¹ 1-2( 16) 2017
сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймыз. Жалпы білімдік пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық, тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамыз.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан жақты зерттеу қажет. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады. Сондықтан танымдылық іс әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінде " мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының " өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. 1. Оқушылардың өзіндік іздену іс әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы " оқу әдістемесі " деп отырғанымыз: " оқушы-мұғалім " ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетінше білім алуындағы белсенділігіне басты назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат- оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты ғана бойынша
Ïåäàãîãèêà
" оқытуды ізгілендіру " талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар әңгімелесуші, оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу- мысалдар мен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Біздің ойымызша, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық іс әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі 4 деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық дейгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушылар да ынталану пайда болады. Мұндай технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер де үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені, оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде " үлгерімі төмен оқушылар қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?". Яғни, олар мыналар: Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі; сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көмектесуіне уақыты болады.
Оқу үрдісінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді.
Жоғары білім деңгейін көрсету мақсатында сабақта тиімді әдістерді көбірек қолдану керек, сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білімде берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жана технологияның элементтерін қолдана білу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Савина Н. Г. Новые технологий обучения в методическую систему. 1998. № 2. 2. Пидкасистый П. И., Хайдаров Ж. С. " Технология игры в обучении и развитии ", М. 1998. 3. Нурпейісова Г. Оқыту мен дамыту бағытындағы ойын технологиясы. 2005ж. № 2. 4. Калмыкова З. И. Продуктивное мышление как основа обучаемости.- М., 1985.
72