Ãåîãðàôèÿ
¹ 1-2 (16) 2017
Елдер
Туристер шығуы саны, млн адам Әлемдік туристік ағымның үлесі%
Германия 163,5 10,2
Жапония 141,5 8,8
АҚШ 123,3 7,7
Қытай 100 6,2
Ұлыбритания 96,1 6
Франция 37,6 2,3
Нидерланды 35,4 2,2
Канада 31,3 2
Ресей 30,5 1,9
Италия 29,7 1,9
Барлығы 788,7 49,2
Tourism; 2020 vision 1998 - P.10
Халықтың табыс мөлшері қаншалықты жоғары болса адамдардың саяхаттауға деген белсенділігі соншалықты
артады. Әлеуметтік факторлар ретінде жұмыс уақытының қысқартылып демалыс уақытының ұзаруы, халықтың
білім, мәдениет және эстетикалық жағынан дамуын жатқызуға болады. Бұған қоса қазіргі кездегі демографиялық
фактор ретінде өмір сүру жасының ұзаруын да атап кетуге болады себебі зейнет жасынан кейінгі адамдарда
уақыттың мол болуына байланысты олардың саяхаттау белсенділіктері де арта түседі бұл әсіресе дамыған елдерге
тән. Бұдан басқа әлемде халық санының жылдам өсуі арқылы туристік рынокты тұтынушылардың да санының
көбеюі және урбандалу көрсеткішінің жоғарылауы өз кезегінде әсерін тигізеді. Себебі қалаларда халық көбейген
сайын олардың туристік қызметтерге сұранысы артыпдемалу түрлері жан-жақты түрлене бастайды. Осымен қоса
инфрақұрылымдық факторларды да атап кетуге болады инфрақұрылымның дамуы аймақтағы туризмнің қолайлы
дамуына үлкен әсер ететіні белгілі.
Әр ел туристік атануы үшін қонақтарға жеткілікті дәрежеде қызмет түрлерін ұсынуы қажет. Оларға орналастыру,
тамақтану, тасымалдау, сондай-ақ мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары т.б жатады. Олардың сапасы
халықаралық стандарттарға жауап беруі қажет. [3]
Табиғи-рекреациялық факторлар елдегі табиғи - рекреациялық ресурстардың алуан түрлілігіне, климаттық
ерекшеліктеріне, тартымдылығына, әсемдігіне, табиғатта серуендеуге, спортпен айналысуға қолайлылығына және
емдік қасиеттеріне байланысты туристерді қызықтырады. Бүгінде әлемде өзінің табиғи-рекреациялық
ерекшеліктерімен туристерді қызықтырып отырған Жерорта теңізі аймағындағы ерекше көзге түсетін елдер (Франция,
Испания, Италия, Түркия, Греция, Кипр, Мальта т.б) және Қытай, Жапония, Багам, Сейшель, Мальдив, Индонезия,
Филиппин, Гавай т.б елдерін атап өтуге болады. Әсіресе климаттық ерекшеліктерге байланысты туристік ағындардың
көбеюі жаз айларына тән себебі көптеген туристерге жылдың жылы мезгілінде саяхаттар жасау қолайлы болып
келеді.
Бүгінде елімізде де шетелдерден және ішкі туристерді қабылдайтын бірнеше туристік объектілер бар. Оларға:
Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Бурабай, Алакөл, Медеу, Шарын каньоны, Катон-қарағай ұлттық паркі (сурет-
1)Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары аймақтардың біріне Шығыс Қазақстан облысын атап кетуге болады. Оны 6
ірі рекреациялық зоналарға келесідей бөлуге болады: солтүстік - (Мұзтаулық); шығыс - (Марқакөлдік); солтүстік
(Риддерлік); батыс (Семейлік); орталық (Бұқтырма суқоймасы, Сибин және Дубагалин көлдері) оңтүстік (Алакөл)
бұлардың ішінде ең бәсекеге қабілетті, өзіндік мәдени-тарихи ерекшеліктеріне бай көрікті көз тартарлық жерлерімен
ерекшеленетін жерлерге Бұқтырма суқоймасы, Катон - Қарағай, Ертіс өзені бассейні және Орталық Алтайды
жатқызамыз [4].
Шығыс Қазақстан облысы өзінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты келесідей туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік
береді:
- экологиялық туризм
- тау шаңғылық туризм
- мәдени-танымдық туризм
- жағажайлық туризм
- емдік туризм
Сурет 1 Катон-Қарағай
38