Ïåäàãîãèêà
¹ 1-2( 16) 2017
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Авторлар білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды.
Статья освещает вопросы использования инновационных образовательных технологий в средней школе. Авторы описывают виды и методы инновационных образовательных технологий.
АХМАДИЕВА АРДАК СЕРИККАЗЫЕВНА ҚҰРМАНБЕКОВА ГҮЛНҰР ҚҰРМАНБЕКҚЫЗЫ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы "№ 47 Жалпы орта білім беретін мектеп " КММ бастауыш сынып мұғалімдері
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children. Authors made overview to different types of innovation in education.
САБАҚТА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕРІ
Қазіргі қоғамның басты мәселесі- халқымыздың тағылымды тәрбиесі мен әлемдік озық тәжірибеге негізделген, тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы білім беру стратегиясына көшу. Елбасымыздың сөзімен айтсақ, " біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу ". Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамытатын бүгінгі бала- ертеңгі азамат деп сенім артатындықтан білімді, саналы азамат тәрбиелеу ұлттық білім беру жүйесінің алдында тұрған ұлы міндет. Сапалы білім- ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті қоғам болуға апаратын бірден-бір жол. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары, жаңа педагогикалық технологиялары бар. Осы жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру және оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру- мұғалімдерге қойылар басты міндеттердің бірі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы " Білім туралы " Заңының 8-бабында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу туралы жақсы айтылған.
Еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
" Инновация " деген сөз- латынның " novus " жаңалық және " in " енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша
аудармасы " жаңару, жаңалық, өзгеру " деген мағынаны білдіреді. Зерттеулер бойынша " инновация "- педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
Инновациялық іс әрекет- дәстүрлі іс әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.
Ұстаздар алдындағы міндет- жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны- Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орындалады. Ол оқушының қарым қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады. Бастауыш сыныптарының басты талабы- сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай біз де өз сабақтарымызды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамыз. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келеміз. Біз қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жүру барысына қарай дамытуы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдістері өткізіліп келеді. Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады. Қазақ тілі пәні
71