болды. Көңілді смайликтер
тарату арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудырдым. Үй тапсырмасын
сұрауда қолданған «Ыстық орындық» әдісі сәтті шықты, оқушылар сұрақ қою, жауап
беру арқылы сөйлеу тілдерін дамытты. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылар
кері байланысты ауызша жасады. Мен сұрақ қойып бастадым ары қарай оқушылар
өздері түсінген, түсінбегендерін айтты. «Сен маған, мен саған» әдісін «Ыстық
орындық» әдісіне ауыстырғаным дұрыс болды. Себебі оқушылар ортаға шығып
орындыққа отырып жауап бергенге қызығушылықпен қарады. Рефлексияны көңіл
күй смайликтері арқылы беруде бір оқушым қызыл көңілсіз смайлигін көтерді. Себебі
топтық жұмыс кезінде Н мен Ө деген оқушылар бір- бірімен келіспей қалды, топ
ережесі бұзылды. Сабақ біткен соң екеуімен жеке сөйлестім. Берілген уақытқа
үлгердім
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Ыстық орындық» әдісі үй жұмысын сұрауда тиімді болды.
2: «Рөлдік ойын»
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
2: Шығармашылық тапсырма
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге
көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушыларды алатын болсақ, Ө деген оқушы қолпаштауды көп қажет ететінін білдім.
Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының пайдасы бар екенін
оқушылардың бір- біріне сұрақ қоюларынан, жауаптарынан көрінді.
Сабақ барысында қолданылатын көрнекілік материалдар
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Оқу бағдарламасы. Алматыкітап баспасы, 2015
2. Тұрманжанов Ө., өлеңдер жинағы
3. Орта мерзімді жоспарлау. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014
79