EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 29

Òàðèõ басып қаламын деген саусағым қарысып қалыпты. Маядан шығарда жан-жағыма қарасам жаңа шығып келе жатқан күннің шапағына бөленген бойы екі метрге жуық егістік, таңғажайып таза ауасы мұрынды жаратын кең дала алқабы көздің жауын алады. Қаншама сауысқандай сақтықпен қарасам да лезде кенеттен кірпік қағып, көзді ашып- жұмғанша екі иығымнан баса қалған зіл батпан алақанның салмағын сезгенде, қолымдағы наганның аузын қайда бағыттарымды білмей, қалшиып қатып қалып, қақпанға түскен түлкідей болғанымды бірақ сезіндім. Еңгезердей, екі метр бойы бар, кең иықты адамның шеңгелінде тұрсам да маған жылы шыраймен күлімсірей қараған пішіні мені қысылтып, тынышсыздандырғандай сезіндірді, бірақ біраздан кейін мен де өзіме- өзім келіп, денем үйір бола бастады. Әлгі иығымнан басып тұрған еңгезердей адам бұрылып жүзбе -жүз келгенде, күлімсіреп, менің басымдағы фуражканы алып, маған маңдайындағы қызыл жұлдызын көрсетіп, өзінің киіп жүрген былғары плащының өңірін ашып, кителінің жағасына тағылған самолет белгісін көрсетіп, шаттаныңқырап күліп, менің иығымнан екі рет қағып "гуд" дегенде кісен бұғаудан босағандай, жаным жадырай бастады. Енді м аған таза неміс тілінде сөйлеп, ыммен айтып та түсіндіріп жатыр. Мен оны былай да ұғып тұрмын. Ол осы араның жергілікті шаруа адамы екенін, салынған маялар мен егістік жер де осылардікі екенін айтып түсіндіріп жатыр. Осыдан кейін мені тұрған жерімізден онша алыс емес жуық жерде салынған он шақты үйге алып келді. Осы үйлерге алып келе жатқан бетте абайсызда әлде нендей қауіптер күтіп тұр ма екен деген ойлар да естен шықпайды. Үйлердің барлығы да черепицамен жабылған, өте таза, тып - тыныш жатқан ел сияқты көрінді. Осы салынған үйлердің екінші үйіне тақай бергенде екі бүлдіршіндей қыз бен әйел алдымыздан шықты.Үйдің жанына келгенде егде тартқан бүкірлеу кемпірдің балаларын қарсы алғандағы күлкісі ұлының күлкісінің пішініне ұқсағандай болды. Үйіне кіріп жайғасқаннан кейін маған жарты литрлік кружкамен бір кружка қою сүт алып келіп ұсынды, оны ішіп алдым. Ендігі жердегі бұларға деген қорқыныш сезім мен шүбәлануым тарағандай болды.Менің айналамдағының барлығы да жылы шырай көрсетіп, күліп, іштеріне тарта бастады. Менің киіп отырған формамды көрсетіп, қолымен аспанды нұсқап, біздің өткен түнде немістерді бомбалағанымызды, соған байланысты немістердің кегін алу мақсатында біздің самолеттерді атып түсіргендегі әрекетімізді, аңдаусыздағы оқиғалардың барлығын көріп, түнде түстеріне кіргендерін жырдай етіп айтып берді. Осы әңгіме соңынан түскі тағам да дайын болды. Түскі тағам үш түрлі ас түрінен ( блюдодан) жасалыпты, бірінші ірі қара етінен жасалған сорпа (бульон), екінші пісіріп езген картопқа (пюресі) пісірілген ет,сәбіз, капуста, сарымсақ салынған, үшінші пудинг ( ұн немесе күрішке жұмыртқа қосқан, арахис, жүзім араластырылған тағам). Неге екенін кім білсін, бірінші берген тағамдарында нан болмады. Бір сағаттан кейін ақ таблетка қосылған кофе (тегі таблетка қант орнына салынған болар ), бутерброд, сыр мен жұқа тілінген нан қойылды. Тағам ішіп болғаннан кейін ауылдағы 60-қа жуық еркек, әйел, бала- шағаны жинап алып келіп, менің қалай аман қалғандығымды айтып түсіндіріп жатыр. Мен де немістермен жүргізген айқастарымды, сонда көрсетілген ерліктермен қатар әлі де тойтарыс алатындығын айтқанымда, барлығы да жылы шырай көрсетіп күліп, өздері неміс басқыншыларының зұлымдығын айтып, көршілес жатқан елдер Францияға, Данияға, Нидерландыға, Бельгияға және Италия мен ¹ 1-2 (16) 2017 Испанияға маза бермей отырған арам ниеттерін айтып түсіндіріп жатыр. Екі күннен кейін жұпыны киінген, басында шляпасы бар, велосипедке мінген екі азамат келді.Олар маған өздерін Голландия коммунистік партиясының өкілдері екенін, "W urchet" немесе "Правда" газетінен екендіктерін айтып таныстырды. Олар менің қолыма "Ансванс" немесе жалған паспорт пен куәлік берді. Абайлап қарасам мені қабылдаған үй қожасы Утрект қаласына барып, тиісті орындарға хабарлап, біздің жағдайымыз туралы егжей- тегжейлі айтқан сияқты. Біздің Нидерланд маңындағы ұрыстарымызбен де хабардар екені белгілі болды. Ең бастысы біз Нидерланд король дығын неміс - фашист басқыншыларынан азат ету мен бостандық әперу жолындағы күрескерлер екенімізге де толық көздері жеткендіктен де, қамқорлыққа алуының басты себебі де осы деп ұғынған жөн, егер жау деп қарағанда жағдайдың да басқаша болатыны сөзсіз еді. Нидерланд Коммунистік партиясының 1919 -жылдың 17-қарашасында құрылып, НКП 1919-жылы Комммунистік Интернационалға кіргендігін, ІІ дүние жүзілік соғыста Нидерланд мемлекетінің бейт араптық жариялағанына қарамастан, 1940- жылы екі жүзділікпен шабуыл жасап, басып алғандығын, Корольдық Үкіметтің Ұлыбританияға эмиграцияға кетіп, НКП астыртын жұмысқа көшіп, қарсыласу қозғалысын ұйымдастырғаны туралы, эмиграциядағы үкіметтің тұңғыш рет КСРО-мен дипломатиялық қарым -қатынас орнатқандығы жайында да хабардар болдым. Менің қожайынымның барып қайтқан Утрект қаласы Амстердам мен дүние жүзіндегі ең ірі порт орналасқан Роттерд қаласынан кейінгі үшінші қала екен. Утрект қаласында тегінде Нидерландының королі тұрып, неміс - фашист басқыншылары опасыздықпен соғыс ашқан жылдары корольдің әскерлері он күн бойына соғысып, немістің тегеурінді техникасына төзе алмай, король осы ұрыста уланған оқтан бір қолынан айырылып, өз самолетімен Англияға ұшып кеткен көрінеді. Міне, осындай тарихы бар қалаға апару үшін маған Утрект қаласының тұрғыны, индонезиялық Хасен- Али деген құжат даярлап берді. Құжатпен қоса мініп жүруіме арнайы велосипед берді. Велосипедке мінгізіп көріп, меңгеріп жүре алатындығымды көргенде таңқалғандары бар емес пе! Сөйтіп, 1942 - жылы 17- қарашада күндізгі сағат 4- те мені іздеп келген кісілермен өзіме берілген велосипедіммен бірге ілесіп жүріп кеттім. Ілесіп келе жатқанда солармен бейнебір тегіннен бірге жүрген адамдардай жүріп келемін. Біз жолға шығарда жерде қар да жоқ, күн 220-қа дейін жылы болды. Жолға шығар алдында, маған костюм кигізіп, бетімді өзгертіп бояп, басыма шляпа, көзіме қара көзілдірік кигізіп, индонезиялық азаматқа нұсқамды келтіріп, өздерінің күтушісі ретінде ертіп келеді. Бір - екі жерде немістердің қарауыл постыларынан өткенде, маған берілген фотосурет басылған куәлігімді көрсетіп отырдым. Сәтті боялғаны сонша, ешқайсысы шүбә келтірмеді. Сөйтіп, кешкі сағат 6-да Реимстан электричкаға отырып бет алған үлкен қаламызға да келіп жеттік. Кешкі сағат 8-де маған қолайлы екі бөлмелі үй берді. Осы берілген үйге жайланып орналасып болғаннан кейін, осы қаланың тұрғыны болдым да кеттім. Осыдан кейін мені бірден Қызыл Крест қоғамының есебіне алып киіммен, тамақпен қамтамасыз етіп тұрды. Құпия жұмыстар жөніндегі іс атқаратын журналист атымен редакцияның 6-7 метр тереңдікте орналасқан баспаханасында неміс тілінде әріп тергіш қызметіне орналасып та кеттім. Әріп теру жұмысы біріншіден қара маймен, жұмыс істеу қолайсыздау, жиіркеніштілеу болса, екінші 27