¹ 1-2( 16) 2017
Ïåäàãîãèêà
Миға шабуыл стратегиясы- бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса студенттің стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Оқытушы топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз. Барлық студенттер өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.
Қағидасы:- Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.- Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған( неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).- Барлық пікірлер " бір ауыз сөзбен " жазылып отырғаны жақсы.- Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
Жигсо стратегиясы- ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Алдымен студенттер 4 топқа бөлініп отырады- бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған студенттер енді сарапшы немесе жанұя топтарын құрады, яғни сарапшы топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1- бөлігін бірлер, 2- бөлігін екілер, 3- бөлігін үшіншілер, 4- бөлігін төртінші топқа бөлінетін студенттер алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін- бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. Жигсо стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.[ 1 ]
INSERT- түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, " v "- білемін, "+"- білмеймін, "-"- мен үшін жаңа білім( ақпарат), "?"- мені таң қалдырды- деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Студенттер білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
Куббизм стратегиясы- ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта( түрі, түсі, көлемі) Салыстыр( ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын( қалай, қай жерде пайдаланылады?) Дәлелде( қарсы және қарсы емеспін) Талда( қалай жасалған, неден тұрады?) Ой толғау( бұл неден жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. [ 2 ] Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы- студент берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Венн диаграммасы стратегиясы- бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің( объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер( тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік). Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Мысалы: металл мен бейметалл және т. б заттарды салыстыруға болады. Студенттердің ойлары ашылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы. Блум сұрақтарды екіге бөледі. Кестенің сол жағына студенттер лекция мәтінін тыңдау немесе оқу барысындағы атаулар мен ұғымдарды жазады. Ал кестенің оң жағына жазып алған сөздер бойынша туындаған сұрақтарды жазады. [ 1 ] Т кестесі стратегиясы. Мақсаты: қарама- қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Студенттердің ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс- тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр.
50
Кластер стратегиясы- қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді " көрнекті миға шабуыл " деп атайды. 1. Ойдың, тақырыптың " жүрегі " болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына( тақтаға) жазу керек. 2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына " лақтырып " тастау керек.