EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 41

Ãåîãðàôèÿ ¹ 1-2 (16) 2017 Бұған қоса Астана қаласында жоспарланып жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесі бар. EХРО-2017 көрмесінің "Болашақтың энергиясы" тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын конференциялар, концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде [5]. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлардың тағы бір түрі - саяси фактор. Бұл елдегі саяси тұрақтылыққа тікелей байланысты. Яғни елдің тыныштығы ешқандай соғыс, көтеріліс, қақтығыс жанжалдардан қашық болуы. Қазіргі кезде кейбір елдердің саяси тұрақсыздығы олардың экономикалық көрсеткіштеріне соның ішінде туризмге кері әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Әсіресе Еуропада белең алып жатқан терроризм көптеген елдердегі туризмнің имиджіне кері әсерін тигізіп жатыр. Оған мысал ретінде Түркияның Анкара қаласындағы 2016 жылдың 13- наурызындағы болған терактылық жарылыс немесе Бельгия, Франциядағы, Стамбулдағы т.б. жарылыстарды келтіре аламыз. Жалпы халықаралық туризмнің дамуына бұлардан басқа тарихи-мәдени, медициналық-санитарлық, экологиялық факторларды келтіруге болады. Қорытындылай келе бұл факторларды ескере отырып Қазақстандағы туризмнің дамуына назар аударсақ бүгінде еліміздің ірі туристік ел атануына толықтай мүмкіндіктері бар. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. The World Tourism Organization (UNWTO), Annual Report 2014 Madrid, Spain. 88 page 2. Воскресенский В. Ю.Международный туризм.2006. - 255 с. 3. Мазбаев О.Б. Дүние жүзінің туристік-рекреациялық аймақтары Оқу құралы. Алматы, 2013. - 536 бет. 4. Бельгибаев М.Е.,Улыкпанова М.М. Перспективы развития экологического туризма в Восточном Казахстане // Евразийское образование,2016, №2, 21-23с. 5. http://www.akorda.kz 39