EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 75

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ҮЛГІСІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 1-2( 16) 2017
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 8 сынып оқушыларына тарих пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по истории для 8 класса средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
ЖЕТИБАЕВ НУРЛАН АСКАРОВИЧ
ШҚО, Аягөз ауданы, С. Сейфуллин орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі
This work represents itself the lesson plan of the history for 8th grade pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ҮЛГІСІ

Тақырыбы: Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі. 8 сынып
Білімділік мақсаты: оқушыларға жоңғар хандығының құрылуы және хандықтың саяси бірлестігі жөнінде терең білім бере отырып, қазақ халқының жоңғар феодалдарына қарсы азаттық күресін ашып көрсету. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың теориялық білімін сын тұрғысынан бақылау, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге, қосымша ізденуге үйрету. Тәрбиелік мақсаты: халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының ерлігін айта келіп оқушыларды ерлікке, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың түрі: іздену сабағы. Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті 9 сынып Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, саяси карта, батырлардың, билердің суреттері, деңгейлік карточкалар, пайдаланған әдебиеттер: Ақиқат 2003 ж № 2, 1991 ж № 12, Қазақ тарихы 2003 ж № 2, № 3, 2001 № 5, 2002ж № 5, № 6, қазақ совет энциклопедиясы том № 1 209 бет қазақтың қысқаша тарихы Алматы баспасы 1994 ж, Ілияс Жансугіров " Дала " поэмасы. Техникалық құрал: компьютер, интерактивтік тақта, слайд көрінісі, бейне көрінісі. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар 1. Оқушыларды екі топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындау және төмендегідей тапсырмалар беру. А) топ жетекшілері компьютер арқылы үйге берілген тапсырмаға жауап беру
Б) екі топ оқушылары орындарында отырып деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс атқарады. А) XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы жөнінде тест тапсырмалары: Б) Үй тапсырмасы бойынша деңгейлік тапсырмалар: III. Жаңа сабақ бойынша сабақ жоспары А) Жоңғар хандығының құрылуы. Б) Қазақ-жоңғар қарулы күресінің шығу себебі. В) Қазақ хандықтарының ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болуы. Г) Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі Д) Қазақ-Ресей байланысы. Е) Жаңа сабақ бойынша компьютерде электрондық оқулықтар арқылы дәйекті ой-пікірлерін жеткізу: 1. Саяси қайраткерлер 2. Билер
3. Хронологиялық кесте 4. Қазақ батырлары Мұғалім: Жоңғар мемлекеті жөнінде біраз тоқталып өтеді. Іздену жұмыстары бойынша. 1-оқушы: Қазақ Жоңғар қарулы күресінің шығуына қандай себептер болғандығы жөнінде тоқталып өтеді.
2-оқушы: Орыс энциклопедияларында бұл тақырып әртүрлі деңгейде қарастырылғанын оған сол кезеңнің талаптары тұлғасынан баға берілгендігі жөнінде тоқталады.
3-оқушы: Қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде мәлімет беріп кетеді.
4-оқушы: Қазақтардың тарихынан " Ақтабан шұбырынды ", Алқакөл, Сұлама деген қасіретті атпен қайғылы кезең болып енген бұл заман елдің үрейін ұшырып, енсесін езіп, қатарын сейреткенмен Жоңғарлар қазақ халқын біржолата бағындыра алмағандығы жөнінде атып өтеді.
Мұғалім: Қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы аса ауыр жағдайға тап болуы 18 ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқын " Ақтабан шұбырынды " апатына душар етті. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алауыздықтың өршуі қазақ жүздерінің бір-бірінен алшақтауы қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып оның әскери саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді. Қысқаша айтып өткеннен кейін интерактивтік тақтадан " Ақтабан шұбырынды " кезіндегі халықтың азып-тозып көшіп келе жатқанын көрсету. Электрондық оқулықпен жұмыс. 1-оқушы: Интерактивтік тақта арқылы саяси қайраткерлер Абылай хан жөнінде толық мәлімет беріп кетеді.
2-оқушы: Қазақтың билері жөнінде айтып түсіндіріп өтеді.
3-оқушы: Хронологиялық кесте бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
4-оқушы: Қазақ Жоңғар соғысы кезіндегі қазақ батырларына тоқталып өтеді. IV. Жаңа сабақты бекіту Оқушылар арасында бәйге ойынын жүргізу( сұрақжауап арқылы). V. Үйге тапсырма " Отаным-алтын бесігім " атты шағын шығарма жазып келу. VI. Оқушыларды бағалау.
73