EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 50

¹ 1-2( 16) 2017
Сағымдай екі жоқтың арасында Тіршілік деп аталар біраз жасы [ 8; 24 ] Тумақ, өлмек тағдыр жазуы. Туғанда жоқтан пайда боласың, өлгенде жоққа айналасың. Осы екі жоқтың ортасы- тіршілік. Демек, жалған ғұмыр өлшемі- тіршілік. Бақи ғұмырдағы тіршіліктің мәні басқа, айтпағымыз онда тән мен жанның бірлігі жоқ. Біз тәнсіз жанның табиғатынан бейхабармыз. Біз білетін тіршілік " жалған " деп аталатын дүниенің өлшемі. Шәкәрімнің тіршілік туралы түсінігі осы мәнде. Шәкәрімнің сұрағына жауап іздеушінің бірі Міржақып Дулатов " Адамға тіршілік не үшін керек?"- деген шағын мақаласында: " Бұл сөздің шешуін тауып, лайықты дәлел келтіру оңай іс емес "- дей келе ойын былайша өрбіткен. Адамзатқа тіршіліктің не үшін керегі бар деп білу керек деген сауалына әр заманда түрлі халықтың данышпан адамдары өз ойларынша түрліше жауап береді:
" Құдайға құлшылық қылып, құдай жолын қуып, нәпсіні біржолата тыю керек, осыдан басқаға ғұмырды өткізбесе, сонда адамның жаны тыныш тауып, тәні мұңлықтан құтылады деп бір тараплары айтты, басқалары айтты: " Жақынға, тағы туысқанға, Оларша жан-жануарларға жақсылық қылу керек, міне адамға тіршілік сол үшін керек " Әлбетте адамға жан беріліп, дүние жүзінде жүруге ғұмыр берілген соң, ол ғұмыр жеп-ішіп, ұйықтап тұруға ғана болмауға керек, ол үшін ғана болған уақытында адам менен хайуан арасында ешбір айырма( парқ) болмайды.
Адамға ойланарға ақыл беріледі, бір-бірімен сөйлесуге тіл берілді, олай болған соң адамзатқа тіршілік бекерге, босқа ғұмырдан зая қылып өткізуге берген болмайды. Не үшін бізге тіршілік керек деп білеміз? Бұл турада қазақтың бұрынғы заманындағы қариялары, ойшылдарының айтып кеткен сөздерінің ішінде жауап табыла ма деп ойлаймын. Бұрынғыдан қалған сөздердің мағынасы көп, ойлары терең болушы еді, бұрынғылар: " Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан асса досыңа қыл " деген екен. Осы сөздерден Шәкәрімнің жоғарылағы сөзіне жауап табылады десек, қате болмас дейміз "[ 9; 29 б.]
М. Дулатов сөздерінде біршама дәлелдер бар, бірақ Шәкәрім мәселені дүниетанымдық тұрғыда қойып отыр. М. Дулатовтың айтқан сөздері оған белгілі. Шәкәрім сұрақты көп нәрсені біліп барып қойған. Ол сұрақ арқылы мәселені одан әрі тереңдеткісі келген. Шәкәрім сұрақпен әңгімені жеңілдетіп емес, ауырлатып отыр. Тіршілікпен қатар, көбінесе бірге айтылатын " Ғұмыр " деген бар. Екеуінің ерекшеліктері( даралық мазмұны) және ортақтығы бар. Тіршілік онтологиялық болмыс болса, ғұмыр жеке индивид болмысы. Екеуі де болмыс, бірі сыртқы, екіншісі ішкі шындық. Ғұмыр тіршіліктің нақтылы көріну формасы. Ғұмыр деген ұғымда тіршілік субстанция ретінде аңғарылады. Яғни осы мәнде нақтылы( субъект) ғұмыр иесі жалпы тіршілік заңдылығына тәуелді. Бұл тәуелділік тіршіліктің ішкі құрылымымен анықталады. Тіршілік тән мен жаннан тұратыны белгілі. Тән жоқ жерде тіршілік жоқ, сол сияқты жан болмысы тірлік формасынан айырылып қалады. Тән
Ôèëîñîôèÿ
мен жан жер бетіндеп тіршіліктің басты құрылымдары. Осы мәселені ақын " Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр " деп басталатын өлеңде проблема ретінде қойған. Ол өз ойын білдіруде мынандай ұғымдарды қолданған, олар: ақыл, нұр, тағдыр, жан, тән, зұлымдық және " таза ақыл ". Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен, Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр Ақыл дегеніміз нұр, оны жан пайдалануда. Бұл істі атқарушы адам- " Мен "-і. Абай да осы мәселеге орай " ақыл мен жан мен өзім ",- деген. Хакімнің айтуынша ақыл мен жан бірігіп " Мен " болмақ. Шәкәрімде осы " Мен " " Тән қамы " үшін қызмет етуде. Яғни жан ақылды осы мақсатта пайдалануда. Ал, " тән қамы " дегенге келсек, ол түптеп келгенде жанның өзін-өзі сақтауы үшін жасаған әрекеті, себебі тән жанның тұрағы [ 8 ]. Бұл дүниеде( жалғанда деп айталық- Ғ. Е.) жанның тәнсіз өмір сүру тәсілі жоқ. Жанның тәнге қонуынан ғұмыр басталмақ. Сондықтан да тән қамы ол жанның өзінің де қамы. Осы мақсатта жанға ақыл керек. Ақыл адамның қасиеті. Тән мен жан Абай айтқандай хайуанда да бар. Оларда бірақ ақыл жоқ, демек жан ақылсыз бола береді. Олай болса, екеуі екі субстанция. Адам ғұмырында олар бірігіп, тұтасып, оның " менін " құрайды. Жан мен ақылдың қатынасынан туған " Мен " тәнге бөгде көзбен қарауы әбден мүмкін. Бұл жерде үшінші ұғым байқалады, ол " Меннің " " менікіне "( тәнге) қатынасы. Бұл таза рухани қатынас немесе оны Рух дейміз. Сонда Рух дегеніміз кейбір айтушылар айтқандай " Мен " емес. Рух деген адам болмысының үшінші өлшемі.
Жан мен тәннің байланысы тағы бір нәрсеге қатысты, оны Шәкәрім Тағдыр дейді: Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен, Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр. Жанның тәнге, ақылдың жанға матаулы болуының себебі- Тағдырда. Осылай десек, тіршіліктің өзі тағдыр болғаны ма деген пікірге келесің. Тіршілікті Жаратушы тағдыр етіп берген немесе Тағдырдың көрінісі- тіршілік. Тіршіліксіз Тағдыр жоқ, ал оның сыры неде? Ол жағы адам түсінігінен тыс іс. Сонымен Жан өзі үшін тән қамын жесе, осы істі атқаруда ол ақылды қолданған. Ақылсыз Жанның әрекеті сапалы емес [ 10 ]. Оны Шәкәрім ашық айтқан: " Жан тыныштық таппайды, тән қамын жеп, тән бұзылса, тұрағым бұзылар "- деп,-тән бұзылса, жан болмысы жойылмақ. Мәселені осылайша қазақ мәдениетінде Шәкәрімге дейін ешкім қоймаған. Шәкәрім мәселені маман ретінде қойып, оның шешімін дәлелдермен нақтылаған. Ойшылдықтың Абай бастаған дәстүрін жалғастыра отырып, ол тоқтап қалмаған, істі әрі қарай жүргізген. Оның дәлелі осы тән, жан, туралы айтқан концептуалды ойлары. Жан, Тән, Ақыл бір-біріне матаулы болып барып, ғұмыр деген арнаға түседі. Адам ғұмырының шектеулігі өлшеулі әрі шексіз, өлшеусіз болатыны да сондықтан. Шексіз ғұмыр өлшемі- тіршілік, ал өлшеулі ғұмыр- Тағдыр. Екеуіне де ортақ Ақыл мен Жан.
ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Ізтілеуова С. Шәкәрім поэтикасы. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2007. 2. Ақиқат 2005. № 10. Тимур Кішібеков. Шәкәрім- философ. 88-91б. 3. " Қазақстан ": Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев- Алматы " Қазақ энциклопедиясы " Бас редакциясы, 1998 жыл. 4. Иммануил Кант " Таза ақыл-ойдың жалпы міндеті " // https:// szh. immanuil-kant-taza-aqyl-oydynh-zhalp / 5. Қонарбаева А. Қ. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы рухани- діни және қоғамдық философиялақ лексиканың қолданысы. Канд. Дис. Астана 2002.128б 6. Айтбаева Априза. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы діни және дүниетанымдақ мәселелер. Д 99 / 163. Алматы 1997. 7. Шәкәрім шығармалары.- Алматы 1988.-540б 8. Абай 1994. № 9. Шәкәрім қажы. " Үш анық дегеніміз не?" 21-25 б. 9. Абай 1994. № 9. Тіршілік, жан туралы.( мақала) 28-31 б. 10. Абай 1994.№ 10. Х. Өдібайтегі. Жүрек Абай поэзиясында. 48- 54 б.
48