EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 39

Ãåîãðàôèÿ ¹ 1-2 (16) 2017 Мақалада халықаралық және ішкі туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылған, әлемнің негізгі туристік орталықтары көрсетілген. БЕЛЬГИБАЕВ МУХИТ ЕСЕНОВИЧ КАСЕНОВ ЕРЖАН НУРЛАНОВИЧ г.ғ.д., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты В статье рассматриваются основные факторы, влияющие на развитие международного и внутреннего туризма и представлены главные туристические центры мира. The article discusses the main factors influencing the development of international and domestic tourism and presents the major tourist centers of the world. ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР Туризм саласы экономиканың тұрақты дамуының алғышарты ретінде әрбір елде өзінше дамуда. Көптеген елдер туризмді дамыту арқылы әлемдік аренада өз позицияларын ұстап отыр. Әрбір ел өзінің ішкі туризмін дамыта отырып ары қарай халықаралық туризмді дамытуға мүмкіндіктер алады себебі ішкі туризмді дамытып алмай халықаралық туризмнің дамуы екі талай. Қазіргі кезде жыл сайын халықаралық туризмнің маңызы мен оған деген сұраныс артып келеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның 2014 - ші жылғы көрсеткіші бойынша әлемде халықаралық туризмнің көрсеткіші 4,4 % ға өсіп бір жылдың ішінде халықаралық деңгейде саяхаттар жасаған адамдардың саны 1 млрд 135 млн - ға жеткенін хабарлайды [1]. Экономиканың ғаламдануы өскен сайын халықаралық туризмнің дамуы мен ондағы бәсекелестіктің де өсуінің артары сөзсіз. Бүгінде әлемде негізгі туристік орталықтардың басты аймақтары ретінде Еуропа Азия Тынық мұхиты жағалауы, Америка, Африка және Батыс Азия елдері жатады. Диаграмма-1[1] Туризмнің дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде негізгі факторлардың бірі әлеуметтік- экономикалық фактордың орнын ерекше атап кетуге болады. Ол жалпы экономикалық, демографиялық және инфрақұрылымдық факторлардың жиынтығынан тұрады. Туризмнің дамуы барысында экономикалық фактордың жалпы туризмге көп әсер етуі бұл екеуінің арасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Яғни елдің экономикасы қаншалықты дамыған болса ондағы туризм де соншалықты қолайлы дами алады. Әдетте экономикасы дамыған елдерден туристер сыртқа көп қатынайды. Кесте-1. Елдің экономикалық көрсеткіштері ретінде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),жалпы ұлттық өнім(ЖҰӨ), халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі сияқты көрсеткіштерді атай аламыз. Туристер шығару 2020- ж әлем елдерінің үздіктері (болжам) [2] 37