¹ 1-2( 16) 2017
тағылған таңбаны алғызу еді. Ол үшін не істеуім керек? Кеңес еліне опасыздықпен шабуыл жасаған қас дұшпан неміс-фашист басқыншылары ашқан сұрапыл соғысқа сұранып, ерікті армия қатарына кету болды. Кеңес елінің бейбіт өмірі мен еңбегіне суық қолын сұққан басқыншыларға қарсы майданға аттануға белді бекем байлап, оның үстіне өзімнің әскери оқуда алған теория жүзіндегі соғысты басқару білімімді, әр түрлі самолеттерде ұшқан кезімдегі әдіс- айлаларымды басқыншылармен соғыста кек алу мақсатында неміс ұшқыштарына қарсы тойтарыс беріп, шайқас ашуға барғым келетіндігін білдіріп, КСРО Қорғаныс министріне бірнеше рет хат жолдадым. Менің көптен күткен хатыма тегіндегі өзім оқыған Тамбов училищесінің бастығы, генерал-полковник Волкан Семенович Гарановтың араласуымен, өз тілегіммен майданға алу туралы арызымды қанағаттандырған қуанышты күнге де қолым жетті. Бұрынғы өзім оқыған Тамбов училищесін бітірген ұшқыштар ретінде Оренбург әскери бөлімі( военный комиссариат) арқылы Ақтөбе қаласының бас аэропортына азаматтық авиацияның ұшқышы ретінде жіберді. Бұл аэропорт Қорғаныс Министріне қарасты даңқы шыққан, ерекше тапсырмаларды атқаратын, жартылай әскери азаматтық ұшақ орны болатын.
Неміс басқыншыларының әуе шабуылына шығатын жойғыш " Мессершмидт ", " Хундерт-7 " самолеттеріне тойтарыс беретін, " М-17 " моторлы, " Р-5 " жойғыш жау авиациясымен айқасатын ұшқыр бомбалау самолеттерінен құрылған топта, кейде жойғыш самолеттер эскадрильясында жұмыс істеді. Бұлар түнді бетке алып ұшып " Ф-1-2 " ракеталарын алып ұшатын құпия самолет орындарын бомбалап, жойып отырған. Бұл жойылған объектілер Голландия мен Франция жағалауларынан 35 км, Голландия мен Англия арасындағы өткелдер мен Паде-Калеге және Францияға 65 км. жердегі, 9 баллға дейін күшті теңіз дауылы көтеріліп, кәрлене, өршелене тасып жатқан кезде, балықшы кемелері мен ірі тоннажды кемелерді су түбіне әкетіп жататын Ла-Манш бұғазының солтүстік жағалары еді. Ғалихан " Р-5 " самолетін басқарып ұшуды төтенше меңгерген, дыбыс үнін бәсеңдетіп түнде де, күндіз де ұша алатын мейлінше бейім ұшқыш ретінде де, штурман да, бортрадист те, өз өсінен 3600-қа айналатын пулеметте де, жойғыш жау әскерінің самолеттеріне тойтарыс беретін атқыш та болып істеген. Самолетпен ұшуда екінші пилоттың правосы бар, 260 рет ұшқаннан кейін капитан атағы дәрежесіне көтеріледі. Кезекті бомбалау барысында Англия мемлекетіне қарсы қойылған жау жағының 9 ракетасын жойып жібереді. Оның есесіне Англия мемлекетінен оқ-дәрі, дәрі-дәрмек алып, қайтар жолында немістердің жергілікті жерді бомбалайтын " Юнкерс-88" самолеттерінен, сүңгуір қайықтардың шабуылынан қорғау мақсатында Англия жағалауларымен Дубр қаласы және Падекале Бұғазына дейін қарсы шабуылдан құтқару мақсатында шығарып салып отыратын көрінеді.
1942- жылғы 15- қарашада үш самолеттер звеносымен шыққан кезекті әуе шабуылында Емдскідегі, Голландияның жарты аралы тұсындағы немістердің әскери объектілерін түнгі бомбалау барысында, бомбалаушы самолеттерге қарсы түнгі сағат үш жарымда әуе шабуылына бағытталған күшті жарық шашатын прожекторлардың қуалай түсірген жарығымен шағылыстыра отырып, жерден 3-4 миллиметрлік батареяның стволдары арқылы атқылаған жау зеңбіректерінің оқтары бастаушы екі самолетті жойып жібереді. Ғалихан басқарып ұшып келе жатқан самолеттің батарея-зеңбірек оғы құйрық жағындағы қанатын тесіп
Òàðèõ
өтіп, көптеген тетіктерін істен шығарып, самолетті басқару тетігінен айырады. Алдыңғы қанаттарының көмегімен әзер теңселіп, ілбіп ұшып келе жатқан, әрі қарай ұшуға мүмкіндігі болмағандықтан, 4 сағаттан кейін бақылаушы-ұшқыштың нұсқауымен самолетті қондырады да, опыр-топыр болып тік келген құлама кезеңнің беткейіндегі жартастың үстіне түсіп самолет екіге қақ бөлініп қалады. Зенит артиллериясының оғынан бортрадист пен бортмеханик сол жерде дүние салады. Атқыш Юрий Степанов үш жерден оқ тиген ауыр жаралы күйінде түседі. Жарасы асқынғандықтан екі сағаттан кейін қайтыс болады, ұшқыш-штурман екеуі оны да жерлейді. Марқұм жеті бомбамен жаудың ротаға жуық күзетшілерін, 7 самолетін, " СР-1 ", " СР-2 " боеголовкалы ракетасы сақталған 9 қоймасын жойып жіберген нағыз батыр москвалық азамат еді. Көзі тірі болса Кеңестер Одағының Батыры атағына лайық нағыз ерлердің бірі болар еді,- дейді Ғалекең.
Самолет жарылып, майдандас достарымызбен мәңгілік қоштасып, борша- боршамыз шығып, тілім- тілім болып немістердің қолына түспеу мақсатында Нидерланды еліне қашып келе жатқанда, қасымдағы досым абайсызда сымтемір қоршаудағы темір торға оралып, жан дауысы шығып, жан тәсілім береді. Сөйтсем, қоршаудың өн бойына электр тоғы жүргізілген екен. Ақыры, майдандас досым штурманнан да осылай айырылып, не көмек жасауға келмей, не қолдан қойып топырақ салу рәсіміне де келмей дүниеден өтті. Тағдырға не шара, нені болса да көреді екенсің де көнеді екенсің,- дейді Ғалекең.- Тағы қай жерде, қандай ажал күтіп тұр екен деген ойда мұң, жүректе сыз, тартылған тор бойын жағалап, оңтүстікті бетке алып жүріп келемін. Кешкі сағат 7 кезінде тордың ар жағында үйілген мая көрінді. Тұтқынға түсіп қалмау мақсатында сол көрініп тұрған маяға барып жатып демалып, келесі күнгі жүріске күш жинап алу туралы алдамшы ой пайда болды. Көп ойланып тұрмай, кешкі сағат 9 кезінде, ымырт үйіріліп, қас қарайған мезгілде, тордың тартылған астын қырып, 1-2 метрге дейін қазып көрсем бір жақ бұрышында дөңгелек мыс қорапты мина көрінді. Енді екінші жағын қазғанда да осындай мина шықты. Екеуін де алып қазылған шұңқырдың жанына қойдым. Мөлшері тартылған сымның өн бойына осындай миналар көмілгендігі байқалады. Ендігі жерде тартылған сым денеге тимейтіндей болған қауіпсіз жағдайға келгенде, қазған шұңқырды сағалап еңбектеп өтіп, жер бауырлай жылжып, әбден шаршап қалжыраған бетте сабан маяны тереңірек үңгіп барып, жатып қалсам ұйықтап қалыппын. Бір уақытта алыстан естілген қораз дауысты дыбыстан оянып кетіп ойлансам, үш самолеттің экипажынан қалай жалғыз қалғандығыма таң- тамаша болып, тіпті өз ойыма күмән келтіргендей де болдым. Ұйықтап жатқанда түсімде Семейде оқу оқып жүрген оқушы кезімде Семейден Аякөз станциясы арқылы Тарбағатайды басып Қызылтас бойындағы бір қазақ ауылына келіп қонып, қуырдаққа тойып жатқанымызда жанымыздағы екі москвалық орыс жігіттері үй ішіндегі бүргеге шыдай алмай бұлғын ішіктеріне оранып алып, суықта түнімен далада міңгірлеп өлең айтып, таулы даланың өте қатал қысының аязына шыдай алмай бейберекеті кетіп, жол өкінішіне қалғандығы бар болатын. Сол оқиға түсіме енгенде, әй, осы менің тағдырым да әлдеқалай болар екен?- деп, көкіректе шер, жүрек қобалжып, фашистердің қолынан қаза табамын ба екен, болмаса тұтқынға алынып азап тартар ма екем?- деген ой мазалай берді. Осындай ойлар мазалады не, мазаламады не, бас қорғайтын жалғыз серік қолымдағы наганнан басқа дәнеңе жоқ. Түнімен қолымды наганның шаппа механизмінен саусағымды да босатпай ұстап жаттым. Таңертең маядан шығып кез келген қауіпті жағдайда наганның ілгек шаппасын
26