Ïåäàãîãèêà ¹ 1-2( 16) 2017
ЖАППАР АСЕМГУЛЬ ДЮСЕНБЕККЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
CАПАКОВА АЙГУЛЬ КАСЕНХАНОВНА
б. ғ. к., доцент қ. а., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Берілген әдістемелік жұмыс жоғары оқу орнында бейорганикалық химия пәнін оқыту мәселелеріне арналған. Әдістемелік жұмыс жоғары оқу орындары оқытушыларының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа посвящена вопросам преподавания неорганической химии в высших учебных заведениях. Методическая разработка будет интересна преподавателям учебных заведений, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodical work is devoted to the teaching Inorganic chemistry in higher education. The methodical work might be useful to the higher education teachers, Methodists, students and students in the master ' s programs of pedagogics.
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ " БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ " ПӘНІН ОҚЫТУ
Өзектілігі: Қазіргі инновациялық технологиялар- білім сапасын арттырудың кепілі. Бұл технологиялардың ерекшелігі- студентке жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттері мен процестерін, өзін-өзі өзектендіру, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Мақсаты: Жоғары мектепте " бейорганикалық химияның теориялық негіздері " пәнін оқыту үшін " сыни тұрғысынан ойлау " инновациялық технологиясын қолдану. Ел басшысы Н. Назарбаев " XXI ғасыр табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады ", деп білім беру мәселесіне аса мән беріп, педагог қауымына үлкен міндет артып отыр. Бүгінде еліміздің білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан талпыныстар көп, мысалы түрліше бағдарламаларға негізделген жаңа түрдегі оқу орындары, лицей, колледж, жаңа типті мектептердің пайда болуы, болашақ маман даярлау ісіне заман өзгерісіне сай нақты талаптар т. с. с. Педагог-ғалымдардың осы заман талабына сай, орта және жоғары мектептерде білім беру жүйесін қайта құруға байланысты жүргізіліп жатқан жаңа технологиялық құрылым мен әдіс-тәсілдерді зерттеп енгізуі, әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау мақсатында ғылыми негізделген психологиялық, педагогикалық қызметтері өмір талабы, заман сұранысы. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:- Жобалау технологиясы;- Кейстік технология;- Саралап даралап оқыту;- Дамыта оқыту технологиясы;- Модульдік оқыту технологиясы;- Сатылай комплексті талдау;- Деңгейлеп оқыту технологиясы;- Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі- тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез- құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Басты міндеті- мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. [ 4 ] Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды( АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі химия сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі- " Сыни тұрғысынан ойлау " технологиясы. Технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, студенттердің өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Жалпы айтқанда, " Сыни тұрғысынан ойлау " стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда студенттің ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде студент өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Мұнда студентке ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға, студент шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. [ 3 ]
49