Òàðèõ
Ойлан, жүрек қалауың білсін, ұнатқаныңа ағасы болсам да жеңгетайлық жасауға дайынмын ",- деді. Осыдан кейін не айтарымды білмей, ойланайын деп қонақ үйіне қайтып кеттім. Шындығында ешқайсысына да үйлену ойым болмаған еді. Жолдасымның осындай ақжарқын көңіл, ақ пейілмен айтылып отырған сөзін жерге тастау да қиынға соқты. Енді үйіне бара қалсам, сұрай қалса не айтам деген де ой мазалай берді. Ары ойланып, бері ойланып, қой кенже қарындасын аламын десем бермейтін шығар, осымен осы әңгімеге де нүкте қойылатын шығар деп ой қорыттым. Достың үйіне бармай тұратын емес, бір күні үйіне барғанымда, тағы да жеке отырғанымызда осы әңгіме туралы сөз болғанда, кенже қарындастарыңа қосылғым келеді дегенді айттым. Жолдасым, Ғалихан, сен қателестің деді. Ол саған жолдас бола алмайды. Өйткені, ол семья болу тәрбиесін де алған жоқ. Оның үстіне ана қыздар тұрғанда, оны тұрмысқа беру салтымызда жоқ деді. Алайда қанды көйлек досым болғандықтан, осы қағидалардың барлығын бұзып, саған жар табуға қызмет етуге тура келіп отыр. Бағыңа қарай көрерсің, жауабын келесі келгеніңде күт дегенді айтты да, сол күнгі әңгіме желісі осымен аяқталды. Қонақ үйге қайтар жолда да, үйге келген соң да осымен бұл шаруа тиянақталған шығар деген ойда болдым. Егер қарындасын маған тұрмысқа шығуға көндіре қалғанда не айтамын деген күдік те болғанын жасыруға болмайды.
Енді бір үйіне келіп әңгімелескенде, Ғалихан, сенің бұйымтайыңды бүкіл әдет- ғұрпымызды бұзып, саған жар болуға қарындасымның келісімін алдық дегенде, не айтарымды білмей отырып қалдым. Шегінетін жер болмады, ақыры Аня деген қарындасына тойымызды жасап үйлендік. Үйленгеннен кейін көп кешікпей 1946- жылдың қарашасында Семей облысына қарасты Аякөз ауданына келіп жұмысқа да орналастық. Амал нешік, содан бастап Аякөздің КГБ-сіне тергеуге алындық. Нидерландының королінің қызына қалай үйлендің? Шет мемлекет азаматшасымен қалай тұрдың? Бұл жаққа өтудегі мақсатың қалай? Шет елдегі тыңшылық қызметтің қай жағындасың? Қойшы әйтеуір, неше түрлі сұрақтар мен жауап- тергеулерден көзім ашылмады, ақырында бұл жерде тұрып жұмыс істеуге мүмкіндік болмай, басқа республикаға кетуге тура келді.
Сөйтіп, осы қосылған әйелім Аня екеуміз Түркменияда, Кавказда, Өзбекстанда болған қиын да ауыр жылдардағы қиындыққа толы өмірді бірге өткіздік. Кейінгі жылдары Шымкент қаласына келіп тұрақтанып, басында жер алып, уақытша отыратын үй салып, соңынан Аняның екі апайы 18 мың сом ақшалай көмек жасап, 10 мың сом қарыз ақша алып үй салып алдық.
Осы жердің 26, 21, 42- мектептерінде 25 жылдай неміс, француз пәндерінен беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Осы жұмысымен қоса Оңтүстік Қазақстан облысынан шығатын газеттің журналист- тілшісі болып қызмет атқарады. Осы үйленген полячка әйелінен( ауылда Айша деп атап кеткен көрінеді) Алик, Юрик, Валера есімді ұлдары болады.
Ғалихан Шымкент қаласындағы 42-мектептен ардагер мұғалімдер қатарында құрметпен зейнеткерлікке шығады. Құрметпен зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты кешінде мектеп директоры Н. Әлімжанов: Мектеппен бүгін қоштасқалы отырған Ғалекең ағай алпыс жылдық өмірінің қырық жылға жуығын халық ағарту саласында еңбек етіп, жас ұрпақтарға саналы тәрбие, сапалы білім беру жолына қалтқысыз арнады. Ол Ұлы Отан соғысына дейін де, жауды жеңіп келгеннен кейін де өзінің сүйікті мамандығы бойынша жұмыс істеді. КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған абзал
¹ 1-2( 16) 2017
жан. Балаларға шет тілінен сабақ берді, мінсіз қызмет атқарды,- деді.
Ғалекеңнен білім алған көптеген жігіттер мен қыздар бұл күндері өз ұстазының жолын қуып, шет тілдер институттарын бітіріп мектептерде жұмыс істеп жүр. Олардың арасында 3, 21- мектептерде шет тілінен сабақ беретін Мағфуза Мәуленқұлова мен Манзура Назароваларды және басқаларды мақтан тұтамыз,- деп Оңтүстік Қазақстан облыстық газетінің кезекті бір номерінде жазылған көрінеді. Ғ. Сәрсеновке оқушылардың гүл шоқтарын сыйлап тұрған кезде суретті түсірген фотосуретші Х. Ибрагимов деп жазылған. Осындай ғұмыр кешкен Ғалекеңнің Айшасы зейнеткерлікке шыққаннан кейін сал ауруымен ауырып, Юрка деген ұлын алып, Москваға емделуге кетеді. Одан әрі емделу үшін Петроградқа барып тұрып қалады. Ғалиханның қолында қалған екі ұлы Алик пен Валера қайтыс болады. Содан бері Ғалекең өмірін жалғыз өткізуде.
Тағдырға не шара, Кеңестер Одағы тұсында жат ел, жат жер Голландияда жүргенде өзі сүйіп қосылған, дәулетті өмірге қолын жеткізген бәйбішесі Иока мен одан туған Хоратты көруге мемлекет арасындағы темір қақпа мүмкіндік бермесе, енді көруге мүмкіндік болған кезде, 1959 жылы СССР партияның бас секретары Хуанкемен баласы Хорат анасы Иоке мульдерес Ғалиханмен кездесуге келгенде, бірінші жағынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Голландияға ораламын деген жағдайда қатаң жазаланатындығы туралы ескертпесі, екіншіден: жалғыздық пен екі иықтан батпандай болып басқан жұтаң тіршілік өмірі жібермей кездесе алмай намыс кернесе, жолдан дос көңілімен тағдыр қосқан тоқалы Айшаның жарымжан халының әне дұрысталады, міне дұрысталады, әлі-ақ Юрка екеуміз үйге ораламыз деп жылда үміттендіріп келе жатқан мүшкіл жайы үміт пен өкінішке толы өмірде қиналыспен тіршілік етіп, 78-ден асып 80-ге аяқ басқан шағында Шымкент қаласында өмір сүріп жатқан Ғалекең трагедиясы осындай болып, 90-ға қараған шағында өмірден озды. Өткен күндерінен ескерткіш ретінде қалған Иоканың апайы Нидерланды мемлекетінің королевасы болған Виниаминаның фотосуреті сақталған көрінеді.
" Ода любви на войне " деген айдармен жазылған Ғалихан Сарсеновтың өмір жолын іздеп, зерттеуші Гульнара Мендікулованың Франция мемлекетінің архивінен алынған құжатта, Советтер одағының әскери маманы Семей облысының Көкпекті ауданында туып- өскен, әкесі Бияхмет Сарсеновтың Алашорда партиясының көрнекті өкілі болған Ғалихан Сарсеновтың өмір баянын тапқандағы қуанышында жасырмапты. Архивтік құжатта Ғалиханның жау авиациясымен айқасатын ұшқыр самалеттерде ұшатын ұшқыштар даярлайтын Тамбов авиомектебін бітіргендігін жазыпты.
Соғыс басталған жылдардан кейінгі өмірі Голландия мемлекетінде жалғасқандығы туралы. Сол мемлекетте жүргенде Утрехт қаласында Голландияның бұрынғы Королінің ортаншы қызы принцессе Иоке Мульдерсамен үйленгенін, сол әйелінің Ғалиханнан Хорат деген ұл тапқанын, Ғалихан еліне кетіп Кеңестер Одағы тұсында жат ел жат жер Голландияда жүргенде өзі сүйіп қосылған, дәулетті өмірге қолын жеткізген бәйбішесі Иока Мульдерес пен одан туған Хоратты көруге мемлекет арасындағы темір қақпа мүмкіндік бермесе, енді мүмкіндік болған кезде 1959 жылы СССР-ға партияның бас секретары Хуанкемен ілесіп келген Иоке Мульдерес пен баласы Хорат Ғалиханмен кездесуге келгенде, кездесудің сәті түспегенін жазыпты.
Міне осының барлығы мақалада жазылғандарды бекітіп, үндесіп тұрғандай.
29