Ôèëîñîôèÿ
Адамның сыртқы дене жаралысы Нәпсісі айуанмен анық теңдес, Бөлектігі жалғыз- ақ таза ақылда Әлің келсе жол тап та осыны емдес Шәкәрімше жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бәрін бірдей көзбен көріп қолмен ұстау мүмкін емес. Оларды танып білетін бір- ақ нәрсе таза ақыл. Терең ой, сау ақылмен шамалаған адам ғана жетістіктерге бөгетсіз жететіндігін айтады. Радийді бұрын біліп пе ең Электр ұстап көріп пе ең Бәрін де тапқан таза ақыл Аспанда ұшып жүріп пе ең Таза ақылдың арқасында адам абстратіні меңгереді. Жақсыны жаманнан, сұлулықты ұсқынсыздықтан, пайданы зияндыдан ажыратады. Шәкәрімше жанның тазалығы, діннің тазалығы тағы да таза ақыл. Таза ақылмен таппаған дін, Шын дін емес жындылық, Қармалаған бір соқырсың, Өлген ой мен көз құлақ десе,- енді бір өлеңінде; Дін тазасын діннен ізде, дін шатаған сынға сал, анық айна өзіңізде айда ақылды қаттырақдеп, таза ақыл арқылы ғана хақиқатқа жететіндігін, шынайылыққа ішкі тазалыққа адастырмай апарар жол ақылдың тазалығы, сау ақылмен шамалау [ 6,129 б.]. Шәкәрім ақылға былай сипаттама береді: Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр, Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр,- деп ақылды нұрға балайды. Ақыл жүректе орналасқан, асылы нұрдан. Жүректің айнасы. Адамның жаны ол туылғанда егілген дән түрінде болады. Қолайлы жағдай жасалынғанда ғана жайқалып өсіп, көркейе түседі. Ақыл деген денеге егулі дән Суғарылса кіреді оған да жан Ақылдың өсіп-өніп зораймағы Көрген- білген нәрседен ғибрат алған. Ақыл кез- келген адамда бар. Шәкәрімнің айтып отырғаны таза ақыл яғни ақылдың дамыған түрі. Оған Шәкәрім былай жауап береді: // Аз ақыл ондай көпте бар, Айуанда айла еп те бар. Өсімдіктерде сезім көп, Көбелек жейтін шөп те бар. Көңіл көзін аш, құр құлақпен тыңдама. Бас көзімен емес, көңіл көзімен ойлануға, әр істі ақылға сынатып, жығылмайтын дәлел табуға үн қатады. Ақылға еркін ой керек, Матаудан ойды азат қыл Әдеттеніп ертерек Өрісін кеңейт жылма-жыл, яғни ақыл таза болу үшін ой таза болу керектігін айтады. Ақыл шарықтау шегіне жеткенде ғаламның тылсым сырларын меңгереді. Ғарышқа қол созсаң- ақ жетесің,- дейді Ақыл құсы адаспай аспандаса Әлемде нәрсе болмас оған таса, Жеті көк жерден оңай басқыш болып, Ғарышқа қол жетеді қармаласа. Сөйтіп, Шәкәрім адам жанынан таза ақыл іздеген. Соны сырлы сөздерінде айшықтаған. Сау ақылдың адамы болуға насихаттаған. Ақын қазақтан ақылмен ой бекіткен, ақылын әр іске басшы қылған адам көрмедім, нәпсіні ақылға үстем қылып байлап қойған деп күйзеледі: Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек, Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек. Тәуекел деп ат қойып ықтималға, Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек. Ақын өлеңдерінде ақылды арақ, мастық деген сөздермен алмастырады. Ол Хафиз, Науаи сынды шығыстық ақындардың шығармаларында жиі кездеседі. Ақыл толығып, Шәкәрімнің тілімен айтқанда ақыл құсы аспандағанда, ғарышқа қармаласаң қол жеткізесің, яғни ақылдың толыққанды дамыған сәтінде арақ ішіп масайғандай, ақылға масайып, екі дүниені де қажет қылмай, бір Алланың сырларынан дәметіп отыратын халге жету мағынасында суреттеген. Шәкәрім бабамыз
¹ 1-2( 16) 2017
арақты ақыл деп айтудағы мақсатында осыны меңзеген. Таза ақылды айтар таза арақ деп, Мастық деп айтса терең ой. Осыған ұмтыл шын ентелеп, Қиянат, алдау- бәрін қой десе, енді бір өлең жолында // арақ- ақыл, мастық- ой, жар- хақиқат деп дәлелдеген. Шәкәрімнің айтуынша ақылдаң дамуына, ғарыштауына жан кедергі деп көрсеткен. Себебі ақыл- жанға, жантәнге матаулы екендігін айтады. Тән топырақтан жаралғандықтан жерге қарай тартады. тәніміз топырақ пенен судан. Тән жерге тартса, жан тәнге байлаулы. Ақыл жаратылысы нұрдан болғандықтан биікке ұмтылады. Сол себепті ақыл жанға матаулы десе керек. Адамның таза ақылы жанды қимай, Амалсыз қиянатқа о да көнбек. Ақыл үйретуден және үйренудің нәтижесінде дами түседі. Ақыл адамның айнасы. Мен деген- жан, ақыл- айнам десе енді бірде, анық айна өзіңізде, айда ақылды қаттырақ,- дейді. Дін тазасын да, шатағын да сынға салатын- ақыл, Хақиқатты аршып алатын да- ақыл, адам болып қалыптасуыңа жол ашатын да- ақыл. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында ақылдың мәнін былай ашады: " Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр ", " бастапқы есті жанды ақыл ", " жанды ақылдың табысы ", " тамам дерттен сау ақыл менің сыншым ", " ақ жүрек пен таза ақыл ", " таза ақылдың алдында жоқ қой құны ", " рух деген дінсіз таза ақыл ", " ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау ", " азат ақыл ойланбай мида жатса ", " білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл ", " білу, нану ұнату- ақыл ісі ", " ашу жеңсе адамда ақыл қалмас ", " сау ақыл менің иманым ", " ақыл билеп кемемді ", " ақылдың шолғыншысы- ойқұмарлық ", " шын жаным, қорғаным, жалғыз сен ақыл ", " тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы " сынды тіркестерді кездестірдік. Ақын " сау ақыл менің иманым аламын соған сыйғанын " деп ашық айтқан. Демек, оның сенері- имандылық. Оған жетудің жолы- ақыл. Иманға нандыратын- ақыл. Ол жақсылық пен жамандықты осы тіршілікте ажырата біл деген ескертпе. Сонда өмір сүру, яғни тіршілік адам үшін әмманда- сын. Сынаушы өмір берген Иең.
Бізден, адамдардан өзге, біз сияқты саналы( хайуанаттарды есепке алмағанда) тіршілік етушілер бар ма? Фантастар адаммен бірге өмір сүретін жан иелерін теріске шығармайды. Халықтық, діндік түсінікте жын- пері бар. Мұсылманша періште- шайтан бар. Ал, олардан өзге кімдер бар дегенге келсек, нақтылы айтар сөзіміз жоқ. Бірақ, кесіп айтуға тағы да болмайды. Әсіресе, әруақтар туралы әңгіме көп. Тәннен айырылған жанның қандай формада өмір сүретінін біз білмейміз. Тани алатынымыз тәні бар құбылыстар, яғни кеңістікте заттық формада орын алушылар. Рухани құбылыстарды( тәнсіз) тану ауыр, көбінесе дұрыс нәтижелер бермейді.
Шәкерім: Жан тән жасар, тән жанды жарата алмас Терең ойлап, сөзімді құлаққа іл де [ 7; 139 ] Ақынның " жан тән жасар " дегеніне әлі талай тоқталармыз, алайда оның бұл ойы ашық, емес. Жан бір тәннен айырылған соң, меніңше іс сонымен бітті. Бүл жалған ғұмыр драмасы. Жанның қайта-қайта тән таба беруін түсіне алмаймын, себебі адам рухы қайталанбас болар... Адамның жаны, оның " менін " құраса, Абай айтқандай " Ақыл мен жан, мен өзім " демекші, адамның тәнінен жанымен қоса ақылы да бірге арылады. Жан мен ақыл дәл сол күйде ешқашан қайталанбақ емес, себебі жан мен ақыл қатынасқа түсіп түр, бөлек-бөлек субстанциялар емес, сондықтан олар бұл жалған дүниеде бірігіп бір-ақ рет ғұмыр кешпек. Тіршілік, ғұмыр туралы салиқалы сөз айтыла бастаса, әңгіме " жалған дүниеге " тіреліп, санаға мазасыздық, тұрақсыздық енеді. Дүние жалған болған соң, айтылған сөздің нарқы не, өмірдің мәні не деген дәстүрлі сұраққа тап бола бересің!
Жалған дүниенің өлшемі. Ол хақында Шәкәрім былай деген: Тумақ, өлмек- тағдырдың шын қазысы, Ортасы- өмір, жоқтық қой- екі басы.
47