EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 53

Ïåäàãîãèêà ¹ 1-2 (16) 2017 3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер басты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір "серіктің" өз кезегінде тағы да "серіктері" пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады. Нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. [1] БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы - "БББ" - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді немесе тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап - студенттердегі ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс оқытушыға әр студентті бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады. Білемін Білгім келеді Білдім ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы - тақырыпқа сай студент өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Студент өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5- 10 минут ішінде тоқтамай жазады. Оқытушы да отырып жазуына болады. Бұл әдісте студент өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. [1] Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында студенттерге алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады. Соңында стуленттермен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек. [1] Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып "бейорганикалық химияның теориялық негіздері" пәні бойынша "Электролит ерітінділері" тақырыбындағы практикалық сабақты өткіздік. Студенттердің сабақтың басындағы көңіл-күйін білу үшін эмоциялық көңіл-күйінің рефлексиясын қолдандық. Сабақ барысында студенттер бағалау парағымен жұмыс жасады. Үй тапсырмасын, яғни теориялық материалдарды іс-әрекет рефлексиясы бойынша тексердік. Студенттер kahoot сервисі арқылы тест сұрақтарына жауап беріп, өзара жарысып, сабаққа деген қызығушылықтары артты. Қызығушылықты ояту кезеңінде студенттер бейнефильм көрді. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөлісіп, зертханалық жұмыста орындалатын тәжірибелерді "БББ кестесі - білемін, білдім, білгім келеді" стратегиясы бойынша білімдерін ортаға салды. Студенттерден "Электролиттердің ерітінділері" тақырыбы бойынша орындалатын тәжірибелерді фронтальды сұрау арқылы зертханалықты жұмысты орындауға рұқсат беріледі. "Кім жылдам" стратегиясы бойынша жұмысты аяқтаған студент зертханалық жұмыста орындалған тәжірибелердің байқаулары мен қорытындысын жазды. Зертханалық жұмыс барысында байқаған және жаңадан білген ақпараттарды жинақтап, талдай отырып, қорытындылады. "БББ кестесі" стратегиясы бойынша кестенің үшінші жағын толтырды. Сабақ соңында студенттермен кері байланыс жасалынып, оларды бағаланды. [4] Кері байланыс - Мен білдім ____________________________________________________________ - Мен үйрендім __________________________________________________________ - Маған ұнады ___________________________________________________________ - Қиындық туғызды_______________________________________________________ Бағалау парағы Бағалау критерийлері Теориялық материалдарды іс- әрекет рефлексиясы бойынша тексеру. Бейнефильм мазмұны бойын- ша «БББ кестесі» толтыру. Зертханалық жұмыста орында- латын тәжірибелерді фрон- тальды сұрау арқылы орын- дауға рұқсат алу. Зертханалық жұмыстың орын- далуы. «Кім жылдам» стратегиясы бойынша зертханалық жұмыс бойынша байқаулары және қорытындыларын жазу. Бағалау шкаласы: 90-100 балл - "5" 75-89 балл - "4" 50-74 балл - "3" 0-49 балл - "2" Орындалатын деңгейлер Жартылай Толы қ Балл 5-10 11-20 Жартылай 5-10 Толық Жартылай 11-20 5-10 Толық 11-20 Өзінікі Жартылай 5-10 Толық 11-20 Жартылай 5-10 Толық 11-20 № 1 2 Жалпы ұпай Магистранттыкі Студенттердің көрсеткіштері min max Бағасы 75% 83% 51