EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 48

¹ 1-2( 16) 2017 Ôèëîñîôèÿ
МАҚПАЛ ОСПАНОВА
" Пушкин " атындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі. Қарасай ауданы. Алматы.
46
Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясындағы " Ақыл " категориясы қарастырылады. Автор ақын шығармаларындағы " ақыл " түсінігіне, оның қолданылу аясы мен жекелеген түрлеріне( таза ақыл, сау ақыл, мас ақыл, жанды ақыл, шын ақыл, азат ақыл, еркін ақыл) тоқталады.
В статье рассматривается отражение философской категории " Разум " в поэзии казахского поэта-просветителя Шакарима Кудайбердыулы. Автор описывает понятия " разума " и его отдельных видов, как " чистый разум ", " пьяный разум ", " живой разум ", " свободный разум " и других в произведениях Шакарима,
The article deals with the reflection of the philosophical category of " mind " in the poetry of Kazakh poet and enlightener Shakarim Kudayberdyuly. The author describes the concept of " mind " and its individual species such as " pure mind " " drunk mind ", " live mind ", " free mind " and others in the lyrics of Shakarim
АҚЫЛ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДА ҮНДЕСТІК ТАБУЫ
Ғаламдық ой таным дәрежесінің биігіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы- " ақ жүрек ", " таза ақыл ", " адал еңбек " иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу болатын. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың шәкірті, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі- Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын басты белгі. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі- дін тақырыбына қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін танып білудің маңыздылығы да дау тудырмайды. Себебі, ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген [ 1 ]. Шәкәрім шығармаларында діни тақырып басты орын алады. Осыған орай оның тілінде де діни ұғымдар мен түсініктерді бейнелейтін атаулар молынан қолданылады. Ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы " Шәкәрім дін мәселесіне көзқарасында фанатик емес, ол схоластик дінді тіпті мойындамаған, діни соқыр сенімнен мүлдем аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда " ноқтасыз ойдың ", " сау ақылдың " адамы [ 2 ]". Шәкәрім шығармаларында мас болу, жүрек тазала, жан, тән, нұр, жаралыс, жаратушы, ие, құдай, тәңір, алла, пайғамбар, шариғат, дұға, кәпір, мұсылмандық, мүрит, пір, әулие, сопы, бақсы, бал ашу, шоқыну, ғибадат, құлшылық, аят, хадис, дозақ, бейіс, періште, күнә, талақ, тәпсір, иман, жар, шын, жын, құран, рух, ақыл, құдырет, сабыр, құмарлық, ұждан, қиямет, қиянат, ақырет, шайтан, жеті көк, ғарыш, пәншіл, мән, діншіл сынды теологиялық атауларды кездестіреміз. Осы теологиялық атаулардың ішінен бірнеше теологиялык категорияларды бөліп алып қарастырмақпыз. Солардың бірі ақыл категориясы. Қазақстан Энциклопедиясында ғалымдар ақылға былай сипаттама береді. Ақыл- адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдардың еңбектерінде ақылдың екі деңгейі басталатыны айтылады. Ол пайым және парасат. Пайым- ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат- ойдың мүлдем жаңа таным- білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті [ 3 ].
Философия тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп айтады. Жалпыны тану қабілеті( тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы)- пайымдылығы, ерекшені жалпымен байланыстыруы( яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі)- тұжырымдау қабілеті; ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті( яғни принциптерді шығару қабілеті)- парасаттылығы, Интеллектуалдық таным қабілеті. Әр адамда әр- түрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәжірибелеу керек..[ 4 ] Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп, Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдауға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, сонан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп- салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де( жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс.
Ақыл- ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі- даналық( өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін " жасанды интелектіге " беру- комьпютерлерді кеңінен қолдану да ақыл- ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді [ 5; 143 ]. Бұл ақылға ғалымдардың берген анықтамасы. Енді Шәкәрім Құдайбердіұлы ақылға қандай анықтама береді, соған тоқталайық: Ақыл- Шәкәрім шығармаларында жүз жетпіс алты жерде кездеседі. Ондағы ақыл өзіндік мағына, тың сипатқа үлкен ұғымға ие. Шәкәрім: " Адам хақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді ", дейді. Шығармаларында ақылдың бірнеше түрі кездеседі: таза ақыл, сау ақыл, мас ақыл, жанды ақыл, шын ақыл, азат ақыл, еркін ақыл, ақыл. Тән- терезе, ой- қожасы, Ойлап анық байқасаң Бар ғылымның түп атасы- Таза ақылмен ойлану,- деп ғылым атаулының басшысы таза ақыл десе, енді бір өлеңінде: Ғылымсыз адам айуан Не қылсаң да ғылым біл Ғылымға да керек жан Ақылсыз болса ғылым тұл,- деп ғылымның жаны ақылда екендігін айтады.
Адамның сыртқы дене жаралысы мен нәпсісі айуанмен ұқсас келеді. Айуанда да адамда да нәпсі бар. Айуаннан адамды ерекшелейтін айырмашылығы оның таза ақылында. Шәкәрімнің мына өлеңі осыған саяды: