¹ 1-2( 16) 2017
жағынан алғанда өте ауыр еңбекті керек ететін жұмыс болды. Осы тұстағы басқыншылар режиміне қарсы тұратын барлаушылыққа қатыспай аман қалғаным ол да көңілге қонарлық жай еді. Оған қарағанда, баспаханада жұмыс істеп, әріп теруді қиындық деп санауға да болмайды.
Бір жарым ай жұмыс істей келе қызметтес адамдармен таныса бастадым. Бізбен бірге жұмыс істейтін аға журналистің негізгі мамандығы медицина ғылымының докторы, осы жердегі ең бай аталатын индонезиялық халықтың 140 мыңнан аса халқын аузына қаратқан бірінен кейін бірі 300 жыл басқарып келген патша әулетінің тұқымынан шыққан адам екен.
Енді осы қыздың маған кездескен сайын шексіз құмарлана қарауы, оның үстіне сұлулығы мен сымбаттылығы, сүмбіл шашы мен алма мойыны, ұзын кірпіктері арасынан маған мөлдіреп қараған көзі, нәзік белі мен пісте мұрыны, бал шырынды сөзі мен ақ қағаздай кіршіксіз аққұба жүзі, кең маңдайы мен сымбатты тал шыбықтай бойы, жібек мінезі бар ақ сұңқардың ойда жоқта жан- жағымнан аумен тартқандай тоқтатпай өзіне еріксіз баурап әкеткен еді,- дейді Ғалекең.
Табиғатында байдан гөрі кедей, жарлыжақыбайларға жақсы қарап, қамқорлық жасайтын адам көрінеді. Қала халқының басым көпшілігіне өзіне қарасты қызметкерлері арқылы азық- түлік, товар таратып беріп тұрады екен.
Жоғарыдағы айтылған қыздың жүрек жылуынан ор ын алған көңіл ер іксізден ос ы қаланың орталығындағы екі тәжілі 26 пәтерлік лағыл тастан салынған үйінде тұруға тура келді. Бұл үй дем алу мен қонақ қабылдауға арналған үй көрінеді. Амстердамдағы қызмет орны да электр поезімен төрт жарым сағат жүріп баратын үлкен қызмет сарайы ретінде салынған( Елисейский дворец) ғимарат екен. Бұл ғимарат теңіздің арғы жағ алауынан келетін елдердің де өкілдер ін қабылдайтын көрінеді.
Осы үйде бірге тұра келе Голландияның бұрынғы королінің қызы принцесса Иока Мульдерсамен үйленетін болып келісіп, күйеу бала болуға тура келді. Бір айта кетер жайт күйеу жігіт болуға ата- анасының ризашылығын алып қызбен келіскенімде, олардың діни сенімдері бойынша қосылатын екі адамның сүйіспеншілігі тұрақталып, толық бекігенше қызға тиіс уге бол майтын көрінеді. Егер бұл шарттары бұзылған жағдайда, оның үстіне басқа елдің азаматына кететін қыз Алланың кәріне ұшырап, ажал ажыратады деген діни сенімге саяды екен. Сөйтіп, осы қосылатын қызыммен 1943- жылы Рим папасы басқаратын шіркеулік ұйымға барып некемізді қиғанша бірге тұрдық та, 1943- жылы 2- қаңтарда некеміз қиылып, Иока екуміз сол күннен бастап үйлі- баранды болдық. Католиктік дін ұстаушы адамның ұйғарымы бойынша менің әйелім Иока сол күні мұсылмандық дінді қабылдады да, сол күннен бастап бірге тұрдық. 1944-жылы Варшаваны азат еткен күні менің ұлым Хорат дүниеге келді. 1944- жылы 2- сәуірде неміс- фашист басқыншыларынан Голландия мемлекеті азат етілді. Рим папасының хабарлауы бойынша бұрынғы Голландияның королі жүрек параличінен қайтыс болады.
1945- жылы 15- сәуірде Иоканың апайы Виниамина Нидерландының королі болады( коронованная Папой Римским в г. Риме).
Өз өмірімдегі көрген қызығым мен қамсыз уақытым осы болса да, туған жерге оралу еш ойдан шықпады. Өз елімдегі ауыр тұрмысты сезе тұрсам да, өзім сүйіп қосылған жарымды алып кеткім келді. Сол
Òàðèõ
мақсатта туыстарынан рұхсат сұрадым. Туған- туыстары Иоканы басқа елдің азаматшасы болып кетуіне келісім бермейтіндігін, өз басымның елге оралуыма қарсы емес екендіктерін мүмкіндік болған жағдайда жанұяма қайта оралуымды қалайтындықтарын жасырмай ортаға салды.
Жанұямызбен бірге өткізіп жатқан және жақсы өмірімізді де тастап кету оңайға соққан жоқ. Бірақ та шеттегі ешқандай жақсы өмір туған жерді алмастыра алмайтындығына ешқандай шек келтіруге болмайтындығына көзім анық жетті.
Сонымен туыстарымның өз басыма елге оралуға қарсылығы болмағандықтан, сол жердің жергілікті жерінің Орталық Коммунистік партиясынан, корольдықтан, " Правда " газетінің редакторынан, жергілікті жердегі неміс- фашист басқыншыларына қарсы күресуші ұйымның орталығынан елге оралуға рұқсат етілген құжаттар алып, 1945-жылы 18-тамызда Кеңестер елінің зонасынан өтерде шет елден өз еліме оралғандығым үшін түрмеге алындым. Елге әкеле жатқан Голландия ақшасының құнымен есептегенде 2 миллион гулденнің мүлкі түгелдей тәркіленді. Жоғарыдағы берілген рұқсат құжаттарды ұсынудың нәтижесінде өз басымды түрмеден әзер босатты. " Байтал түгіл бас қайғы " дегендей дүниені қойып, басымды зорға сауғаладым.
Елге оралғанша біраз уақыт Польша мемлекетінде тұруға тура келді. Осы мемлекетте жүрген кезімде өзіммен бірге әскер қатарында болған ұшқышты кездестіріп, туысымды осы арадан тапқандай болдым.
Осы кездесуімізден кейін жолдасымның ақылы бойынша үйге келіп-кетіп араласып жүрдім. Досымнан басымнан өткен оқиғаны да жасырғам жоқ. Кей күндері ұзақ та сырласып отыратын күндеріміз болды. Сол бір сырласуда жолдасым Голландиядан күдеріңді үз. Өз басың аман- есен болып, еліңді тапсаң үлкен олжа болар деген ойын да жасырмай айтып жүрді. Елге рұқсат алып жүріп кету сәті де тез арада түсе қоймады.
Сөйтіп, біраз уақыт өткен соң, менің салт жүрген өміріме жаны ашыды ма екен, кім білсін, тағы да бір күні бас қосып әңгімелесіп отырғанымызда: " Біз қанды қырғын соғыста бүкіл жолдастарымыз өліп, оның ішінде екеуміз ажал аузынан қалған бақытты жандармыз деп санаймын. Сол сұрапыл ауыр күндерде сүйегіміз шашылып, бұл өмірді көру үміті де болмайтын сәттерді де бастан кешірдік, ол өзімен кетсін, ендігі өмірдің жақсы өтуін де естен шығармаған жөн. Мына сенің осы жалғыз жүріп жатқан өмірің де менің жаныма қатты батады. Сен жалғыз жүрмей тұрмыс құруың керек, осы арадан қалайда жалғыз кетпей үйленіп кетудің қамын ойлағаның жөн ", деді. Енді тағы бір үйіне келіп әңгімелесіп отырғанда " немене әлі жалғыз тұрып жатырсың ба, жоқ әлде бір өзіңе серік болар адам таптың ба?"- деп сұрағанда, мен: " Бұл арада кімді танимын, салт атты, сабау қамшылы жалғыз адамға кім қызын бере қояды ",- дедім. Осы сөзден кейін жолдасым көп ойланыңқырап отырып: " Оның да рас, бірақ осы әңгімені бастаған өзім едім, алайда, мен өз ортаммен тон пішкен екем, оны да мойындаған жөн. Мен осы әңгімені өзім бастап өз сөзімді өзім жұтып, сені еліңнен жырақ жүргенде мазақтағандай болмайын, менің қазір тұрмыс құрмаған 5 қарындасым бар, бірақ біздің салтымызда қыз баланы жасына қарай тұрмысқа шығуға байланысты шаруаларды үйретіп дайындайды. Үй болудың қам-қарекетін, жолдасымен қарым- қатынаста болуды біледі деген кезде тұрмыс құруына рұқсат береді. Осы бесеуінің үшеуін тұрмыс құруына болады деп отырмыз, төртіншісі де осы салтымызға байланысты тәрбие көруде, ал бесінші кенже қызды тұрмыс құрамын десе де бермейміз.
28