EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 27

Òàðèõ
¹ 1-2 ( 16 ) 2017
Мақала көпшілікке бұған дейін белгісіз болған , Екінші Дүние жүзілік соғыстың қаһарманы , ағартушы қайраткер Ғалихан Сарсеновтің өмірі мен қызметі , тауқыметті тағдыры туралы баяндайды .
Статья повествует о нелегкой судье , жизни и деятельности Галихана Сарсенова , ранее не известного широкоq аудитории герое Второй мировой войны , общественном деятеля-просветителе .
The article tells about the fate , life and work of the Galikhan Sarsenov hero of the Second World War , social activist and educator , not previously known to a wide audience
ТӨЛЕУҒАЗЫ НҰРҒАЛИҰЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы , Тарбағатай ауданының " Құрметті азаматы ", Еңбек ардагері , дербес зейнеткер

ОСЫ ЖҰРТ ҒАЛИХАНДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН ?

Тағдыры күрделі өткен тарихи жолы бұралаң қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сонау патша заманында аянбай күрес жүргізген , өзінің саналы қысқа ғұмырын қазақ ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы қасиетті қызыметке бағыттаған Бияхмет Сәрсенов Орынбор қаласында соғыс комиссариатында саяси білім беретін бөлім жұмысын басқарып , соңынан халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысы мен оқу комиссариатына ауысып , комиссариат коллегиясының мүшесі , әлеуметтік тәрбие бөлімінің бастығы , мектеп бөлімінің меңгерушісі сияқты жоғары лауазымда қызмет ете жүріп ,
Орынбор мұғалімдер курсында студенттерге лекция оқып , ұстаздық етті . Ол осы уақыттарда Ахмет Байтұрсыновтың серіктес , мұраттас жақсы інілерінің бірі бола жүріп , Республикадағы оқу ағарту ісінің іскер ұйымдастырушысы белгілі қайраткері ретінде жұртшылыққа кеңінен танылып , зиялы қауым мен қарапайым халық арасында зор беделге ие болды . Ол туралы орыс зиялысы Авдеев : Бияхмет Сәрсенов қазақтың алғашқы кеңестік мектептерімен әр түрлі қысқа мерзімді курстарды ашуға , мектеп -интернат үйлерін салуға , жабдықтауға орасан зор еңбек етті , тіпті , қазақ өлкесіндегі алғашқы әскери оқу орындарын ашып , жабдықтауға да , оның қажымас күш - жігері , іскерлігі керек болды - деп жазды . Ал ақын Сұлтанмахмут Торайғыров " Таныстыру " деген поэмасында : " ..... Халел мен Әлімханды ай деп айтсақ Шолпандыққа жарайды ай қасында .." - деп Жүсіпбек Аймауытов : " Бияш өте досшыл , жолдасшыл , жалғыз қалуға жарайтын , жанын қиюға шыдайтын ер еді . Еш нәрседен тауы шағылып , тез қайтпайтын , қажымайтын , қуаңқы , пысық еді . Бияш қысқаша айтқанда , алмас қылыштай , қырағы қаршығадай жігіт еді " - деп жазған Бияхмет Сәрсеновтың жалғыз ұлы , Ғалихан Бияхметұлы Сәрсенов өмірбаяны бойынша 1918 -жылдың 17- шілдесінде күндізгі сағат 12-де Семей облысына қарасты Көкпекті ауылы болыстық басқармасы бастығының жанұясында дүниеге келген . Әкесі сол кезде Семейдегі семинарияны бітіріп келген орыс тілі маманы болған .
Ғалихан : " Әкемнің дүниеден өтер алдында есімде қалғаны мені жалғыз ұлы болғандықтан ба екен өте жақсы көретіндігін , туыстарына мені қамқорлықтарына алып , оқытып , еңбекке үйретуге тәрбиелеуді , келешекте білімді де , білікті адам болып шығып , халқына пайда әкелетіндей қызмет етуге көмек жасауды тапсырып кеткені кішкене бала болсам да әлі есімде тұрады ", - деп айтады . Алайда , менің өмір жолым оңай болып шықпады . Өмір жолым өте күрделі , 1925- жылдан бастап Ұлы Отан соғысы аяқталған 1945 -жылдары аралығы мен үшін азапты жылдар болды . Бірақ , осы жылдар арасында ұшқыштар дайындайтын Тамбов училищесінде оқыған 1937 -39 - жылдар арасындағы үш жылды ойыма түсірсем , теориялық жағынан алған " өте жақсымен " бағаланған үлгерімдерім , " У- 2 " типті ,
" УТ - 1- 2 " самолеті , атақты жеңіл ұшып бомбалайтын барлаушы " У-5 " самолеті , жойғыш " МИГ-3 ", " И-16 ", " Лавочкин " және " Туполев " самолеттерінде ұшып самғаған күндерім есіме түскенде , жастық шағымның шаттық күндері де ойға оралады . Тамбов ұшақ училищесін бітірерде менің қуанышым су сепкендей болды . Өзіміздің қандас Семейлік қазақ ағайындарымыздың мені алашорда тұқымының баласы деп жеткізген хабарының салдарынан басқаны былай қойғанда , азаматтық авиацияға да жібермеді . Дипломымды да бермеді . Бұл училищеден тауым шағылғаннан кейін Каз КИЖ-дің журналистика факультетіне түсіп , ақырғы курсын енді бітіремін деп тұрған жылымда , тағы да жеткізілген сөз тасушылардың хабарымен мойындағы қорлық таңбасының әлі де алынбауынан оқудан шығарып тастады .
Суға кеткен тал қармайды дегендей , амалым таусылып , не істерімді білмей жүргенде , осы тұста жарияланған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша жоғарғы оқу орындарындағы басқа да жат бағытты болып келгендердің де балалары оқуларын одан әрі жалғастыруға болады дегенді бетке ұстап бір жылдық мұғалімдер даярлайтын институтты бітіріп алуға әрең қолым жетті . Оны бітірген соң Семей облысы Жарма ауданына қарасты Ақжал кенішінде тарих және жағрапия пәнінен беретін мұғалім болып жұмыс істедім .
Алайда , менің көкейімді тескен арман- ол мойнымдағы
25